КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА (1912 – 1957)


Скачать/Жүктеу

Байсейітова Күләш та қазаққа есімімен танылған өнер саңлағы. Ұлтымыздың кенже туған жаңа өнер саласы – операда «Шығыстың бұлбұлы» атанып, ұлт атын дүниеге әйгіледі, тамылжыған әндерімен халқымыздың аяулысына айналды. Ән өнерін, сахна өнерін жаңа сатыға шығарды. Күләш – ел есінде, әлбетте бүгінгі аға ұрпақ өкілдері арасында әлі де сол қалпында сақтаулы дара тұлға. Қазақ қыздары арасынан өнер жұлдызы болып туып, ерте ағып түскен талант. Қыз Жібек, Ақжүніс, Сара, Ажар, Еңлік, Айман, Шұға сынды әдеби кейіпкерлерге айналып, есімдері көпке танымал болған. Қазақ қыздарының бейнелерін халқымыз Күләш келбеті, Күләш өнері арқылы танып, білді.

Өнер биігіне ерте көтеріліп, көпке кеңінен танымал болған Күләш 1934 жылы,  яғни 22 жасында Қазақстанның еңбегі сіңген әртісі, 1936 жылы КСРО халық әртісі атағын алды. 1948-1949  жылдары КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері болды. Ел өміріне, қоғамдық іске белсене араласқан Күләш бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшесі, Қазақстан Жоғарғы кеңесінің алғашқы үш дүркін депутаты болып, қоғам қайраткері биігіне көтерілді.

Сахнада ол бейнелеген қазақ және басқа ұлт операларындағы қыздар сахна өнеріндегі үлгі, кейінгі толқын өнеге тұтқан мектепке айналды. Күләш опера әншісі ғана емес, концерттік те бағдарламалармен ән салып, көрермендерін талай сүйсінткен. Спектакльдерде де басты рөлдерде ойнап, опера өнеріне әншілігі мен әртістік таланты танылып барып келген.

Күләштің толық есімі – Гүлбаһрам, Гүлбаһрам Жасынқызы Бейісова. Әншілік өнер оған белгілі әнші болған әкесінен дарыған деседі. Күләштің кинода, киножурналда, таспа жазбаларда сақталған үні тыңдаушысын әлі де сүйіндіреді. Күләш өнерде тыңнан жол салғандар қатарында, ал қазақ қыздары арасында кезінде дара шыққан жұлдыз болған.

С.Шүкірұлы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы