Қоғамның рухани өмірі


Скачать/Жүктеу

Рухани өмір – қоғмның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық-психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.

Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады:

а) тиісті рухани құндылықтарды өндіру мен тұтынуға бағытталған адамдардың рухани қажеттіліктері;

б) рухани құндылықтар;

в) рухани қызмет;

г) тұтас рухани өндіріс жүйесі;

д) рухани тұтыну;

е) рухани қатынастар.

Рухани қызмет рухани өмірдің негізін құрайды. Оны сананың қызметі ретінде қарастыруға болады, оның барысында адамдардың табиғи және әлеуметтік құбылыстар жөнінде бір ойлары мен сезімдері, ұғымдары мен түсініктері қалыптасады. Мұндай қызметтін нәтижесі ретінде адамдардың дүние туралы белгілі бір көзқарастарын, ғылыми идеялары мен теорияларын, моральдық, эстетикалық және діни ой-пікірлерді қарастыруға болады. Бұлардың бәрі тиісті моральдық принциптер мен мінез-құлық номаларында, халықтық және кәсіби өнер туындыларында, діни жол-жора, салт-дәтүрлерде және т.б. көрініс табады. Рухани қызметтің нәтижесінде тиісті рухани игіліктер немесе құндылықтар қалыптасады. Рухани құндылықтарға адамдардың кез келген көзқарастарын, ғылыми идеяларды, гипотезалар мен теорияларды, көркем туындыларын, моральдық және діни сананы, адамдардың рухани қарым-қатынасын дәне сананың негізінде қалыптасатын моральдық-психологиялық жағдайды жатқызамыз. Рухани құндылықтарды тарату, тұтынушыға дейін жеткізу рухани қызметтің ерекше бір түрі болып саналады. Бұл, олардың сауаттылығы мен рухани мәдениетін арттырудағы өте маңызды әрекет. Осыған байланысты қоғамдағы білім беру мен тәрбие мәселесі, ғылым және мәдениет мекемелерінің қызмет етуі дұрыс жолға қойылу керек. Сонда ғана адамдардың рухани дүниесі дұрыс қалыптасып, қоғамның рухани өмірі бай мазмұнға ие болады. Адамдарды рухани қызметпен айналысуға итермелейтін негізгі күш – рухани қажеттіліктер. Соңғылар, адамды рухани шығармашылықпен айналысуға, рухани қүндылықтарды жасау мен тұтынуға, рухани қарым-қатынасқа бағыттайды, соған жол ашады. Рухани құндылықтар мазмұны жағынан объективті болып табылады. Өйткені олар өмірдің өзінен туындайды және адамдардың қоршаған дүниені рухани тұрғыдан игерудегі объективтік қажеттілігін айқындайды. Сонымен бірге, рухани қажеттіліктер формасы жағынан субъективті болып келеді, өйткені, олар адамдардың ішкі дүниесінің, қоғамдық және жекедаралық санасы мен өзіндік санасының көріністері ретінде байқалады. Қоғамның рухани өмірінің келесі маңызды элементі – рухани тұтыну. Сөз рухани игіліктерді тұтыну туралы болмақ. Рухани игіліктерді тұтыну арқылы адамдар өздерінің рухани қажеттілктерін қанағаттандырады. Рухани тұтынудың нәрселері (өнер туындылары, моральдық, діни және т.б. құндылықтар) тиісті қажеттіліктерді туғызады. Сондықтан қоғамның рухани мәдениетінің нәрселері мен көріністерінің көп болуы адамның әр түрлі рухани қажеттіліктерінің қалыптасуының маңызыды алғышарты болып табылады. Рухани тұтыну процессі әр қилы жүзеге асады. Рухани тұтыну белгілі бір деңгейде стихиялы жүруі мүмкін, яғни бұл жағдайда оны ешкім де бағыттамайды және адам өз еркі бойынша рухани құндылықтарды тандайды. Басқа бір жағдайда рухани тұтыну мәдениеті жарнама, массалық мәдениет құралдары арқылы қалыптасуы мүмкін. Бірақ бұған қарамастан, мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі – адамдардың шынайы рухани құндылықтарды тұтыну мәдениетің қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін қоғамның рухани мәдениетін үнемі дамытып, байытып және оны әр бір адамға қызықты, қолы жететіндей ету керек. Рухани құндылықтарды өндіру мен тұтыну рухани қатынастар негізінде жүзеге асады. Рухани қатынастар екі түрлі болуы мүмкін. Біріншіден адамның кез келген рухани құндылықтарға тікелей қатынасы (оларды қабылдау немесе қабылдамау), екіншіден, сол құндылықтар жөнінде адамдарды бір-бірімен рухани қатынастары (өндіру, тарату, тұтыну, қорғау). Рухани қатынас болмай кез келген рухани қызметте жүзеге аса алмайды. Осыдан келіп қоғамдағы келесі рухани қатынастарды атауға болады: танымдық, өнегелілік, эстетикалық, діни, ұстаз бен шәкірт, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы рухани қатынас. Рухани қатынастар қоғамның рухани өмірін басынан аяғына дейін қамтиды. Жоғарыда айтылғандай, адамдардың қоғамдық санасы қоғамның рухани өмірінің басты өзегі болып табылады. Қоғамдық сана дегеніміз – қоғамдық болмысты бейнелейтін сезімдердің, көзқарастардың, идеялар мен теориялардың күрделі жүйесі. Қоғамдық сана қоғамда өмір сүретін жеке адамдар санасының жиынтығы емес, керісінше, күрделі және тұтас рухани жүйе болып табылады. Қоғамдық сана дегенімізде қоғамның белгілі бір тарихи даму сатысына тән көзқарастарды, идеяларды сезімдерді елестетеміз. Қоғамдық сана тарихи процестің рухани жағы бола тұрып бір-бірімен тығыз байланысты екі функция атқарады. Бірінші функциясы – қоғамдық болмысты бейнелеу; екіншісі – қоғамдық болмысқа керісінше белсенді ықпал тигізу. Қоғамдық сана қоғамдық болмысты үстірт бейнелемейді. Қоғамдық санада қоғамдық өмірдің тек қана сыртқы емес, сонымен бірге ішкі жақтары, олардың мәні мен мазмұны бейнеленеді. Қоғамдық сананың әлеуметтік табиғаты бар. Ол адамдардың қоғамдық практикасынан туындайды. Өздерінің бірлескен практикалық қызметі барысында адамдар оларды қоршаған дүние өз мақсаттарына пайдалану үшін ойластырады, таниды. Әр түрлі қоғамдық құбылыстар және олардың қоғамдық санадағы бейнесі – адамдардың практикалық қызметінің екі жағы.

Қоғамдық сананың  салыстырмалы дербестігі бар. Ең алдымен қоғамдық сана қоғамдық болмысты жай ғана бейнелеп қоймайды, керісінше, оны жан-жақты ойластырады, мәнің ашуға тырысады. Сол себепті қоғамдық сана қоғамдық болмыстың дамуынан сәл қалып қояды. Өйткені, қоғамдық процестерді терең тану үшін олар пісіп-жетіліп және өздерін жан-жақты көрсету керек. Бірақ, соған қарамастан қоғамдық сананың қоғамдық болмыстан асып, одан тез дамуы мүмкін. Қоғамдық сана өзінің тарихи дамуында адамдар ойының, ғылымның, өнерді және т.б. жетістіктеріне сүйенеді. Яғни, қоғамдық сананың дамуында сабақтастық бар, оның арқасында қоғамдық өмірдің барлық салаларында жинақталған адамдардың (ұрпақтардың) рухани мұрасы сақталып, дамиды. Мұның бәрі қоғамдық сананың дамуында өзіндік ішкі логикасы, принцпитері мен дәстүрлері бар екендігін көрсетеді. Бұның дәлелі ретінде ғылымның, өнердің, моральдың, діннің, философияның дамуын алып қарастыруға болады.  Қоғамдық сананың салыстырмалы дербестігін оның қоғамдық болмысқа белсенді ықпал тигізуінен де көруге болады. Әр түрлі идеялар, теориялық концепциялар, саяси  тұжырымдамалар, моральдық принциптер, өнер және дін бағыттары қоғамның дамуында прогрессивтік немесе регрессивтік рөл атқарады.

Қоғамдық сана аса күрделі құбылыс болып табылады. Қазіргі әлеуметтік философия қоғамдық сананың құрылымында келесі элементтерді ажыратады;

-  күнделікті және теориялық сана;

-  қоғамдық психология және идеология;

-  қоғамдық сана формалары.

Оларға қысқаша түсінік берейік.

Күнделікті және теориялық сана. Бұл екеуі қоғамдық сананың төменгі және жоғары деңгейі болып табылады. Оларды қоғамдық құбылыстарды, процестерді терең түсіндіруімен ерекшелейміз. Күнделікті сана барлық адамдарға тән. Ол адамдардың күнделікті практикалық қызметі процесінде олардың эмпирикалық тәжірибесі негізінде қалыптасады. Көп жағдайда бұл қоғамдық өмірді стихиялық тұрғыдан бейнелеу болып табылады. Мұнда қоғамдық құбылыстарды жүйелеу мен олардың терең мәнің ашу жоқ. Адамдардың кейбір қоғамдық құбылыстар ғылыми түсінігі болмаған жағдайында сол құбылыстар жөнінде күнделікті сана деңгейінде ой қозғауға мәжбүр болады. Мұндай жағдай адамдар тобы мен жеке адамның өмірінде жиі кездесіп тұрады, өйткені, біз бәрін ғылыми тұрғыдан ойластыра бермейміз.

Адамдардың білімділігі төмен болса, онда олар қоғамдық өмірдің құбылыстары жөнінде көп жағдайда күнделікті сана деңгейінде ойлады. Бірақ білімді адамның өзі де бәрін ғылыми жолмен тани алмайды. Сондықтан күнделікті сананың қызмет ету аясы өте кең.

Теориялық сана күнделікті санаға қарағанда қоғамдық өмірді танығанда қоғамдық құбылыстар мен процестердің мәнің ашуға, олардың объективті даму заңдылықтарын көрсетуге тырысады. Бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өміріне қатысты. Осыған байланысты, ол қоғамдық сананың біршама жоғарғы деңгейі болып табылады. Теориялық сана қоғамдық өмірдің кез келген құбылысына байланысты белгілі бір ғылыми концепция болып саналады. Теориялық сананың субъектісі ретінде барлық адамдарды қарастыра бермейміз. Мұндайларға қоғам дамуының тиісті құбылыстары жөнінде ғылыми тұрыдан ойлай білетін адамдарды, яғни әр түрлі білім саласында қызмет ететін ғылымдарды, мамандарды, теоретиктерді жатқызамыз.Күнделікті және теориялық сана бір-бірімен өте күрделі байланыста болады. Әсіресе күнделікті сананың мазмұны өзгеріп, ол ғылыми көзқарастармен ойларға тола түсті. Бұл сәтте қазіргі күнделікті сананың шамамен бір немесе екі ғасыр болған санадан айырмашылығы жер мен көктей. Қоғамдық сананың екі деңгейі – күнделікті және теориялық – қоғамның дамуы мен адамдардың өмірі мен қызметінде өте маңызды рөл атқарады. Қоғамдық психология және идеология. Бұл екеуі қоғамдық сананың маңызды құрылымдық элементтері. Олар әр түрлі әлеуметтік топтар мен ұлттық-этникалық қауымдықтардың әлеуметтік шыңдықты қатынасын айқындайды. Мұндай қатынас адамдардың қажеттілігінен туындайды. Қоғамдық психологиядағы қоғамдық өмір құбылыстарына деген қатынас адамдардың тек қана қажеттіліктері мен мүдделері арқылы емес, сонымен бірге олардың әр түрлі сезімдері, ырымдары, дәстүрлері, ұмтылыстары, мақсаттары мен мұраттары арқылы көрініс табады. Қоғамдық психология адамдардың олардың қоғамдық болмысына, өмір жағдайларына эмоциялық және интеллектуалдық қатынастарының бірлігі деуге болады. Мұны әлеуметтік топтардың психикалық ерекшеліктерінің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Бұған, мәселен, әлеуметтік-таптық және ұлттық мінез-құлқысында көрініс табады. Қоғамдық психология күнделікті сана сияқты бұқара қауым санасының көрінісі болып табылады. Бұл сәтте, ол массалық сана айналады. Қоғамдық немесе әлеуметтік психологияның бірнеше функцияларын атап көрсетуге болады. Солардың бірі  құндылықтық-бағдардау функциясы. Оның мәні  келесіде. Таптардың, ұлттар мен халықтардың әлеуметтік психологиясы олардың құрамына кіретін адамдардың құндылық бағыт-бағдарын, мінезін қалыптастырады. Келесі функциясы – мотивациялық функциясы. Бұл функциясы адамдар массасын, жеке әлеуметтік топтарды белгілі бір бағытта әрекет етуге итермелейді, яғни олардың қызметінің қозғаушы күші болып саналады. Сондықтан мемлекеттік саясатты топтар мен ұжымдардың қоғамдық психологиясын әр қашанда ескеру қажет. Өйткені, олардың қызметінің әлеуметтік-психологиялық мотивтері бұл  саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік тұғызатын немесе оған кедергі жасайтын шешуші фактор.

Идеология адамдардың әлеуметтік қызметін мотивациялау механизмінде аса маңызды рөл атқарады. Идеологияда қоғамдық психологияда сияқты әр түрлі әлеуметтік топтардың, ең алдымен таптар мен ұлттық қауымдастықтардың объективтік қажеттіліктері мен мүдделері көрініс табады. Бірақ идеологияда мұндай қажеттіліктер мен мүдделер ең жоғарғы, яғни теориялық деңгейде ойластырады. Идеологияның өзі қоғамның әлеуметтік-саяси құрылысын, оның әлеуметтік құрылымын, әр түрлі әлеуметтік күштердің қажеттіліктері мен мүдделерін теориялық тұрғыдан бейнелейтін көзқарастар мен тұжырымдамалардың жүйесі болып табылады. Онда белгілі бір таптардың саяси партиялар мен қозғалыстардың қоғамның сол кездегі саяси жүйесіне, мемлекеттік құрылысына, жеке саяси институттарына қатынасы анық байқалып, айқындалуы мүмкін. Идеологияның теориялық концепция екендігін дәлелдейтін факт оның қоғамның даму процесін ғылыми негізде сипаттауында саяси, құқықтық және т.б. құбылыстардың мәнің олардың даму заңдылықтарын ашуында болып табылады. Бірақ былай әр қашанда бола бермейді. Әлеуметтік субъектілердің идеологиясы толық ғылыми мазмұнға ие болады, егер де олардың мүддесі қоғамның негізгі даму үрдісі мен қоғамдық прогрестін мүдделеріне сай келетін болса. Бұл сәтте олардың мүддесі көпшіліктің мүддесімен үйлеседі. Сондықтан олардың өз мүдделерін жасыруға ешбір қажеттілігі жоқ, керісінше қоғамның даму заңдылықтарын, оның субъективтік және объективтік шарттарының өзара байланысын түсінуге қажеттілік туындайды. Сонда идеологияның қозғаушы күші ретінде әлеуметтік қызығушылық болса, оның танымдық бағыт-бағдары ретінде ақиқатты қарастырамыз. Кез келген идеологияны ғылими деп есептемейміз. Белгілі бір таптың идеологиясында оның шынайы мүдделері жасырылып, кемітілуі мүмкін. Идеология қоғамда саналы түрде қалыптасады. Идеологтар ретінде теоретиктер, ойшылдар, саясаткерлер болып табылады. Сосың қалыптасқан идеологияны тиісті механизмдер арқылы (білім беру және тәрбиелеу жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) көпшіліктің санасына енгізіледі. Сондықтан идеологияның қалыптасуы мен қоғамда кең тарауы басынан аяғына дейін саналы және мақсатқа лайықты болады. Қоғамдағы көпшіліктің мүддесіне сай келетін идеологияның тарауын дұрыс деп білеміз. Бізге мәлім болғандай, кейде идеология шынайы мүдделерге қайшы келіп, көпшіліктің санасына күшпен енгізілуі мүмкін. Көптеген индивидтер мен адамдар тобы адасып, өздерінің қызметінде жалған идеологияны қолданады. Әрине және объективтік жағдайларының ықпалымен, әсіресе қоғамдық психологияның ықпалымен қалыптасады. Сонымен бір идеология қоғамдық психология маңызды ықпал тигізеді. Қоғамдық сана формалары. Әлеуметтік философия қоғамдық сананың келесі формаларын атап көрсетеді: саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық, діни, ғылыми және филоософиялық сана. Әр бір жеке сана қоғамдық өмірдің тиісті жақтарын бейнелейді.

Қоғамдық сананың формалары – болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сананың формалары адамның практикалық іс-әрекеттерінен байқалады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан формалары қоғамның рухани мәдениетінің құрамды билігі болып табылады. Қоғам дамуының алғашқы сатыларында қоғамдық сана жеке формаларға бөлінбеді. Өнер, мораль және дін адамдардың еңбекпен айналысу нәтижесінің белгілі сатысында, таптық қоғам қалыптасқанға дейін болды. Таптық қоғамдағы қоғамдық сананың формалары саясат, хұқ, философия, мораль, өнер, дін болмысын бейнелей отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың формаларының әрқайсысының өз объектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізеді, идеялық саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады. Қоғамдық сананың саяси және праволық формалары қоғамның экономикалық қатынасын саяси және құқылық тілде, ал өнер – көркемдік образдарымен, мораль – адамдардың мінез-құлқының белгілі принциптері мен ережелері түрінде бейнелейді. Қоғамдық сананың формалары қоғамның экономикалық базисімен байланыс жасау сипатына қарай әрқилы болады. Бұлар қоғамның өндірістік қатынастарын тура, тікелей бейнелей отырып, олардың төтелей ықпал жасауымен қалыптасады. Философия мен өнер қоғамның экономикалық негізін жаңаша, бірқатар аралық формалар арқылы ең алдымен саяси идеологияның көріністері арқылы бейнелейді. Қоғамдық сананың формалары тарихи өзгерістерге түсіп, нақтылы дәуірде осы формалардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қолғандарын өзіне бағынышты етеді.

Ру – қаны бір, туыстық байланыстармен топтасқан алғашқы қауым – алғашқы қауымның экономикалық қатынасының барысында қалыптасқан адамдар бірлестігінің түрі. Соңғы зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, рулық бірлестік барлық халықтарға тән емес. Алғашқында Р. аталық және аналық формада (Патриархат, Матриархат) дара бірлестік ретінде емес, әртүрлі қауымда өмір сүрген туыс-тумалардың тобына ұқсады. Р. қауымдардың кіндігі іспеттес, олардың мүшелерін тұтас бір топқа шоғырландырды, үйлену – отбасылық қатынастарды реттеу, бірлесе тәрбиелеу мен балаларды асырау арқылы еңбек пен әлеум. қатынасқа жарамды ұрпақтардың кобеюін қамтамасыз етті. Рулық, қатынастар әдетте қауым мүшелерінің әлеум. байланысының түріне жатты, табыну әрекеттерінде, өндірісте, бөлісуде және т.б. анықтаушы роль атқарды, қауымның салт-дәстүрін басқаруда (қауымның рулық кіндігінің мүшелерінен ру басы мен көсемдерді сайлауда, оларды алмастыруда және т.б.)рулық ерекшелікті сақтады. Р. мен рулық қауымның арақатынасынан рулық құрылысты анықтайтын әлеум. құрылым қалыптасты, мұнда жерге қоғамдық меншік үстемдік етті, мүліктей және әлеум. бөлісу болмады, қоғамдық істерге қатысу ересектерінің хұқықы мен борышы болып табылды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың дамуына байланысты біртіндеп Р-дың саны көбейді, олар фратрияға (бауырластық топтарға) бірікті, фратериядан – тайпалар, ал тайпалардан – тайпалар одағы құрылды. Өндіргіш күштердің прогресі, қауымдар мен отбасылар арасындағы товарлы-ақша қатынастарының дамуы рудың ыдырауына әкеліп соқты. Оның ролі таптық қоғам өмірінде кеміді.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы