Ол бар-жоғы 16 жасында мектепте мұғалім болды. Ал небәрі 22 жасқа толмай жатып орта мектептің директоры, Гурьев облыстық партия комитетінің мектептер бөлімінің нұсқаушысы қызметтерін атқарды. Ұлағатты ұстаз жолын болашақ өміріне бағдаршам етіп алса-дағы, 50 жыл ғұмырын ғылымға сарп етіп келеді. Оның ғылымдағы жетістігі талайды тәнті қылды. Ол зерттеген нысандар, ашқан жаңалықтар қазақ ғылымына тыңнан кеп құйылған қазынадай болды. Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» газеттерінің алғашқы зерттеушісі Бабаш (Бабанияз) Әбілқасымовтың өмір жолын біраз білген соң, «ол кісінің өзімен жүздесіп, әңгімеге тартсақ» деген ниетте болдық. Себебі көргені мен өмірден түйгені көп қазына қарттың өзі бүтіндей бір тарих, қала берді тағылым екені сөзсіз. Ғылым жолындағы өз ізденісін жалғастырып келе жатқан ғалымды күнделікті жұмыс орнынан таптық. Қағаз, қаламы – қолында. Бабаш ағамызбен әңгімеміздің басы қолындағы жазылып жатқан сиясы кеппеген жұмыс жайында басталды. Сонымен қатар біз келген сәт ағамыздың 80 жылдық мерейтойымен де тұспа-тұс екен. Ғылымға өз үлесін қосып келе жатқан Бабаш ағамызбен әңгімемізді оқырманға ұсынғанды жөн санадық.
Читать полностью »