Ертегілер мен аңыздар

Көрұғылы

Бегәлі сыншы ханға ат сынап беретін сыншы екен. Бірнеше рет ат сынап береді. Тағы бір күні ат сынауға кетеді. Ол кеткенде әйелі жүкті екен, жүкті әйелі Бегәлі кеткен соң, дүниеден өтеді. Бір күндері: «Әйелінің қабырынан бала шығып жүр», — деген сөз болады. Бегәлі әйелінің қабырынан бала шығып жүр дегенді естіп: «Не істеймін?» — деп ханға барады. Сонда хан Бегәліге былай деп ақыл қосады: «Сен барып ер жасат, оның үстіне шырыш жақтыр, қуыршақ жасат, асық алып, бәрін де алып барып көрдің аузына қой. Әйел бала болса қуыршақ ойнар.

Читать полностью »

Күн астындағы Күнікей қыз

Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір болыпты.

Бұл кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы

болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болыпты. Бала

ешкілерін бағып жүреді. Бір күндерде ешкілерін далада

жайып жүріп, бір топ киікті көреді, оның ішінде бір ал-

тын мүйізді киік жүреді.

Читать полностью »

Күйеу таңдаған қыз

Баяғыда бір ханның елден асқан сұлу, ақылды қызы болыпты. Хан қызынын ешкімге атастырмапты. Ол:

— Қызым кімді сүйсе, соған барсын, — дейді екен.

Читать полностью »

Жақсылық пен жамандық

Балалар, біз кейде айналамыздан жаман әдетті, жаман мінезді көріп қаламыз. Оны болдырмаудың бір ғана амалы бар, ол – қандай да бір жақсылық жасау. Жақсылық жасау дегеніміз тек қана көшеден ұшыратқан жүгі ауыр кісіге көмектесу немесе қария адамның үйін жинастыру, құстарға жем шашып, гүлге су құю емес.

Читать полностью »

Жалғыз көзді жалмауыз

Ерте-ерте заманда бір бай болған екен. Байдың жалғыз ұлы болыпты. Мал-мүлкі мол, шіріген бай болғанымен, өте сараң, қолынан ешкімге еш нәрсе бермей, ел-жұртпен араласпай жеке көшіп-қонып жүреді екен. Малын бағуға жалшы жалдап, ақы төлеуге шығынсынып, жалғыз ұлына мал бақтырып қояды. Ел ішіндегі той думанға, қыз-жігіттердің ойын-сауығына араласпай байдың ұлы малын бағып, ес-ақылы толып жігіт бола бастайды. Бір күні ел ішінде үлкен бір той болады. Бұны естіген байдың ұлы тойға барғысы келіп, әкесінен рұқсат сұрайды. Сонда әкесі «барма, балам» деп айта алмай: «Барсаң бар, бірақ ат терлетіп не қыласың, ана өгіздердің біреуіне мініп бар», — дейді.

Читать полностью »

Етікші

Ерте заманда бір кедей етікші болыпты. Бала-шағасы көп екен. Үй-ішін асырау үшін ол ел аралап, қобдиын құшақтап жүріп етік тігіпті.

Күндердің күнінде қобдиын қолтықтап, таныс емес бір ауылға аттанады.

Читать полностью »

Ер Төстік

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты.Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді — келмейді, жылдар өтеді -келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады.

Читать полностью »

4 страниц1234



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы