Күйеу таңдаған қыз


Скачать/Жүктеу

Баяғыда бір ханның елден асқан сұлу, ақылды қызы болыпты. Хан қызынын ешкімге атастырмапты. Ол:

- Қызым кімді сүйсе, соған барсын, — дейді екен.

Бір күні хынның қызы әкесіне келіп:

- Әке, менің ерге шығатын уақытым болды, кімде-кім көңіліме жағатындай сыйлық әкелсе, сол кісіге ризалығымды беремін. Осы ойымды сізге айтуға келдім, — дейді.

Әкесі қызының сөзін мақұлдап:

- Ей, халайық, кімде-кім қызымның көңіліне жағатындай сыйлық әкелсе, қызымды соған беремін, — деп, шаһардағы хылыққа жар салыпты.

Хан қызының сұлулығына есі кеткен жігіттер, байдың мырзалары әр жерден келіп жатады. Бірі ішік, бірі патсайы көйлек, енді бірі алтынмен әшекейленген етік әкеледі. Хан қызының көңіліне бірде-бірі жақпайды. Сыйлық әкелгендердің басы салбырап, үйлеріне қайтады.

Осы мезгілде үш шаһардан үш кісі бағын сынамаққа хан еліне қарай шығады. Хан елінің күре жолына келгенде үшеуі бір-біріне жолығады. Олардың Бірінде сыйлыққа кілем, екіншісінде айна, үшіншісінде бір алма болыпты. Жол-жөнекей үш адам хан қызына әкеле жатқан сыйлықтарының қасиеттерін айтады.

Бірінші жігіт:

- Менің кілемім көзді ашып-жұмғанша қалаған жеріңе жеткізеді, — дейді.

Екінші жігіт:

- Ал, менің айнама қараған адам жер үстінде не болып жатқанын көреді, — дейді.

Үшінші жігіт:

- Менің алмам – жанға шипа, тәнге дәрі. Егер алманы жесе, өлген адам тіріледі, — дейді.

Осы кезде кілемі бар жігіт, айнасы бар жігітке:

- Айнаңа қарашы, жер үстінде не болып жатыр екен? –деп өтінеді.

Жігіт айнаға қарап:

- Хан қызы кірпігі ғана қимылдап, әл үстінде жатыр екен? — дейді.

Мұны көрген жігіттер екіншісінің кілеміне отыра салып, хан қызы жатқан сарайға лезде қалықтап ұшып келеді. Үш жігіт келгенше қыз өліп қалған екен. Сол арада үшінші жігіт барып, алмасын жегізіп, қызды тірілтіп алады. Үшеуі де әкелген сыйлықтарын тірілген хан қызының алдына тартады. Хан қызы кілемді, айнаны өз иелеріне қайтарып береді. Ал, алмасы бар жігітке тұрмысқа шықпақ болады.

Сонда кілемі, айнасы бар жігіттер тұрып:

- Біздің сыйлығымыз ешкімдікінен де кем емес, егер айнамен қарап көрмесек, кілемге отырып жылдам ұшып келмесек, сіз өлген болар едіңіз. Неліктен сіз алма әкелген жігітті таңдадыңыз, — деп, өкпе айтады.

Сонда қыз тұрып былай дейді:

- Кеш келсе де, ол жігіт мені тірілтіп алар еді. Бұл бір, екіншіден, мен алмасын жеп қойдым. Енді мен ол алманы қайтарып бере алмаймын. Ал сендердің айналарың мен кілемдерің өздеріңде, — дейді.

Екі жігіт осылай сөзден жеңіліп, еліне қайтып кетеді. Қыз алма әкеліп тірілткен жігітке қосылып, бақытты ғұмыр кешеді.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы