Тіл ғылымы, Филология

САН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Сан есімдер басыңқы компонент болып негізінен матасу, формалы сөз тіркесін күрайды.

Сан есімді тіркестер бағыныңқы компонент ретінде бөлшекке түсетін заттарды атайтыи зат есім сөздерді, субстантивті сын есімдерді және сан есімдерді катыстырып, тұтас, көп зат пен оның бөлшегінің қатынасын білдіреді: балалардың төртеуі, қызылының біреуін (бер), жиырманың төртеуі.

Читать полностью »

МАТАСУ АМАЛЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН СЫН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Сын есімдер бұл тіркеске басыңқы компонент болып тек субстантивтеніп қатысады. Бағыныңқы компонент болын зат есім, есімдік, сын есім сөздер қатысады: бояудың көгі, жүйріктің жүйрігі. Соңғы екі мысал «зат есім— сын есім», «сын есім — сын есім» болып құралған сөз тіркестерінің көбінесе сынды талғаулық, тандаулық ретте атау үшін жұмсалатынын байқатады. Төрт аяқтының жүйрігі, ақылдының ақылдысы. Бұлар — өте жүйрік, өте ақылды деген сияқты таңдаулы шырай формаларына функция жағынан жарысып жұмсалатын тіркестер. Талғаулық, таңдаулық мағына беру қызметінде аталған тіркес ауызекі сөйлеу тіліңде ғана жұмсалады.

Читать полностью »

МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЗАТ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Меңгеру амалы арқылы құрылатын зат есімді сөз тіркестері өлшеулі синтаксистік аяда көрінеді.Бұл сөз тіркесінде бағыныңқы компонент барыс септік формасында меңгеріліп зат пен заттың арасындағы қатыстық байланысты білдіреді.

Асқарға інімін, үйірмеге мүше, звеноға бастық, балтаға сап, арбаға оқтық т. т.

Бағыныңқы компонент болып субстантивтенген есімше жұмсалғанда да осы қатынас білдіріледі: сыйлағанға құл, келгенге рахмет, келмегенге салауат.

Читать полностью »

МАТАСУ АМАЛЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЬІЛҒАН ЗАТ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Матасу деп сөз тіркесіне енген екі сөздің де біріне-бірі іліктес грамматикалық формалар алып байланысу амалы айтылады. Бұл формалар — ілік жалғауы мен тәуелдік жалғауы. Басым сөз тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып, бағыныңқы сөз ілік септікті тұлғада тұрады. Сөз тіркесі анықтауыштық қатынасты білдіреді: көшенің жиегі, машинаның кабинасы.

Сөз тіркесіндегі екі сөздің формасы біріне-бірі ылғи қатысты. Тәуелдік формалы сөз, ілік формалы сөзді қажет етсе, ілік формалы сөз де тәуелдеулі сөзді тіркеске шақырып тұрады. Ең жалпы грамматикалық сипатына қарай, біз матасып тіркескен сөздерді өзара анықтауыштық қатынаста тұрады деп атадық.

Читать полностью »

«САН ЕСІМ —ЗАТ ЕСІМ» ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Сан есім сөз бен зат есім қабысу амалы арқылы сөз тіркесін құрғанда, олар өзара анықтауыштық қатынасқа түседі. Бағыныңқы компонент ретінде енген сан есім сөз заттың сандық сынын, сапасын білдіреді. Тіркеске сан есімнің жинақтық деп аталатын түрінен басқасы түгел (есептік, реттік, бөлшектік) қатыса алады: екі концерт, екінші қатар.

Көп жағдайда сан есім сөздер килограмм, метр, тонна, жасар, күндік деген сияқты сөздермен бірігіп тіркеске бір компонент ретінде катынасады: үш метр мата.

Читать полностью »

«СЫН ЕСІМ — ЗАТ ЕСІМ» ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

«Сын есім — зат есім» типті сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер анықтауыштық (атрибутивтік) қатынасты білдіреді: қызыл түс, ауыр жүк. Тіркеске сапалық та, қатыстық та сын есім сөздер бағыныңқы компонент ретінде қатыса береді: қалың киіз, салмақты мінез. Сын есім дара, күрделі түрінде қатысады: сары ала сиыр, ұзын бойлы жігіт, қаба сақалды шал. Сын есім сөздер басыңқы компоненттің түсін, дәмін, көлемін, салмағын, бейімділік (алғыш, жүгіргіш) сияқты сапаларын атап анықтайды. Зат есім сөздермен сын есім сөздердің тіркесу мүмкіншілігі олардың семантикасына, яғни сын мен заттың болмыстағы байланысына, сыйыстығына бағынышты: Мысалы, сайтерең, кең, жазық, тоғайлы, ыстық, суық. Бірақ биік, қыңыр сын есімдер сай сөзімен тіркеске түсе алмайды.

Читать полностью »

СӨЗДЕРДІҢ ТІРКЕСУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН БАЙЛАНЫСУ ФОРМАЛАРЫ

Мақсаты: Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формаларын түсіндіру.

Сөз тіркесіне енген сөздерді байланыстыру үшін тілде мынандай тәсілдер жұмсалады:

1. Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік жалғаулар). 2. Шылаулар (жалғаулық, септеулік), 3. Сөздердің орын тәртібі, 4. Интонация.

Осы амалдарды біз былай топтап атаймыз: қосымшалар синтетикалық тәсілдер деп, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интотацияны аналитикалық тәсілдер деп аталады. Осы аталған тәсілдерді қолданып сөз тіркестерін құрауда тілдің қалыптастырған формасы бар. Сөздердің тіркесу формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу .[13-б]

Читать полностью »

14 страниц« Басына...567891011121314



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы