Жастық шақ, жастар жайлы сөз қозғала қалса, кім де болса, «Мен жастарға сенемін!» деген Мағжанның сөзінен бастары анық. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаев жас жүрегі қазағым, ұлтым деп жалындап тұрған айтулы азамат, ұлт мақтанышы еді. Ол 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Дәулетті отбасынан шыққан Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) татар зиялысы М.Бегішевтің медресесінде, 1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқып білім алды. Білімге құмар жас Шығыс халықтарының, қазақ, татар әдебиетін, дастандарын, 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып тұщынды, тағылым алды. Өзі де «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды. 1912 жылы «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шықты.
Читать полностью »