Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді.
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады. А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды.
А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: “Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды”, — деп жазды.
1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.
1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген болатын-ды.
Читать полностью »