Скачать/Жүктеу
Қоғамның экономикалық өмірін сипаттауды материалдық өндірістен бастауды дұрыс деп білеміз. Өйткені, қоғам адам өмірі үшін қажетті нәрселерді өндірмей өмір сүре алмайды. Өмірге қажетті игіліктерді өндіру адамзат тарихының бастапқы пункті, алғашқы тарихи әрекеті болып табылады.«Материалдық өндіріс » және « тікелей өндіріс » ұғымдарын бір-бірінен ажырата білу керек, екеуі тепе-тең емес, керісінше, бүтін мен бөлік сияқты қатынаста болады. Материалдық өндіріс компоненттеріне тікелей өндірістен басқа тарату, айырбастау және тұтыну салалары жатады. Өндірілген нәрсе тұтынушыға дейін жетпей, яғни тұтынылмай өндіріс процесі аяқталды деуге болмайды. Бірақ, бұған жету үшін өндірістің басқа салаларының қызметі дұрыс болу керек. Тарату немесе айырбастау салаларында болатын негативті процестер өндірістің бастапқы және соңғы кезеңдерінде әр түрлі келеңсіз жағдайларға әкеп соғады, бүкіл өндіріс жүйесінің бұзылуына әкеледі.Мне осы тұрғыдан қарастырғанда ғана қазіргі қоғам алдында тұрған проблемаларды адекватты түсінуге болады. Тікелей өндірісте- бұл ең алдымен соңғы жылдары жылдамдығын бәсендеткен және өзінің көлемін азайтқан ғылыми- техникалық прогресс мәселесі; өндірісті демонополизациялау мәселесі; өнеркәсіптік және аграрлық секторларында еңбек құрал- жабдықтарын тонау мәселесі. Тарату саласында- бұрыннан бері әлі шешімін таппай келе жатқан ескі, дәстүрлі мәселелер (мәселен, ой еңбегімен айналысатын адамдардың жалақысы төмен болуы) мен жаңа туындаған мәселелерді атауға болады (қоғамдық тұтыну қорларының азайуы, таратудың заңға қайшы келетін формаларының күрт өсіп кетуі- жемқорлық, парақорлық, рэкет, алыпсатарлық). Айырбастау саласында келесі келеңсіз көріністерді атауға болады- шаруашылық байланыстардын үзілуі, бәсекелестіктін болмауы және бартер. Тұтыну саласында мынадай проблемалар аландатады- әлі де жалғасып келе жатқан өндірушінің тұтынушыға үстемдігі, тиісті мөлшерде игіліктерді тұтынбау және т. б.
Материалдық өндіріс процесінде табиғатқа тиімді ықпал жасау мақсатында адамдар үнемі бірлесіп қызмет істейді және олар бір-бірімен өзара байланыста, қоғамдық қатынаста болады, сондықтан материалдық игіліктер өндіру әрқашан қоғамдық өндіріс болып табылады. Табиғат- өмірге қажетті нәрселердің көзі мен еңбек құралдарын қолдану аясы болып табылады.Өндіріс тәсілі бір –бірімен тығыз байланысты екі жақтың- өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардардың бірлігі болып табылады. Жалпы айытқанда, өндіргіш күштер дегеніміз- материалдық өндіріс процесіне қажетті субъективтік(адам) және заттай (техника және еңбек нәрселері ) элементтердің жүйесі болып табылады.Өндірістің заттай элементтеріне еңбек құралдары, өндірістік үйлер, темір жолдар, каналдар, тас жолдар, құбырлар және т. б., басқаша айытқанда адамның еңбек заттарына әсер етуге бейімдеп жасаған заттары мен заттар жиынтығы жатады. Өндірістің субъективтік элементіне жеткілікті дәрежеде білімі бар, өндіріс тәжірибесі мен еңбек дағдыларына ие болған, еңбек құрал-жабдықтарын жасап, оны қызметке пайдаланатын адамдар жатады. Адам өндіргіш күштердің шешуші элементі, өндірістің субъектісі болып табылады. Әрине, сөз жалпы адам туралы емес, керісінше, материалдық игіліктерді өндіруші ретінде қызмет атқаратың жұмысшы туралы болмақ. Қоғам дамыған сайын жұмысшы ретіндегі адамға қойылатын талаптар арта түседі. Бұгінгі таңда, ғылыми-техникалық революция мен өндіріске ғылымның кеңінен енуіне байланысты материалдық игіліктерді өндіру үшін адамның өндірістік тәжірибесі мен еңбек дағдысынан басқа белгілі бір көлемде жеткілікті ғылыми білімі болуы тиіс. Еңбек құрал-саймандарын, барлық еңбек құрал-жабдықтарын адам жасап шығарады, олар - оның еңбегінің, білімі мен өмірлік тәжірибесінің нәтижесі. Еңбек құрал-жабдықтарын жетілдіру арқылы адам табиғатты өзгертеді, осының нәтижесінде өндіргіш күштер мен қоғамдық қатынастардың дамуы адамның қабілетін арттырады. Өндірістік қатынастар өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы қатынастар болып табылады.