Тіл ғылымы, Филология

Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының тууы. Әдебиет сынының арналары

Лекция мақсаты:

Қазақтың  сыни  пікірінің  оянуы  және  әдебиет  сынының  тууы туралы түсінік беру. Әдебиет  сынның  арналарымен таныстыру.

Сұрақтар:

  1. Әдеби сын арналары
  2. Сынның жанрлық түрлері
  3. Халықтық эстетика

Читать полностью »

Әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлер

Лекция мақсаты:

Әдеби сын туралы ғылыми түсінік қалыптастырып, сынның басты белгілерімен, әлемдік әдеби-эстетикалық ой-пікірлермен таныстыру.

Сұрақтар:

  1. Сын туралы түсінік
  2. Қазақ әдеби сынның жай-күйі
  3. Қазақ әдебиеті сыны тарихының зерттелу жайы

Читать полностью »

Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі ХХ ғ. басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 

Диссертациялық жұмыста ірі энциклопедист ғалым, қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдебиет теориясының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының – сөз өнерінің теориялық сипаты жөніндегі тұжырымдары талқыланып отыр. Ол тұжырымдар ғалымның 1926 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде баяндалғаны белгілі. Жұмыста ғалымның теориялық пайымдары негізінен ХХ ғасыр басындағы ресей және дүниежүзілік әдебиеттану ғылымының контексінде (Б.В.Томашевский, В.М.Жирмунский, А.И.Белецкий, Г.О.Винокур, Ю.Н.Тынянов, Р.Якобсон, В.Кайзер, Г.Г.Гадамер, В.Б.Шкловский, М.М.Бахтин, Цв. Тодоров, Р.Уэллек және О.Уоррен, Ю.М.Лотман, М.Гаспаров) талданады. Сонымен қатар, қазіргі әдебиеттану ғылымының теориялық және әдістемелік тәсілдері де бұл диссертациялық жұмыста қамтылды. «Әдебиет танытқыштағы» әрбір категорияның табиғатын ашу барысында бүгінгі әдебиет теоретиктерінің (В.Шмид, Е.Фарино, В.Е.Хализев, С.Н.Бройтман, Н.Д.Тамарченко, И.В.Силантьев, О.А.Клинг, Д. Каллер, В.И. Тюпа, С.Н.Зенкин т.б.) зерттеу тәсілдері де назардан тыс қалмады. Зерттеу барысында ғалымның сөз өнерін зерттеуге арналған әдістемелік ұстанымы басшылыққа алынды. Негізінен мұндай тәсілдің яғни, «Әдебиет танытқыштағы» жүйенің сақталу себебі ‑ пән талабынан шығып отыр. Кітап басындағы «Аңдату» тарауындағы өнердің жүйесінен бастап, драманың қасиеттеріне дейінгі аралықта – А. Байтұрсынұлы сөз өнерінің ішкі спецификасын жан-жақты аналитикалық талдаудың озық үлгісін көрсетеді. «Әдебиет танытқыштағы» бұл зерттеу жүйесі бүгінгі күн талап тұрғысынан да шығып отыр.

Читать полностью »

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

КІРІСПЕ

         Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әр қаламгерді оның әдеби ортасынан жеке-дара алып қарау, тану біржақты болмақ. Ақын, немесе жазушы өз ортасында өсіп, содан сусындап, шыңдалып қана қоймай, біте қайнасып, сол қауымның өкілі ретінде ғұмыр кешеді. Рухани дүниесі толысқан шақтан бастап айналасына ықпалды болған тұлғалар өз әдеби ортасын қалыптастырады. Демек, белгілі бір әдебиет өкілінің шығармашылық өсуіне ықпал ететін үрдістер және сол тұлғаның кемеліне келгеннен кейін өз айналасына, кейінгі буынға әсері деген мәселелер әдеби орта ұғымын тудырады.

Абайдың әдеби ортасы дегенде белгілі бір тұлғаның ақындық жолына өз әсерін тигізген, рухани жетілуіне темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен сөз зергерінің әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз.

Читать полностью »

«Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы» (Б.Соқпақбаев, М.Гумеров, М.Қабанбаевтың шығармалары бойынша)

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қазақ балалар  әдебиеті — өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан,  мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.
Көркем әдебиеттердегі баланың,  яғни кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың қалыптасуының өзіндік ерекшелігі де бар. Осы орайда, жекелеген ақын-жазушылардың тілдік тұлғасын қарастырған зерттеу еңбектері болғанымен белгілі бір кезеңге тән балалар тақырыбына жазылған шығармалардағы кейіпкердің тілдік ерекшелігін, ой-танымы мен болмыс-бітімін салыстыра отырып, оны антропоцентристік аспектіде, жас ерекшелік психологиясына сай бала танымын этностың танымдық дүниесімен тығыз байланыстыра зерттеу осы кезге дейін қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистикада арнайы қарастырылмағаны белгілі. Осыған байланысты таным – мәдениет – тіл үштігінің принциптері негізінде, балалар шығармаларындағы кейіпкерлердің танымдық ерекшелігін тілдік фактілер арқылы когнитивтік құрылым тұрғысында ғылыми талдау қай кезде болса өзекті мәселе болып табылады.

Читать полностью »

Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы

І.1Тілдік тұлға және оның мәдени құзіреті

Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік, ұғым, пайымдаулар ғылыми пән ретінде өмірге кездейсоқ келмегені белгілі. Тілдің қасиеті, сөз құдіреті жөніндегі өмірден түйген түйінді ойларын (тіл туралы мақал-мәтел, фразеологиялық сөз орамдарын т.б.) халықтың метатілдік рефлексиясы деуге болады. Әсіресе сөз мәдениетіне қатысты мақал-мәтелдердің мазмұнындағы терең пайымдаулар тілдің қоғамдық-әлеуметтік тіршілігімен байланысты екенін айқын аңғартады.

Сөз мәдениеті: советтік және постсоветтік кезең. Сөз мәдениеті жөнінде ғылыми ұғым, пайымдаулардың дүниеге келуі, сөз мәдениетінің жеке пән ретіндегі объектісі, көтеретін мәселелері, терминологиясы, зерттеу әдістері, бір жағынан, тілдің этос, пафос, логос тәрізді қоғамдық тіршілігімен, екінші жағынан, қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық ойдың өрістеуімен байланысты қарастырылады.

Читать полностью »

Қазақ тілі жайында бірер сөз немесе Қазақ тілі туралы ой толғау

Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры да. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.

Читать полностью »

14 страниц« Басына...567891011121314



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы