Скачать/Жүктеу
Жоспар
1. Мәдениет жайлы философиялық түсiнiк
2. Өркениет ұғымы, оның түрлерi
3. Осы заманғы ғаламдық мәселелерi
1. Қоғам және мәдениет ұғымдарың жиi ұштастырады, бiр мағынада қолданады. Бiрақ бұл дұрыс емес, өйткенi бұлар әр-түрлi екi ұғым болып табылады. Қоғам дамып отыратың тiрi организм ретiнде көпсапалы қатынастарда болатың адамдар жиынтығы болап табылады.
Мәдениет феноменiн көптеген ғылымдар зерттейдi, олардың әрқайсысы мәдениетке әр-түрлi тұрғыдаң өз анықтамасың бередi. Солардың iшiнде эвристикалық мәнi бар анықтамалар келесi:
1. Продуктивтiлiк (өнiмдiлiк), мұнда мәдениет бiрiккен, материалды және рухани өндiрiстiң нәтижесi деп түсiндiрiледi.
2. Креативтiлiк, мұнда мәдениет шығармашылық, жасампаз әрекет ретiнде көрiнедi.
3. Аксиологиялық (құндылықтық), мұнда мәдениет феноменi қоғамға маңызды болатың құндылықтар жиынтығы деп қарастырылады.
Барлық айтылған түсiнiктерге жалпы ортақ негiз, ол мәдениеттi шығармашылық әрекет бағытта қарастыру, оның нәтижесiнде қоғамға құнды өнiмнiн жасалуы болып табылады. Жоғарыда айтылғанның бәрiн синтездей келiп, келесi түйiн жасауға болады: Мәдениет-дегенiмiз iс-әрекеттiң оның нәтижелерiмен бiрге бейiмдi болатың жаңашылдық түрлердiн жиынтығы, олар өз көрiнiсiн адамның күш-қуатының мәнiнде табады. Мәдениет- бүкiл қоғамдық өмiрдi өзгертуге және қайтадан жаңғыртуға мүмкiндiк беретiн үнемi даму үстiнде болатын iс-әрекет, мiнез-құлық және қарым-қатынас жасаудың биологиялық емес бағдарламаларының күрделi жүйесi.
Мәдениеттер типологизациясы, бiрнеше:
1) iс-әрекет мiнезiне және оның нәтижелерiне қарай- материалдық және рухани деп бөлiнедi. Бiрiншiсi өндiрiстi, материалдық игiлiктердi айырбастау және таратуды қамтиды; екiншiсi- өнер туындыларың, бiлiмдi, идеалдарды, идеяларды, мораль және құқық нормаларың т.б. қамтиды.
2) шетел әдебиеттерiнде «мәдениет» ұғымың жиi тар мағынада алып «рухани мәдениет» ұғымына тенестiредi, онда ғылымдар, бiлiм беру, тiл және өнер көлемiне енгiзiп (Кассирерт.б.).
Рухани мәдениет ерекшелiгi, ол ерекше таңбалар және мәндер әлемiн бiлдiретiнде. Бұл мәдениеттiн таңба- символдар жүйесiнде iргелi мәндердi игеру мен түсiну жатыр. Гегелдiң аытуынша субъектiнiң мәдениетке енуiнiң екi өзарабайланысты жақтары бар: жалпыға ортақ тәжiрибе мен бiлiмге көтерiлу және ерекше бiр формада субъективтендiрiлу. Сонда тек бiлiмдi қана емес, сондай-ақ шығармашылық күшi бар, әр-түрлi мәдениеттер контекстiнде жұмыс iстей алатың адам қалыптасады.
3) мәдениеттер дифференциациясы (бөлiнуi) оның субъектiсiне қарай да болады. Мысалы, бұқаралық мәдениет субъектiсi, оның негiзгi бағыты құндылықтар үлгiқалыптарың төмендету және комерциялық табысқа жету, көпшiлiкке немесе әлеуметтiқ қауымдарға тән.
4) мәдениеттi географиялық негiзден де қарастыру орын алады. Мысалы, Батыстық және Шығыс мәдениетi деп бөлу. Л.Гумилев, мұндай бөлiнудiн шартты және абстрактiлi екенiн ашып көрсеттi, Еураазиялық құрылықты (континент) бiрiншi немесе екiншi iргесiнен қарамай, үстiнен қарау қажеттiгiн айтып. Бiрақ, мұндай бөлiнудiн өз пайдасы бар екенiң де ескеру керек, өйткенi оның (географиялық бөлiну) өз дұрыс жақтары бар, әсересе ол субэтникалқ мәдениеттердi талдауда ең аса маңызды мiнездемелерiнде тоқталуға мүмкiндiк бередi.
Мәдениет дамуының негiзгi заңдылығы, бұл- сабақтастық (преемственность) болып табылады. Материалдық мәдениетте ол бiр ұрпақтан келесi ұрпаққа өндiргiш күштердiң (еңбек құралдары, технологиялар, өндiрiстiк тәжiрибе т.б.) және өндiрiстiк қатынастардың (ақша-товар қатынастары, т.б. материалды қатынастардың) элементерiнiң жетуi, осыз материалдық өндiрiстiн жүзеге асуы мүмкiн емес болар едi.
Рухани мәдениетте ондай ккомпоненттердiң тамырлары ғасырлар тарихында жатыр, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, идеалдар т.б. Оларды шауып тастау- дегенiмiз рухани мәдениеттi өз мәнiн үнемi жаңартып отырудаң айыру б.т. Сонымен қатар, мәдениет формаларының сабақтастығы тек ұлттық, таптыққты ғана емес, сонымен қатар жалпы адамдықты да қамтиды. Мысалы, әдеби шығармаларда ашылатың махаббат, әдiлеттiк, өлiм және өмiр т.б. мәселелер және оларға деген қатынас бәрiне де ортақ болып келедi. «Мәдениетке» ұғымы сияқты, «өркениет» ұғымы да әр-түрлi мағынада қолданылады:
1. тұрпайлық пен варварлық кезеңден болатың адамзат дамуының сатысы (Морган, Энгельс);
2. мемлекеттер мен адамзаттың дүниежүзiлiк бiрлестiгi;
3. қоғам мәдениетi;
4 материалды мәдениеттiн даму деңгейi;
5. мәдениет дамуының соңғы кезенi, оның құлдырауы (Шпенглер).
2.Соңғы кезеңдерде, өркениет (лат. civilis- азаматтық) деп парасатты ұйымдасқан, оның барлық көптүрлiгi мен жалпы бiрлiгiнде көрiнетiн, жоғары дамыған қоғамды айтады. Көптеген философтардың өркениетке деген көзқарасы бойынша, өркениет бұл қоғам дамуының тарихында болатың бiр-бiрiн ауыстырып отыратың мәдениеттер және олардың әрқайсысы туу, пайда болудаң, толық сөну сатыларынаң өтедi (Н.Данилевский, К.Леонтьев, О.Шпенглер, А.Тойнби, Фукияма т.б.). Адамзат дамуының бiр неше классификациясы бар:
1) Формациялық- бұл жiктеу қоғамдық экономикалық формация ұғымына негiзделген, ол қоғамның белгiлi бiр тарихи кещенiң бiлдiредi, және белгiлi бiр өндiрiс тәсiлiне негiзделген болады. Өндiрiс тәсiлi- бұл қондырма және базис жиынтығы болып табылады, ал ол өз кезiнде өндiргiш күштер және өндiрiстiк қатынастарға бөлiнедi.
2) Өркениет қоғам дамуының сатысы ретiнде- (Генри Льюис Морган американдық зерттеушi, өмiрiнiң көбiн ирокездер арасында өткiзген) адамзат тарихың бiрнеше кезеңдерге бөлдi, ол жабайы, варварлық және өркениет деп, және бұл кезеңдердiң әрқайсысы төменгi, орташа, жоғары сатыдан өтедi. Сондай-ақ бұл тұғырнаманың негiзiнде технологиялық детерминанта жатыр. Соңғысында өндiрiстiн қалыптасуымен және рухани өндiрiс ауқымының қалыптасуымен ерекшеленедi, оған дiннiң, ғылым, өнердiн дамыған формалары кiредi, олар жазба тiлдiн ашылуымен және кең қолдануымен байланысты болады.
3) Оқшауланған өркениеттер- бұл тұғырнаманың авторлары мен iзбасарлары өркениеттi тiрi организмнiң өмiр сүруiмен салыстыра отырып, биологиялық аналогияларды қолданды. Оқшауланған өркениет деп белгiлi бiр қоғамның дамуының мәдени-тарихи типы айтылады, оның негiзгi ерекшiлiктерi географиялық жағдайлармен айқындалады. Әр тiрi организм сияқты оқшауланған өркениетте өз дамуының белгiлi бiр кезеңдерден өтедi: туу, балалық шақ, кемелденген кезең, кәрiлiк және өлу (сөну). Өкiлдерi: Н.Я.Данилевский, Освальд Шпенглер, Арнольд Тойнби
4) Питирим Сорокиннiң (американдық социолог, аксиология мәселелерiн көтерген) циклдiк тұғырнамасы құндылықтар жүйесiб.т.- қоғам дамуының белгiлi бiр тарихи кезеңiнде басшылыққа алынатың құндылықтар туралы түсiнiктермен байланысты. Осыған орай Сорокин өркениеттiң (супермәдениет) үш түрiн қарастырады: идеационалды, сенситивтi, идеалистiк. Бiрiншiсiнде рухани құндалақтар басым болады әсересе дiни идеология бiрiншi орынға шығады (ортағасырлар), екiншiсiнде- материалды құндалақтар жоғары шығады да метериалистiк көзқарастар басым болады (б.д.д.3-1ғ. антика кезеңi мен 16ғ батыс еуропаны жатқызады), үшiншiсi, идеалистiк супермәдениет- бұл жоғарыда айтылған этаптардың бiр-бiрiне өту кезеңi, және тек бiреуi ғана женiп шығып басшылыққа алынады, материалдық немесе рухани.
Ал ендi, өркениет және мәдениеттi, екi ұғымның мағыналарың төменгiдей топтастыруға мүмкiндiк бар:
1. Мәдениет пен өркениет бiр. Олар синонимдер (И.Гердер, Э.Б.Тэйлор).
2. Өркениет- мәдениеттiң ақыры, оның кәрiлiк шағы, руханилық антиподы (Ж.Ж.Руссо, Ш.Фурье, О,Шпенглер).
3. Өркениет- мәдениеттiң прогресi, болашаққа бой сермелуi, қоғамның парасаттылық деңгейi (Ф.Вольтер, Д.Белл).
4. Өркениет- тағылық пен варварлықтан кейiнгi тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
5. Өркениет- этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттiң оқшау түрi (А.Тойнби, Н.Я.Данилевский).
6. Өркениет мәдениеттiң техникалық даму деңгейi, оның материалдық жағы.
Бұдан көретiнiмiз, мәдениет пен өркениет бiр-бiрiмен байланысты ұғымдар екен. Мәдениет танушы Г.Чайлдтың пiкiрiнше, өркениетке еңбектiң қоғамдық жолымен бөлiнуi, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттiң дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуi, азаматтық қоғам мен мемлекеттiң орнауы жатады.
Бiрақ бұл екi ұғым, өзiндiк мәнге ие болып, әр-қайсының өзiндiк ерекшелiктерi бар екенiң мойындау қажет: мәдениет- жасанды объектiлер жиынтығын (материалды және рухани) бiлдiредi, оны зерттейтiн гуманитарлы ғылымдар: мәдениеттану, философия, этнография, мәдени антропология б.т. Мәдениеттiң ерекшiлiгi- шындық дүниеде, табиғат пен адам әлемiң жанама түрде қарастыру ролi, оның нәтижесiнде үшiншi объективтендiрiлген дүние қалыптасады.
Кейде мәдениет- өркениетке, «тiрi организм»-«механизмге» сияқты қарсы қойылады. Өркениет терминiң бiрiншi болып француз ағартушысы Мирабо 1756 ж. ғылымға енгiздi. Бұл ұғымның қалыптасуы таптық қоғамның пайда болуымен, жинақтау шаруашылығынан өндiрiстiкке өтумен байланысты. Өркениеттiн негiзi- қоғамдық байлық. Өркениеттiлiкке келудi әлеуметтiк негiздердi қалыптастыру, қоғам дамуының әлеуметтiк әулеттiн (потенциал) өсуi деп түсүну керек. Өркениет ұғымың диалектикалық жеке, ерекше және жалпы негiздерiнде қарастыруға болады: француз, жапондық т.б. өркениеттер; немесе еуропалық, африкалық, батыстық, шығыстық өркениет деп; ал қазырғы заманда көптеген өркениеттердiң күрделi интеграциясы байқалады- жалпы бiр дүниежүзiлiк өркениеттiн қалыптасу процессi өтiп жатыр, сонымен қатар оның iшiнде оқшауланған өркениеттерде сақталынып қалады. Және бұл процестi зерттейтiң ғылымдар да толып жатыр, оның iшiнде гуманитарлық ғылымдармен қатар, әлеуметтiк ғылымдар.
Сонымен, егер мәдениет кең ауқымды ұғым болып табылса- адамзат дамуының әр тарихи кезеңдерiне, адам өмiрiнiң барлық салаларына қатысты болса; өркениет адамзат дамуының белгiлi бiр дәрежеге жетуiн, белгiлi бiр тарихи кезеңдермен байланысты қарастырылады.
4.Адамзат жаңа мынжылдыққа аяқ басты. Бұл ғасыр қандай болатыны бiзге, осы заман адамдарына байланысты, әр жеке адамнаң бастап, жалпы бүкiл адамзатқа. Адамзат өз тарихында болмыстың табиғи жағдайларынан тәуелсiз болу үшiн, қоғам әр индивидттiң өзiндiк жұмысына айналуы үшiн, бәрiнеде ортақ гуманизм идеалдарына жету үшiн көп әрекет жасады. Сонымен қатар, адам жасаған ҒТР табиғат пен адам арасындағы үйлесiмдiлiктi бұзып, бүкiл адамзатқа ортақ проблемаларды тудырды. Оның себептерi қазырғы заман қоғам дамуына тән тенденцияларда жатыр:
1. Әлеуметтiк өзгерiстердiн көп бағыттылығы, түзу және бiрқалыпты еместiгi. Қоғамдық прогресс абсолюттi емес, ол регресске айналу мүмкiн, қоғамның құлдырауы мен тоқырауға келу.
2. Мемлекеттiк қатынастардың жүйесiнiң орнықтылы еместiгi, бұл екi үрдiстi тудырады: бiрiншiсi- бiрөрiстiлiкке (однополярность), ал екiншiсi- көпөрiстiлiкке ұмтылады. Және дүниеқалыптасу да байқалатың тұрақсыздық аумақтық және оқшауланғаң конфликттерге, қаражат және экономикалық дағдарыстарға әкеледi, ал олар өз кезiнде жалпы дүниежүзiлiк дағдарысты тудыру мүмкiн.
3. Ақпараттық технологияларды пайдалану мен байланысты, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың қарқынының жылдам туi.
4. Бiрiгуге, бiркелкiлiкке және өзара тығыз байланысқа ұмтылу үрдiсiнiң өсуi.
5. Индустриалды дамыған елдермен, «дамушы» мемлекеттердiң мүдделерiнiң жалпы адамзат мүдделерiнiң, биосфераның шектеулi мүмкiндiктерi мен күннен күнге жылдам өсiп бара жатқаң адамдар қажеттiлiктерiнiң арасындағы қайшылықтарының ұштасуы.
Ең бiрiншi болып, адамзат өркениетiнiң даму үрдiстерiн және оның күйiн жүйелi бағалауға тырысқан «Рим клубының» өкiлдерi болды.Медоуз «Өсу шекарасы» атты еңбегiнде, халық санының өсуi мен өндiрiстi тоқтатпаса адамзаттың глобальды экологиялық дағдарысқа ұшырайтының болжады. Әрине бұл идеялар реалды емес, өйткенi олар антиғылымды және антигуманды б.т. Тағы бiр дүниежүзiлiк дамудың жорамалды моделi Месарович пен Пестелдiкi, ол «Адамзат бұрылым нүктесiнде», бiрiншiге қарағанда нақтылау және негiзделген болып келдi. Олар адамзаттың алдында экологиялық Апокалипсис емес, ұзаққа созылатың көптеген дағдарыста- экологиялық, энергетикалық, азықтық, демографиялық, шикi заттық т.б. күтiп тұр дедi. Және бұлардың бәрi планетарлық жүйеде тез арады реттелмесе, тағы да үлкен дағдарыс болады деп болжайды.
Бiрақ жоғарыда айтылған тұғырнамалардың әр-қайсысы әлеуметтiк және табиғи дамудың объективтi факторларың ескермей отыр. Және олардың жорамалдарының «қатан» болуына қарамастан, Жер өркениетiнiң тағдыры бәр адамдардың қолында деген түсiнiкке әкелдi, ал бұл да аземес. Жалпы осы заманның барлық ауқымды мәселелерiң үш топқа бөлуге болады:
1. Интерәлеуметтiк мәселелер- мұнда мемлекет аралық қатынастарға байланысты мәселелер кiредi: соғыс және бейбiтшiлiк, әлеуметтiк-экономикалық даму келешегi, кейбiр елдердең артта қалып қойюың жойю т.б.
2. »Адам-қоғам» жүйесiнiң мәселелерi- бұл әр жеке елде, аймақта бар, қоғамның дамуының ерекшелiктерi мен байланысты мәселер: деңсаулық, халық саны, бiлiм беру, мәдениет, компьютеризация мәселелерi, жалпы ҒТП, адамзаттың дамуы мен келешегi мен т.б. байланысты мәселелер.
3. »Табиғат-адам» жүйесiнiң мәселерi- табиғат ресурстары, энергетика, азық-түлiк, қоршаған орта т.б.мен байланысты мәселелер.
Соғыс және бейбiтшiлдiк мәселелерi. Адамзат тарихи көбiнесе соғыстар мен жаулап алу тарихы болып көрiнедi. А.Македонский мен Крестовый походтар, орда мен гундар шабуылулары, Америкада, Англияда, Францияда,Рессейдегi азаматтық соғыстар, 18-19ғғ. Еуропадағы бiрiншi және екiншi дүниежүзiлiк соғыстар т.б. бұл тiзiлiм толық емес. Қазырғы заманда да тоқталған емес.
Және 20ғ. аяғынаң бастап адамзат тарихында бұл мәселенi өмiр және өлiм тұрғысында қарастыру орын алады. Бұл көптеген елдердiн химиялық және бактериологиялық қаруларды қолдану мен байланысты, адамзат, Жер бетiндегi бүкiл тiршiлiктi жояалатың мүмкiндiгi бар ядролық қаруды да ойлап шығарды (АҚШ Хиросима мен Ногасаки ға тастаған бомбалар 240 мың адамның өмiрiн үздi), ал қазырғы бомюалардың он есе астам күшi бар.
Әр саналы ойлай алатың адамға мұндай соғыстың еш мәнсiздiгi белгiлi. Адамзатқа мұндай кауып ең алдымен мелитаристiк мемлекеттерден туып отыр (АҚШ, бұл ортада 100 мың әскери-өндiрiстiк комплекс бар). Ал, дүниежүзiлiк тәртiптi қамтамасыз ету және бiр мемлекеттiн диктаттың орнатылуына жол бермеу мақсаты мен БҰҰ құрылды. Оған қарамастан қазiргi кезде Пакистан, Үндiстан елдерi атом қаруларына ие, ал ЮАР, Солтүстiк Корея, Израиль т.б. елдер бұл қаруды жасауда.
Дүниежүзiлiк соғысты тудырып отырған тек елдер арасындағы экономикалық және саяси қарсылқтар ғана емес, сондай-ақ аумақтық қақтығыстар да, оның негiздерi Азия, Африка және Латың Америка елдерiнiң жоқшылық ахуалдарында жатыр, бұл мәселе бұрың КСРО құрамына кiрген республикаларға да тән (Рессейдегi шешендердiң көтерiлiсi, немесе Орта Азия мен Пакистан және Үндiстан елдерiнiң арасындағы қақтығыстар).
Және қазырғы заманда глобальды соғыстар қаыуптығы Адамның автоматтандырылған жүйелерге тәуелдiгiнде жатыр. Б.Раушенбах 1985ж. ескерткен дей «күрделi автоматтар жасалғанда адам тағдыры солардың қолында болады» деп
Сонымен, келесi қортынды жасауға болады дүниежүзiлiк ядролық соғысты, бұл қауыпты түсiну мен, оның алғышарттарың (экономикалық, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, этносаралық, әлеуметтiк т.б.) жою мақсаты мен адамдардың ынтымақтасу барысында барлық ерiк-жiгер күш қуатың жинауда, және бұл мәселелердiн бәрiң де келiсiм, бейбiтшiлiк жолымен шешу талпынуда.