Қазақ және орыс тілдерінде құрмалас сөйлемдердің екі түрі белгілі: салалас және сабақтас. Олардың екеуі де екі жай сөйлемнен тұратындықтан күрделі болып табылады. Егер сөйлемнің құрамындағы екі жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болса, ол сөйлем салалас деп аталады. Ал егер бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болса, ондай сөйлем сабақтас деп аталады. Сабақтас сөйлем басты мағынасын сақтап тұратын басыңқы және басыңқы сөйлемде айтылған мәліметке түсіндірме жасайтын бағыныңқы сөйлемнен құралған. Ағылшын тілінде де сабақтас құрмалас сөйлемдер бар және олардың аударма барысында көптеген ерекшеліктері кездеседі. Ағылшын тілінде бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге Who, what, which, that, where, when, as, because, if шылауларымен және ешбір шылаусыз қосыла алады.
Читать полностью »