Заманның зауалды шақтарында елге ес болатын, тізгінді берік ұстап, не қиындықтан болса да тайсалмай, алға шығатын тұлғалар болады. Көп пенде ақылдылығынан емес, менмендік, іштарлық, байлық, өзімшілдің кернеуімен билікке ұмтылады. Алайда билікке жеткенімен, ел билеп жетістіре алмайды. Бас пайдадан басқаны ойламайтын ондайлардың халықты сорлатқаннан басқа бітірері жоқ, елді-жұртты ұшпаққа жеткізу орнына, сорға батыратынына тарихта дәлел аз емес. Ал ел деп туған ерлер болса, билік пен байлыққа өкпектемей, ерлікке, ел намысын қорғауға ұмтылып, халық келешегін ойлауды мұрат тұтқан.
Читать полностью »