Тіл ғылымы, Филология

Реалиялардың аудармасы

Реалия аудармасы – тілдің ұлттық және тарихи маңызды мәселелерінің берілуі. «Реалия» деген сөздің өзі латын тіліндегі көпше түрде қолданылатын сын есім. (realis – нағыз, шын дегенді білдіреді). Реалия көбіне затты білдіреді және оны көп жағдайда мағынасы жағынан «өмір» деген түсінікпен байланыстырадыю Сөздік анықтамаларға сәйкесб реалия бұл мәдениет, тарих мәліметтері, мемлекеттік институттар, ұлттық және фальклорлық кейіпкерлер аттарының аңыздар пәні болып табылады. Тілдерді салыстыру барысында бұл құбылыстарды білдіретін сөздер баламасы жоқ  лексикаға жатады. Баламасы жоқ сөздер деп басқа мәдениетте кездеспейтін түсініктерді білдіруге қызмет ететін сөздерді айтамыз. Олар басқа тілге бір сөзбен аударылмайды және сол тілде бұл сөздерге сәйкес баламалары болмайды.

Читать полностью »

Неологизмдердің аудармасы

Неологизмдер дегеніміз – тілде қоғамның және түсініктердің дамуына байланысты пайда болған жана сөздер жиынтығы. Осы неологизмдердіаудару технологиясы аударма тәжірибесінде өте маңызды мәселе болып табылады. Кейде белгілі бір сөздерді неологизмдер қатарына жатқызу уақыт талабына, қоғамның, ғылымның, техниканың және де әрине тілдің дамуына байланысты болады. Мысалы 100 жыл бұрын неологизмдер деп саналған самолет – ұшақ, летчик – ұшқыш сөздері және 50 жыл бұрын неологизм атанған телеведение – теледидар сөзі қазіргі таңда неологизмдер емес.

Читать полностью »

Сөз аудармасы

Ағылшын тілінен аударма барысында өз ана тілімізден ағылшын тіліндегі сөзге мағынасы жағынан жақын болатын сөзді тауып алуымыз керек. Аударма теориясында мұндай сөз лексикалық немесе сөздік сәйкестік деп аталады. Лексикалық немесе сөздік сәйкестікті дұрыс қолдану үшін сөздер арасындағы мағыналық байланыстардың келесі түрлерін айыра білуіміз керек:

  1. Ағылшын және орыс тілдеріндегі сөз мағынасы бір біріне толықтай сәйкес келеді. Контекстен тыс, ағылшын тіліндегі сөз мағынасы бірдей баламамен (эквивалентпен ) беріледі. Ондай сөздерге жалқы есімдер, сын есімдер, жер – су аттары, күн, апта, ай атаулары, ғылыми және техникалық терминдер ижатады.

    Читать полностью »

Үстеулік мағынаға ие етістіктер

Ағылшын тіліндегі әр түрлі мағыналарға ие сөздердің үшінші тобына үстеулік мағынаға ие етістіктер жатады. Мұндай етістіктер екі мағына білдіреді: бірінші мағынасында іс — әрекетті білдірсе , екінші мағынасы сол іс — әрекетті сипаттайды. Бұл етістіктердің үстеулік мағынасы келесіден көрінеді: Яғни бұл етістіктердің мағыналары толықтауышпен, үстеумен, мекен пысықтауышпен білінеді. Мысалы: Over 500 london students yesterday roared their way through fleet Street through the heart of the City demanding that “Smith must go” —  Лондондық 500 – ден астам студенттер көшеге»Смит жоғалсын» деген қатты айқалған дауыстарымен Флит – стриттан Ситидің орталығына дейін жүріп өтті. Мұнда to roar етістігі to roar one’s way through Fleet street құрылымында мағынасы бойынша айқайға ұласқан қозғалу етістігін қосып, ал to roar етістігінің мағынасын іс – қимыл пысықтауышымен жеткізуге тура келеді.

Читать полностью »

Қабылдау, сезіну және ойлау іс — әрекетін білдіретін кейбір етістіктер

Аударманың лексикалық трансформацияларын қарастыру барысында тағы бір басты назар аударатын жайт ағылшын тілінде қабылдау, сезіну және ойлау іс — әрекетін білдіретін танымал етістіктердің аударылу ерекшеліктері болып табылады. Жас аудармашылар ағылшын тіліндегі to see, to believe, to understand және to feel етістіктері бір мағыналы емес екендіктерін ұмытпау қажет, яғни оларды үнемі көру, сезу, сену, түсіну, деп аудара берген қате болады. To see, to believe, to feel  етістіктері  газетті – публицистикалық стильде түсіну, ойлау, қарастыру, санау (ойлау мағынасында) деп аударылса, to understand етістігі әдетте  сomplex object (күрделі бастауыш) айналымдарында орыс тіліндегі клише – формуласына  – мәлім болғандай деп аударылады. Мысалы: Ch.P. Snow is understood to be a great promoter and populariser of Soviet Literature in England – Мәлім болғандай, Чарльз Сноу кеңес әдебиетін Англияда танымал етіп жүр.

Читать полностью »

Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялар.Халықаралық сөздер

Аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінулеріне тура келеді деген сұраққа әр түрлі себептер бар. Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір – бірімен сәйкес болу шарттары , әрбір тілдің сөздік қорлары-міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл мәселелердің бірден шешу жолдарын табу да мүмкін емес. Сондықтан жас аудармашыларға осы мәселелермен жеке-жеке танысып , олардың әрқайсысының ерекшеліктерін аударма барысында және теория жүзінде бөлек танысуға тура келеді. Лексикалық трансформация бөліміне лексикалық – стилистикалық құбылыстардың тек кейбіреулері ғана енгізілген.

Читать полностью »

Модальді етістіктер және олардың баламалары. Модальді сөздер және тіркестер

өте кең таралған ұғым. Ол сөйлеушінің нағыз іс-әрекетіне деген қатынасын білдіреді. Модальділік модальді етістіктер мен олардың баламалары мен модальді мағыналарын білдіреді, яғни олар мұқтаждық, мақсаттық, мүмкіндік және басқалары болуы мүмкін. Сондықтан олар әртүрлі қажетті жағдайларда қолданулары мүмкін. Бұл жерде біз тек ғана can, may, must, shall, should сияқты модальді етістіктерді қарастырамыз. Олардың баламалары, яғни  to have + infinitive және to be + infinitive етістіктерімен жасалатын тіркестер де орасан маңызға ие. Бұл тіркестер міндетті түрде мәжбүрлікті білдіреді. To be етістігімен жасалатын тіркестердің бұйрық күші немесе келісімге келе отырып жасалынатынын, яғни талқыланып қойылған мұқтаждықты білдіретінін ұмытпаған жөн. Әсіресе шартты сөйлемдерде to be + infinitive тіркесіне көңіл аудару керек, өйткені ол тілекті білдіреді.

Читать полностью »

14 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы