Тұлғалар

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ (1883 – 1937)

Досмұхамедұлы Халел – аумалы-төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе де азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.

Туған жері – қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданы.

Читать полностью »

ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВ (1883 – 1948)

Қазақта «Күш атасы – Қажымұқан» деген сөз кең тарап кеткен. Оның себебі де жоқ емес. 1883 жылы Ақмола облысы Қараөткел ауылында Мұқан (Қажымұқан)  атты сәби дүниеге келеді. Ол жасынан-ақ ерен күшімен әр мезет ауылдастарын таңғалдырып жүреді. Мұқан 18 жасында алғаш рет Омбы қаласында ашылған циркте орыс палуаны И.Злобинмен белдеседі. И.Злобин оған Петербургтегі күрес мектебінде оқуға кеңес береді. Бұл ақылды құп алған Мұқан осы мектепте  екі жыл оқып, үлкен күрес өнеріне жолдама алады. Сөйтіп Мұқан Германияның Кельн қаласында неміс палуаны Генрих Веберді жеңеді, Рига қаласында да бас бәйгеге ие болады. 1910 жылы Варшава қаласында өткен халықаралық жарыста кіші алтын медальды, Америкада, Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында еркін күрестен үлкен медальды жеңіп алады.

Читать полностью »

МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ (1885 – 1935)

Міржақып Дулатов – ағартушы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, Алаш қозғалысының қайраткері болған азамат. Осы жолда ақындық, жазушылық аудармашылық, журналшылық қабілеттерін барынша пайдаланған. Алғашқы қазақ романы – «Бақытсыз Жамалдың» авторы. Жалынды үнге, жігерлі шақыруға толы «Оян, қазақ!» кітабын шығарып, қуғынға түскен.

Читать полностью »

ЖАНША ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ (1886 – 1932)

Досмұхамедұлы Жанша – Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. 1886 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1912 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітіріп, 1917 жылдың ақпанына дейін Томск округтік сотында қызмет істеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұсында басқа да Алаш зиялыларымен қатар мәселенің бейбіт жолмен шешілуін жақтап, халықты көтеріліске шықпауға шақырды. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін болған қоғамдық-саяси өзгерістер кезінде облыстық жалпықазақ сиездерін өткізуге белсене араласты. Орал облыстық қазақ комитетінің төрағалығына сайланды. 1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысып, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды.

Читать полностью »

ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВ (1888-1934)

Қазақ ән өнерінің тарихында қайталанбас тұлға ретінде бағаланатын Әміре Қашаубаев таланты – сирек кездесетін талант. Ауызша айтылатын ол туралы әңгімелерде әншінің даусы аңызбен астасқан қиял-ғажайып ертегілерде болатын құбылыстардай әсерде бейнеленеді. Сондай бір әңгіме былайша баяндалады. Өткен ғасырдағы жиырмасыншы жылдардың аяғында Әміре бастаған әртістер Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданындағы Қарқара жайлауында концерт қойып жүреді. Кезекті бір концертте әнге шөлдеп отырған халық әртістерді жібермей концерт ұзаққа созылады. Түн жарымынан ауып, концерт  аяқтала  бергенде бір топ атты кісі сау ете түседі. Сөйтсе, өрісте жылқы бағып жүрген жылқышылар екен. Жайлаудағы ашық далада шырқалған әнді естіп жеткен беттері екен. Жылқышыларды тәнті қылып, делебелерін қоздырып  талықси  жеткен  асқақ  дауыс Әміренікі  болады. Ал жылқышылар келген  жермен  концерт  болып жатқан  жердің  арасы сегіз  шақырымның  үстінде  дейді.

Читать полностью »

ОСПАН БАТЫР (1889 – 1951)

Оспан батыр Сіләмұлы бүгінгі ҚХР Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданында туған.

Оспанның батыр атағының шығуы – 1940-1951 жылдар арасы. 1940 жылы Есімқан, Ырысқан бастаған Көктоғай, Шіңгіл елі Шың шысай үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасағанда, сол топқа қосылып шыққан. Бұрын қарапайым шаруаның бірі болған Оспан соғыс барысында көрсеткен ерліктері арқылы батыр атанып, қос басқарып, көзге түсе бастайды. 1941 жылы Құбының құмын жалаңаш қоспен қыстап шыққан Оспан тобы небәрі жеті-ақ адам еді. 1942 жылы жаз маусымына ілінген соң-ақ әр тараптан, Қытай үкіметінен қорлық-зорлық көріп, қашып шыққандардың қосылуымен адам саны көбейе берді. 1944 жылы 12 қарашада Шыңжаңда Шығыс Түркістан республикасы өз тәуелсіздігін жариялайды. Бұл жаңа үкіметті Оспан батыр алғашында жан-тәнімен қорғауға бел байлады. Осы рухпен 1945 жылы 6 қыркүйекке дейін ол бүкіл Алтай аймағын Гоминдаң басқыншыларынан толық азат етеді.

Читать полностью »

МҰСТАФА ШОҚАЙ (1889 – 1941)

1917 жылы уақытша өкімет құлап, барлық билік большевиктердің қолына  өткенінен кейін коммунистік жүйеге қарсы топтар жағына шығып, ақыры шетел асып барып, өмірінің соңына дейін түрік әлемінің бірлігі, «Тұтас Түркістан» идеясын жүзеге асыру үшін күресіп кеткен Алаш қайраткері, қазақ халқының аяулы бір ұлы – Мұстафа Шоқай.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы