Скачать/Жүктеу
Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) ( 15 . 10 . 1894 , қазіргі Жезқазған облысы , Ақадыр ауданы , « Ортау » совхозының « Қарашілік » қыстағы , — 25 . 2 . 1938) – қазақ кеңес жазушысы , қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы , Қазан революциясына қатысқан ардагер , мемлекет және қоғам қайраткері , 1918 жылдан КПСС мүшесі . Шағын дәулетті саясатшының жанұясында туған . Сәкен Нілдідегі орыс-қазақ , Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде ( 1905-08 ) , үш класты қалалық училищеде ( 1908-13 ) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында ( 1913-16 ) оқыды . 1914 жылы Қазан қаласында « Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды . Омбыда қазақ жастары ашқан « Бірлік » қауымы басшыларының бірі болды . 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып , орыс тілінен сабақ берді . 1917 жылы 9 наурызда « Асығып тез аттандық » атты өлеңін жазды . Кешікпей Ақмола қаласына ауысып , « Жас қазақ » ұйымын ашты , « Тіршілік » газетін шығарысты , үш айлық педагогикалық курсқа оқытушы болды .
Сәкен 1917 жылы қарашада « Кел , жігіттер » өлеңін жазып , Қазан революциясын зор қуанышпен қарсы алды . Осы жылдың 27 желтоқсанында Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды . 1918 жылы сәуірде « Жас қазақ марсельезасын » жазып , 1 мамырда « Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасын көрсетті . 1918 жылы 4 маусымда ақтардың көтерілісі ьолып , Ақмола Совпедшілері тұтқындалды . Атаманның « азап вагонында » 47 күн ажалмен арпалысқан Сәкен 1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты . Татарка – Славгород – Павлодар – Баянауыл – Сарыадыр арқылы еліне жетті . Осы жылдың желтоқсанында Әулиеата қаласына ( қазіргі Жамбыл ) келді . 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып , Атқару комитеті председателінің орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болды . 1920 жылы 4 қазанда Қазақтың Советтік Автономиялық Республикасын жариялаған Советтердің 1-Құрылтай съезіне делегат болып қатысып , Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланды . Жер – су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етті . Қарашада Москвада болып , Советтердің 8-съезіне қатысты , В . И . Лениннің ГОЭЛРО жоспары туралы жасаған баяндамасые тыңдады . 1922 жылы « Еңбекші қазақ » газетінің редакторы , халық ағарту камиссарының орынбасары болды .
Сәкен бұл жылдары қоғамдық қызметпен бірге творчестволық жұмысқа белсене араласты . 1922 жылы « Асау тұлпар » атты өлеңдер жинағын , « Қызыл сұңқарлар » пбесасын жариялады . 1923 жылы 30 сәуірде ұлы көсемге арналған « Ленин » атты өлеңін жазды . 1924 жылы қаңтарда В . И . Ленин қазасына барған Қазақстан делигациясына басшылық етті . Осы жолы « Қайғылы хабар » , « Қаралы күн » өлеңдерін жазды , « Известия » газетінде « В . И . Ленин және оянып келе жатқан Күншығыс » атты публицистикалық мақаласын жариялады . 1925 жылы 7 сәуірде Халық ағарту камиссарияты жанындаға ғылым орталығының председателі , 12 шілдеде Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияцасының басшысы болып тағайындалды . Сәкен 1926 жылы БКП Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі . 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының , Ташкенттегі қазақ педагогика институтының директоры болып жұмыс істеді . 1927 жылы шыққан « Жыл құсы » альманахына басшылық етті . « Жаңа әдебиет » журналын ашуға ат аслысты . 1922 жылдан бастап « Қызыл Қазақстан » журналында жариялана бастаған « Тар жол , тайғақ кешу » атты мемуарлық шығармасын жеке кітап етіп шығарды . « Жер қазғандар » повесін ( 1927 ) , « Тұрмыс толқынында » жинағын ( 1928 ) , « Көкшетау » поэмасын ( 1929 ) бастырды . 1929 жылы қазақтың зиялы азаматтарына арнап ауыз әдебиеті үлгілерін жинау жөнінде жазған « Ашық хатын » жариялады . Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтының доценті болды . 1932 жылы « Қазақ әдебиеті » атты тұңғыш оқулық – хрестоматия шығарды . 1932 жылы « Әдебиет майданы » журналының редакторы , 1934 жылы Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметін атқарды . 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші он күндігіне қатысты . Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталып , шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы мерекеленді .
Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын . Оның поэзиясы – Абай мен С . Торайғыров шығармашылығының заңды жалғасы бола тұрса да , идеялық-шығармашылық принціпі жағынан айрықша ерекшелігі бар соны дүние . Сәкен шығармаларының идеялық нысанасы жаңа дәуірдің , кеңестік заманнын көкейтесті мәселелерімен тығыз ұштасып жатады . Мұның өзі – социалистік реализм әдебиетінің негізі , ең басты бағыты , айрықша қадір-қасиеті . Қазақ даласында осы әдебиеттің туын бірінші көтерген Сәкен туындылары – бүгінгі жаңа өмірдің жалынды жаршысы болған тарихи мәңгі құбылыс . Ленин партиясының ұлы идеяларынан таусылмас нәр алған Сәкен өзінің бар өнерін халық мақсатына , туған елінің жарқын болашағына арнап , жаңа заманның дауылпазы болды . Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек . Қазақ өленінің өрнегіне өзгеріс енгізу , өлеңнің ішкі ырғағын күшейту , ұйқасты дауыс екпініне бейімдеу , буын жүйесін айтар ойға бағындыру – Сәкен поэзиясының жаңашылдық сипатын танытатын белгілер
Поэзия саласындағы алғашқы қадамын 1914 жылы шыққан « Өткен күндер » атты өлеңдер жинағынан бастаған Сәкен Қазан революциясының дауылды күндерінде жаңа идеялық негізде түр мен мазмұнның ажырамас бірлігін сақтай білді . « Кел , жігіттер » , « Жас қазақ марсельезасы » , « Жұмыскерлерге » , « Жолдастар » , тағы басқа саяси лирикаларын « Асау тұлпар » мен « Экспресс » жинақтарына ұластырып , атақты « Советстан » поэмасымен өз поэзиясының жаңашыл сырын әбден айқындады . Қазақ кеңес әдебиетінің идеялық шығармашылығының қалыптасуының жарқын бір белгісі – « Көкщетау » поэмасы . Бұл поэма Сәкеннің әдебиетке қосқан зор үлесін еселей түсті . Данышпан В . И . Лениннің ұлы бейнесін жасауды көздеген « Альбатрос » ( 1932 жылы ) пен жаңа заманды бейнелеген « Социалистан » ( 1935 жылы ) поэмалары , азамат ақынның әлеуметтік күрделі мәселелерді жасқанбай жырлап , кезеңнің қайшылық-қиындықтарын батыл айтып берген « Қызыл ат » ( 1934 жылы ) поэмасы қазақ поэзиясының 30 жылдардағы үлкен табысы болды .
Сәкен поэзиясын сөз еткенде , ерекше назар аударатын мәселе – оның замана бейнесін жасауы . Бұл ұлы образдың алғашқы нақыштары Сәкеннің 1917 жылғы өлеңдерінен басталған . Қазан револьюциясын зор қуанышпен қарсы алған ақын : « Кел жігіттер , болыңдар ер , жүйткіт , орғыт тұлпарды » деп асау тұлпардың жанды бейнесін жаңа заман образына балайды . Сәкен тұлпар образынан кейін отарба мен экспресті шабытпен жырлауға көшеді . Мұны « Советстан » атты поэма тарауларының тақырыптары « Отарбада » , « Біздің тұрмыс – отарбада » , « Советстан – отарба » , « Экспресс » деп аталуынан да , соны леп , тың образ жасау жолындағы ізденістерінен де , жаңа мазмұнға сәйкес жаңа өлеңдік түр , нақыштарынан да байқауға болады . Сәкеннің « Көкшетау » поэмасы халық өмірін философиялық терең толғауымен , қазіргідей құдыретті Отаны бар бүгінгі ұрпақтың алдағы ұлы мұратын айқын бейнелеуімен заман бейнесін жетілдіре суреттеген . Кеңес елінде социализмнің негізі берік қаланған шақта ұлылықтың , өрен ерліктің символы – альбатрос арқылы кемеңгер В . И . Ленин образын Отан бейнесіне айналдыра жырлауы Сәкеннің жаңашылдығын , замана бейнесін жасау жолындағы ақындық алғырлығын танытады . Оның кеңестік заманмен үндес жаңалығы мол тамаша поэзиясы – қазақ кеңес әдебиетінің үлкен олжасы .
Сәкеннің өнерпаздық тұлғасын ірілендіріп көрсететін поэзия саласы болғанымен , оның қазақ прозасын өркендетуге қосқан үлесі де қомақты . 1917 жылы « Жұбату » атты тұңғыш көркем әңгімесін жазды , « Тар жол , тайғақ кешу» романының алғашқы тараулары 1922 жылы « Қызыл Қазақстан » журналында жарияланды . Бұл – Сәкеннің прозамен ерте шұғылданғанын көрсетеді . Кейіннен повеске айналған « Айша » әңгімесі де ( 1922 ) осы журналда басылды . Екі тарауы жарияланып , аяқталмай қалған « Қыр балалары» атты көлемді повесі де сол кезде туды . Сәкен әңгіме , очерктерді былай қойғанда , бес повесть ( « Жер қазғандар» , 1927 ; « Айша » , 1922-35 ; « Біздің тұрмыс » 1932-34 ; « Сол жылдарда » , « Жемістер » , 1935 ) , бір мемуарлық роман ( « Тар жол , тайғақ кешу ») жазды . Осы шығармалардың ішінде « Тар жол , тайғақ кешу » мен « Жер қазғандардың » орны ерекше . Өйткені , бұл туындылар — өзіне тән көркемдік ерекшеліктерімен ғана емес , қазақ кеңес әдебиетінің өмірімен өзектес туғандығын , бүгінгі шындықтың ұрпақ үшін мәнді екендігін дәлелдеген шығармалар . Қазақ кеңес әдебиеті тарихында « Тар жол , тайғақ кешу » романының атқарған ролі зор . Бұл тарихи – мемуарлық шығармада қазақ халқының Қазан революциясына қатысқаны , оның жеңісін қорғау жолында талай ерлік көрсеткені , бақытты өмір орнатудың қандай қиын өткелдерден өткені барынша нақты және тартымды баяндалған . Сондықтан да бұл роман – революциялық күрестің көркем шежіресі . Ал осы халықтық шығарма , екінші жағынан , саяси сауат ашу құралы болды . Мұнда екі таптық идеологияның күресі айқын бейнеленді . Сәкен шығармасында нақты деректерге сүйнен отырып , бай мен феодалдардың , қазақ буржуазиясының сойылын соққан ұлтшыл – алашордашылардың теріс пиғылы мен қастандығын әшкереледі , маркстік – лениндік идеологияның негізгі қағидаларының терең сырларын халықтың ерлік істері арқылы танытып , жеңімпаз идеяның өміршең екендігін дәлелдеді .
Сәкен драматургия саласында да бір қыдыру еңбек етті . « Бақыт жолына » атты пьесасында ( 1917 ) жарқын болашақты аңсаған қазақ жастарының ой-арманын , тілек-мақсатын бейнкеледі . Бұл пьесаның 1918 жылы мамырда Ақмола қаласында үш рет қойылуы – қазақ драматургиясының туу дәуіріндегі атап айтарлық елеулі әдеби құбылыс . Қазақ кеңес драматургиясының алғашқы туындыларының бірі – Сәкеннің 1920 жылы жазған « Қызыл сұңқарлар » атты революцияшыл драмасы . Мұнда Еркебұлан сияқты революционердің жарқын да жағымды образы жасалып , ол жұрт үлгі алатын өнегелі бейнеге айналды . Ұлы өзгеріс дәуірінің өзінде сол кезеңнің қаһармандарын шығарма кейіпкерлеріне айналдыру , шынай шындықты даму барысында көрсету , жаңа кеңес адамның қалыптасып келе жатқан бейнесін жасау қазақ кеңес драматургиясындағы алғашқы соны сүрлеу болды . Сәкен дарамалары қазақ кеңес әдебиеті тарихында өзінің осы ерекшеліктерімен бағалы .
Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салып , өлшеусіз еңбек еткен Сәкен әдебиеттің басқа жанрларында да қалам тербеп , өзінше үлес қосты . Сәкен 1914 жылы « Айқап » журналында « Манап драмасы туралы » сын мақала жазып , қазақ әдебиет сынының туып , даму процесіне белсене ат салыса бастады . « Әдебиет һәм оның бағыттары » ( 1922 жылы ) , « Асау тұлпар туралы » ( 1923 жылы ) , « Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы » ( 1924 жылы ) , « Ұлт театры туралы » « Әдебиет майданында » ( 1928 жылы ) , « Көшпелі дәуірдегі қазақ әдебиетінің күйлерінен » ( 1929 жылы ) « Өрлеу үстінде » ( 1934 жылы ) тағы басқа әдеби-сын мақалалары , жазушылардың съездерінде , пленумдарында жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздері Сәкеннің сыншылдық ойының құнарлылығын және пәрменділігінің танытады .
Әдебиеттің өткендегісі мен келешегін ойлау , бүгінгісін жат ықпалдан қорғау – жауынгер жазушыға тән сипат . Жаңа әдебиеттің туып , өркендеу процесіне жетекші бола білген революционер ақын Сәкен өзінің құнарлы сын ой-пікірлерін ең қажетті , беленді кезеңдерге түйіндей , қорытындылай айтып , жауынгер жанрдың қалыптасып , өркен жаюына үлкен көмек көрсетті . Сонымен қатар , ол әдебиет тарихын зерттеу , оның таңдаулы үлгілерін жариялау ісімен де көп шұғылданды . « Қазақтың ескі әдебиет нұсқаларын » ( 1931 ) , « Батырлар жырын » ( 1933 жылы ) , Ыбырай Алтынсарин , Ақан Сері , Ақмолла тағы басқа шығармаларын жинап ( 1935 жылы ) , бастырып шығарды . Қазақ әдебиеттану ғылымында Сәкен жазған « Қазақ әдебиеті » атты зерттеу еңбектің мәні зор . Бұл кітап – жоғары оқу орнына арналған оқу құралы болуының үстіне дәуір таңбасын берік сақтаған , қазақ кеңес әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының өркендеу процесінің көптеген шындығын айқын көрсететін туынды . Маркстік-лениндік методологияға сүйіне отырып , Сәкен осы еңбегінде қазақтың ауыз әдебиетін ғылыми жүйемен талдады , дұрыс қорытындылар жасады . Ауыз әдебиетінің жанрларын саралып , батырлар жырының туу , өркендеу барысын халық тарихымен сабақтастыра зерттеді . Бұл туынды – күні бүгінге дейін өзінің ғылыми да практикалық мәнін жоймаған , қазақ фольклористикасының негізіне қаланған шығарма және қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу процесіне Сәкеннің қосқан үлесінің зор екендігін танытатын зерттеу еңбек . Қазақ кеңес публицистикасын өркендетуге де Сәкен белсене қатысты .
Қазақ кеңес әдебиетінің туын көтеріп , негізін салған , идеялық жағынан берік қалыптасуына еңбек сіңірген қайреткер , ақын , жазушы , сыншы , ғалым Сәкен « қазақ әдебиетіндегі жаңа дәуірдің көш бастары » ( Сәбит Мұқанов ) болды . Қазіргі уақытта оның кейбір шығармалары Кеңес Одағы халықтарының бірқатар тілдеріне аударылып басылды . 1974 жылы Қазақстанда , одан тыс жерлерде Сәкеннің туғанына 80 жыл толған мерей тойы кеңінен аталып өтті . Қазақ ақын-жазушылары Сәкеннің өмірі мен шығармашылық жолын суреттейтін көркем шығармалар ( Сәбит Мұқановтың « Сәкен Сейфуллин » пьесасы , Ғабит Мүсіреповтың « Кездеспей кеткен бір бейне » повесі , Ә . Тәжібаевтың « Монологтар » поэмасы тағы басқалар ) жазды .