Тіл ғылымы, Филология

СӨЙЛЕМДЕРДІҢ СӨЙЛЕУ МАҚСАТЫНА САЙ ТОПТАСУЫ

Сөйлем болмыстағы қатынастарды білдіру үшін ғана жұмсалмайды. Кісінің тіл арқылы катынас жасауы пікір, ой айтумен катар екінші кісіден пікір білу, информация алу үшін сөйлеуіне немесе басқа біреуді іске қосу, жұмсау максатына да байланысты болады. Сөйлеудін осы максаттары тілде сөйлемнін тиянақты формалары арқылы көрінеді. Сөйлемдер сөйлеу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті, сөй-лемдер деп топталады.[58-б]

Читать полностью »

НОМИНАТИВТІ ЖӘНЕ ЕТІСТІКТІ СӨЙЛЕМДЕР

Біз ілгергі тарауда жай сөйлемдердің логикалық-грамматикалық типтерін түгел атап шықтық. Осы топтарды өзге грамматикалық белгімен тағы бір даралау мүмкіншілігі бар. Сөйлемдер бастауышының зат есім немесе етістік (есімше) болуына қарай бірінен-бірі әрі грамматикалық сипаты жағынан, әрі функциясы жағынан ерекшеленеді: Қара көріндіКөрінген қара. Жай сөйлемдерді осы белгісіне қарай топтап, даралауға негіз болатын олардың функция жағынан әрі қарама-қарсы келуі, әрі ұштас, сабақтас болуы.

Мен кітап оқыдымКітап оқығанмен. Меніқ оқығанымкітап.

Читать полностью »

СӨЙЛЕМНІҢ ЛОГИКАЛЫҚ-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТИПТЕРІ

Сөйлем болмыстағы заттардың түрлі-түрлі қатынастарын білдіреді. Бұл қатынастар топталып, абстрактыланып, белгілі логикалық зандылықтарға, фигураларға түсіп, ойда бекітіледі. Осы қорытылып, абстрактыланған қатынас сөйлемнің синтаксистік мағынасы болады. Бұл логикалық негіз өз сапасына қарай сөйлемнің белгілі тілі грамматикалық типтеріне сыйысып орныққан. Сондықтан сөйлемдерді осы белгісіне қарай топтауды логикалык-грамматикалық топтау деп атаймыз. Бұл топтаудың элементтері В. А . Богородицкийдің «Общий курс русской грамматики» (М.—Л., 1935), А. М. Пеш-ковскийдің «Русский синтаксис в научном освещении» (М., 1956) деген еңбектерінде басталды да, бұл идеяны теориялык жағынан тиянақтап орнықтырған В. Г. Адмони . Бұл топтау сөйлемдердің абстрактылық-грамматикалык, мағынасын ашып танытуға көп септігін тигізетіні сөзсіз.

Читать полностью »

ПІКІР МЕН СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖАҒЫНАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Қазақ тілінде сөйлемдердің ішіндегі ,ен көп жұмсалатыны екі мүшелі болып, бастауыш, баяндауыштан кұралады. Бұл кездейсоқ емес. Тіл мен ой тығыз байла-нысты. Сөйлем пікірді хабарлаудың амалы болғандықтан кұрылысы жағынан да оған ұқсамай, оны қайталамай тұра алмайды. Пікір әр уақыт екі мүшелі. Ол субъект пен предикаттан құралады. Пікірдің осы екі мүшесіне сөйлемде бастауыш пен баяндауыш мүшелер сай келеді. Пікірді кұраған субъект пен предикаттың қатынасы сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың қатынасы арқылы көрінеді. Дегенмен сөйлем қүрамы жағынан пікірдің кұрамына сайма-сай келе бермейді. Біріншіден, жай сөйлем екі мүшелі болып келген күннің өзінде де оның бастауыш, баяндауыш мүшелері хабарлап отырған пікірдің субъект пен предикат мүшелеріне сай келе коймайтыны да көп болады.

Читать полностью »

ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сөйлем — синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол атқаратын қызметі (функциясы) тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық белгілерін ескергенде де синтаксистік форма ретінде алынған сөзден, сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады.

Сөйлем — коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, сөз тіркесі өз беттерімен бұл қызметті атқара алмайды. Мысалы, Қала мың сан оттарымен жарқырап тұр. Осы сөйлемнің құрамынан мың сан оттарымен, мың сан деген тұлғаларды алып қарайық.

Читать полностью »

СӨЗ ТІРКЕСІ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Әр тілдің сөз тіркесінің жүйесі ерекше калыптасады. Егерде олай болмай сөз тіркесінің ережелері объективтік болмыстағы катынастарға ғана сүйеніп, тек соның тілдік эмалдар арқылы баламасын табу арқылы қалып-тасса, дүние жүзіндегі тілдер түгел бірдей болып шықпағанмен, ұқсастығы көп, жақын болған болар еді. Мысалы, тура объект пен қимылдың арасындағы қатынас қазақ тілінде тек табыс септік формасы арқылы, орыс тілінде винительный септігі арқылы білдірілер еді, ал статикалық мекен қазақ тіліне ылғи да жатыс септік арқылы, орыс тілінде предложный септігінің қатысуымен білдірілген болар еді. Осылай болса тілдерді үйрену, бір тілден екінші тілге аудару да бүгінгіден көп оңайға түсер еді. Бірақ тілдер олай қалыптаспайды, оның лексикалық жүйесі де, грамматикалық жүйесі де көптеген себептердің ықпалын көріп қалыптасады. Осыны көрнекілу үшін лексикадан алған мысалмен байқатайық.

Читать полностью »

ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Етістік сөздер сөйлемнің құрамын, кұрылысын белгілеуде ерекше орын алады. Бұл оның лексикалық, грамматикалық мағынасына байланысты. Етістік сөздің процессуалдық іс-әрекетті білдіруі, іс-әрекеттің болмыстағы қатынасының мол болуы осыған себеп.

Етістік сөздер басым компонент ретінде сөз тіркесін кабысу, матасу, меңгеру амалдары арқылы құрайды. Қабысу мен матасу амалын жұмсауда сан мөлшері жағын ескергенде, есімді тіркес пен етістікті тіркесте кеп ал-шақтық жоқ: қызыл қалам, шай қасықкеше келді, қаламның ұшыінімнің келгені т. б.

Бірақ меңгеру амалы түр жағынан да, жиілік жағынан да етістік тіркесте өте мол көрінеді.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы