Тұлғалар

Васко да Гама

Колумб Батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп барып, жаңа жерді – Американы ашып жүргенде, Васко до Гама Африканы айналып жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды.

Васко до Гама шамамен 1469 жылы Португалияда туған. Ол жасында Португалияны Испанияға қарсы соғысында ерлік көрсеткен, бірінші рет Гвинея жағалауын айналып жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко до Гама Жуан II королінің тапсырмасын орындап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан аты әйгілі болады.

Читать полностью »

Тоқтар Әубәкіров

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді.

Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.

Читать полностью »

ШАЛ ҚҰЛЕКЕҰЛЫ (1748 — 1819 жж.)

Лекция мақсаты: Шал ақын шығармашылығымен таныстыру, өлеңдерінің мәнін көрсету.

Жоспар:

  1. Шал ақын Құлекеұлы (1748- 1819 жж.). Өмірі мен ақындық жолы.
  2.  Шығармаларының негізгі өзегі.
  3. Шал – айтыс ақыны.
  4. Шал ақын өлеңдерінің текстологиясы.

    Читать полностью »

ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ

Қазақ халқының лиро-эпостық жыры. ХІІІ-ХІV ғасырлардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың түзде жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруымен басталады. Ары қарай қос ғашық Қозы мен Баян зорлықшыл Қодар, қаражүрек Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен  махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады.

Читать полностью »

ҚЫЗ ЖІБЕК

Лиро-эпостық жыр. Шамамен XVII ғасырда жазылған. Жырды тұңғыш рет 1880 жылы Е.А.Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған. XIX ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсанда ел арасынан «Қыз Жібек» жырын жинап, 1894 жылы Қазан қаласында бастырған. Ал Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 жылдары қазақ тілдерінде жариялаған. «Қыз Жібектің» Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 жылдары басылып шыққан. 1958 жылы «Қазақ эпосы», «Казахский эпос» жинақтарында, 1963 жылы «Қыз Жібек» деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланған. Сондай-ақ орыс тілінде 1988 жылы жеке кітап болып жарық көрген. Қазіргі орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақтаулы. Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Ж.Қалмағанбетов, Е.Рахметов, Р.Мәзқожаевтардың нұсқалары бар. Жырдың нұсқалары арасында айырмашылық аз.

Читать полностью »

ЕР ТӨСТІК

«Ер Төстік» – қазақ батырлық ертегілерінің ішіндегі ежелгі үлгісі. Мазмұны мен сюжеттік құрылысының, кейіпкерлері мен іс-әрекетінің сипатынан «Ер Төстік» ертегісі архаикалық мифтің, хикаяның, қиял-ғажайып ертегілердің қасиеттерін бойына молынан сіңірген.

Ерте заманда туып, көне дәуірдің көріністерін сақтап келсе де, қиял-ғажайып ертегілер халқымыздың тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Әрине өмір шындығын қиял-ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында емес, эстетикалық тұрғыда бейнелейді. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер, ғұрып-әдет… бәрі де халықтың эстетикалық рухына сай түзіледі. Мәселен «Ер Төстікте» алғашқы қауым адамдарының ырымдары мен әдет-ғұрыптары да жиі кездеседі. Атап айтқанда Төстіктің жер астына түсіп, үстіне шығуы, оның Шойынқұлақпен айқасуы шамандық көзқарасқа тән түсінікті бейнелейді.

Читать полностью »

«АЛТЫН САҚА»

Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі аса бай саланың бірі – балалар ертегілері. Біз бұл арада «бай» деп оның тек санын ғана меңзеп отырған жоқпыз. Бәрінен де маңыздысы қазақ балалар ертегілері өзінің ұшқыр фантазиясымен де, қызықты оқиғасымен де, көркем поэтикасымен де жас жеткіншектердің жанын өзіне тез-ақ баурап алады. Тек баурап алумен немесе жай ғана қызықтырумен ғана шектелмей, жас баланы болашақта ержүрек батыр, қайтпас қайсар, ел қорғаны болуға баулиды. Сондай ертегілердің бірі – «Алтын сақа».

Читать полностью »

15 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы