Скачать/Жүктеу
Астафьев Иван Михеевич 1922 жылы 25 декабрде Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка селосында шаруа семьясында туған. Білімі — аяқталмаған орта. Туған колхозында тракторшы, комбайнер болып жұмыс істеген. Комсомал мүшесі.
1941 жылдың декабрь айында майданға аттанады. Пулеметшілер курсын бітіріп, майдан шебіне баруды армандайды. Иван Астафьев мығым денелі, шыдамдылығымен, аса қайраттылығымен ерекшеленетін.
1942 жылы Батыс майданның құрамында шайқаста жүріп ауыр жарақат алады. Әскери госпитальдан шыққан соң танкішілер мектебінде оқиды.
1944 жылы жүргізуші — механик И.Астафьев 1-ші Беларусь майданында алғашқылардың бірі болып, өз танкісімен мемлекеттік шекараға жетті.
Ауыр техникамен майдан жолында Астафьев мың жарым шақырым жол жүріп өтті.
1945 жылдың 15 январынан 10 февраль аралығында И.Астафьевтің экипажы 5 БТР, 11 зеңбірек, 80 автокөліктің көзін жойған. 17 январь 1945 жылы алғашқылардың қатарында Польшаның Сохачев қаласына келіп кіреді. Темір жолдағы паровозды атқылап, істен шығарып, жаудың 2-ші теміржолдағы эшалондарын қолға түсіруге ықпал етеді.
1945 жылы 27 февральда Совет Одағының батыры атағы беріледі. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен нагадталған.
1945 жылы немістің Волен қаласын алу кезінде қаза тапқан. Волхов елді мекенінде жерленген. (Ольхово, Новогард қаласының оңт. Батысында. Польша)
Шемонаиха қаласында ескерткіш ашылған, Батыр атында көше бар.
Усть-Таловка селосындағы орта мектепке Иван Астафьевтің есімі берілген.
Әдебиеттер:
Совет Одағының қазақстандық батырлары. 2 т. Т.1. — Алматы: Қазақстан, 1969. — Б . 71-72
Они сражалиь за Родину: Герои Советского Союза — восточноказахстанцы
Бесстрашные: Очерки о Героях Советского Союза из Восточного Казахстана.-Алма-Ата: Казахстан, 1964. — С.58-63