Скачать/Жүктеу
Сан есім сөз бен зат есім қабысу амалы арқылы сөз тіркесін құрғанда, олар өзара анықтауыштық қатынасқа түседі. Бағыныңқы компонент ретінде енген сан есім сөз заттың сандық сынын, сапасын білдіреді. Тіркеске сан есімнің жинақтық деп аталатын түрінен басқасы түгел (есептік, реттік, бөлшектік) қатыса алады: екі концерт, екінші қатар.
Көп жағдайда сан есім сөздер килограмм, метр, тонна, жасар, күндік деген сияқты сөздермен бірігіп тіркеске бір компонент ретінде катынасады: үш метр мата.
Сан есім сөздер мен зат есім сөздердің тіркесуі олардың семантикасына ғана байланысты. Сандық өлшемге түсетін затты білдіретін есім сөздердің барлығы сан есім сөздерді бағыныңқы компонент ретінде тіркесіне ала бе-реді. Зат есім сандық өлшемге түспейтін затты, құбылысты білдірсе, онда ол сан есіммен тіркеспейді. «Сан есім — зат есім» типті тіркеске сөздердің кірігуін бағдарлайтын басқа стильдік норма жоқ.[18-б]