Тұлғалар

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы

Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы (7.1.1951ж.туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы.) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын 1974 жылы және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін 1993 жылы бітірді. Алматы облысындағы азаматтық авиация әуе қатынастарының Боралдай авиа отрядында инженер. 1986 жылы азаматтық авиацияның 30-оқу жаттығу дайындығын бітіріп, азаматтық авиацияның пилоты мамандығын алды.

Читать полностью »

Аймауытов, Жүсіпбек

Туғаны: 1889 Баянауыл ауданы, Павлодар облысы

Қайтыс болғаны: 1931

Мансабы: Жазушы

Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Читать полностью »

АБЫЛ ТІЛЕУЛЫ (1777-1864)

18-ғасырдың екінші жартснда өмір сүрген бұрнғ ақн-жраулардң дәстүрін жалғастырушылардың бірі-суырыпсалма ақын-Абыл Тілеуұлы.Ол Маңғыстауда туып-өсіп,бүкіл Атырау аймағына танылған ақын.Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған.

        Абыл Атырау аймағын,қарақалпақ,түрікмен елдерін аралап,өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған.

Бұрын әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас»,«Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын.Ғалым Қ.Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын,тағы екі-үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған.Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында»,1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты.

Читать полностью »

Абай Құнанбаев

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
Абай

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. 

Читать полностью »

Абілда Тәжібаев

Әбділда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы.

Читать полностью »

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.
Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Читать полностью »

Сәкен Сейфуллин

Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) ( 15 . 10 . 1894 , қазіргі Жезқазған облысы , Ақадыр ауданы , « Ортау » совхозының « Қарашілік » қыстағы , — 25 . 2 . 1938) – қазақ кеңес жазушысы , қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы , Қазан революциясына қатысқан ардагер , мемлекет және қоғам қайраткері , 1918 жылдан КПСС мүшесі . Шағын дәулетті саясатшының жанұясында туған . Сәкен Нілдідегі орыс-қазақ , Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде ( 1905-08 ) , үш класты қалалық училищеде ( 1908-13 ) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында ( 1913-16 ) оқыды . 1914 жылы Қазан қаласында « Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды . Омбыда қазақ жастары ашқан « Бірлік » қауымы басшыларының бірі болды . 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып , орыс тілінен сабақ берді . 1917 жылы 9 наурызда « Асығып тез аттандық » атты өлеңін жазды . Кешікпей Ақмола қаласына ауысып , « Жас қазақ » ұйымын ашты , « Тіршілік » газетін шығарысты , үш айлық педагогикалық курсқа оқытушы болды .

Читать полностью »

15 страниц« Басына...6789101112131415



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы