Хан мен құмырсқалар ертегісі


Скачать/Жүктеу

Баяғы заманда бір хан өмір сүріпті. Ол өзін әлемдегі ең ақылды, ең білгір адам деп санаған екен. Бірде хан өзінің әскерін ертіп аң аулауға шығады. Және шабармандарын жан-жақтағы құмырсқаларға, кішкентай жәндіктерге хабар айттыру үшін тездетіп жолға шығарады. Хан: ”Барлық құмырсқаларға, құрттарға және басқа да кішкентай ақымақ мақлұқтарға ‘Он күн бойы індеріңнен шықпаңдар’ деп ескертіңдер. Егер айтқанды тыңдамаса, онда менің атты әскерім оларды таптап өтеді” деген бұйрығын айтады. Барлық жәндіктер мен құрттар қатты қорқып індеріне тығылып, шықпай қалады. Тек құмырсқалар ғана ханды өздерінің ауылдарында қарсы алмақ болып, індерінде тығылып отырмайды.
Уақыты келіп, хан өзінің әскерімен келе жатса, жолдарында жыбырлап жүрген құмырсқаларды көреді.

—” Мен бұлардың барлығына ескертпеп пе едім?! Құмырсқалардың менің айтқанымды тыңдамай сыртта жүргендері қалай?” деп сұрайды.

Ханның жанындағы қызметшілері абдырап, абыржып қалады. Біраз жер жіріп барып, хан өзінің нөкерлеріне ”Құмырсқалардың  патшасын алдыма алып келіңдер!” деп бұйырады. Құмырсқаның патшасы ханның алдына келгенде хан:

— ”Неге менің айтқаныма құлақ аспай, жолда қырсығып тұрып алдыңдар?” деп сұрайды.

— ”О, тақсыр! Біз сізді ауылымызға шақырып, қонақ етпекші едік” деп құмырсқаның патшасы жауап береді.

Патша бұл жауапты естігенде мысқылдап күледі де:

— Әй, ақымақтар-ай! Ойлаңдаршы. Біз сендердің ауылдарыңа қонақ болдық делік. Сонда сендер бізді қалай тамақтандырмақсыңдар, қалай шөлімізді қандырмақсыңдар? Біздің әскеріміз бен аттарымыз көп. Ол жайлы ойландыңдар ма?

— ”Ол жағына алаңдамаңыздар. Біз бәріміз жұмыла еңбек етсек, тауды да қопарып жіберуімізге болады” деді құмырсқаның патшасы.

— ”Егер сендер ақылға қонымды сөз айтсаңдар, мен сенер едім. Бірақ сен бос сөзді далбасалап отырсың” дейді киіздің үстінде жайғасқан хан.

— О, тақсыр! Сарбаздарыңызға аттан түсуді бұйырыңыз. Мен сіздерді өз үйімде қонақ қылып күтпесем, несіне құмырсқалардың патшасы болып жүрмін?!

Бұл сөзге таңданған хан күліп жібереді.

— ”Жарайды. Біз барамыз сендерге” деп, аттағы сарбаздарына тездетуді бұйырады.

Сонымен хан мен оның әскері құмырсқалардың арнайы тігілген шатырына келеді. Аттарды ат байлайтын орынға байлайды. Құмырсқалардың патшасы өзінің маңындағы құмырсқаларға нанның қиқымын, бір шөптің қиқымын және судың тамшысын әкелуді бұйырады. Бұйрықты тыңдаған құмырсқалар жан-жаққа кетіп, біразу ақыттан соң тапсырылған нан ұнтағын, судың тамшысын және аттарға арналған шөптің қиқымын алып келе бастайды. Содан біраз уақыт өткенде шатырдың алдында наннан тау жасалады, шөптен мая жасалады ал шұңқырға су толтырылып, хан мен оның әскері және аттары тойғандарынша тамақтанып, шөлдері қанғанша судан ішеді.

Құмырсқалардың әрекетіне таң қалған хан өзін олардың алдында төмен сезінеді де, құмырсқаның патшасына сөзбен тиісуге тырысады. Патша:

— Әй, құмырсқалардың патшасы, сенің басың неге қазандай үлкен?

— Тақсыр, мүмкін ақылымның көп болғандығынан болар.

— Ал белің неге үзілейін деп тұр? деген ханның сұрағына құмырсқалардың патшасы ақылдылығымен:

— ”Әрбір қиын еңбектің алдында белімізді буып алып, содан соң кірісеміз, тақсыр. Міне, бүгін сіздерге қалай еңбек ететіндігімізді көрсеттік” деп жауап қатады.

Құмырсқаның жауабына аузы ашылып қалған хан енді не сұрарын білмей абыржып тұрғанда уәзірі құлағына келіп сыбырлайды:

— Хан ием, сіздің ақылыңыз дариядай кең. Қалайша сөз таппай қысылып қалдыңыз? деп әдейі сұрайды.  Сонда хан көзін төмен қаратып:

— ”Даналық сөз тек қана ақымақтарды ғана масқаралайды. Мен доғардым.” деп, атына міне жөнеледі. Бара жатқан аңшылығы іске аспай қалады. Өйткені масқара халге түскен хан әскерін ертіп еліне қарай шаба жөнеледі.

Міне, осылайша өзін ең ақылды санаған ақымақтың беті ашылып, ұятсыздығы мен ақымақтығы әшкере болады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы