Тіл ғылымы, Филология

Білiм беру және тiл оқыту салаларында тiлдiк даму

Тiл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының бiрi қоғамдағы жалпы мәдениеттiң құрамдас бөлiгi болып табылатын тiлдердi оқытудың толыққанды жүйесiнiң тұрақты қызмет етуiн ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады. Аталған жүйе түрлi деңгейлерде және әр түрлi нысандарда жүзеге асырылатын өзара байланысты сабақтас және мүмкiндiгiнше үздiксiз процесс болуға тиiс. Қазіргі уақытта Бұл саладағы негiзгi назар жеткіліктi көлемде лингвистикалық даярлықты жүзеге асырудың неғұрлым оңтайлы әрi табиғи жолы болып табылатын әр түрлi оқу және тәрбие мекемелерiне аударылып отыр.

Читать полностью »

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ өлеңі әлеміндегі көркем ой философиясын бағындырған қайталанбас тілдік тұлға Жұмекен Нәжімеденов өлеңдерінің тілі «ауырлығымен» байланысты күрделі, кешенді жүйе ретінде тілтанымдық адамтану (антрополингвистика) аспектісінен зерттеуді қажет етеді. Өйткені жұмекентану алдындағы Жұмекеннің «тереңіне жетпеу» мәселесі оның «күрделі» болмысына сай туындады. Және әлі күнге өз шешімін таппай отыр.
Ақын өлеңдерінің идеялық мазмұны мен тақырыптық, жанрлық-бейнелік ерекшеліктеріне әдебиеттанушы ғалымдар арнайы зерттеу арнамағанымен, кезінде ол туралы Ғ.Қайырбеков, Ә.Кекілбаев, Қ.Мырза әлі, т.б. сынды ақын-жазушылардың таным-таразысынан өткен пікірлері бар. Өкінішке қарай, өзектілігін жоймаса да, ғылыми еңбектердің (монография) ұстын-ұстанымы бола қойған жоқ. Сондықтан Жұмекеннің «тереңіне жету» кешеуілдеп келеді.
Ақынның «жұмбақ» атанып, жұмекентану саласының қалыптаспауының бір себебі – осыған дейін мәселе тек ақынның «қиынырақ қиысқан» өлеңінен ізделініп келді. Ол ақынның оқырман-адресат адресіне арнаған «өкпесін» («түсінетін құлақ – қыңыр, көз – надан») көрсетті де, біржақты бағаланды.

Читать полностью »

Газет материалдарын ұйымдастыру және жоспарлау

Баспасөз материалдарын беттеу

Барлық кәсіпорындар сияқт баспахана да жоспармен жұмыс істейді. Газеттер, журналдар, кітаптарды беттеуде цехтың да өзінің өндірістік жоспары болады. Бетту цехының ойдағыдай жұмыс істеуі, қолмен істелетін процестер  мен теру машиналарының толық та біркелкі жұмыс істеуіне, олардың бос тұрмауына байланысты. Цехтың жоспарына сәйкес редакциялар мен баспалар, график бойынша, теруге әзірленген түп нұсқамен, макеттермен және оқылған басылым көшірмелерімен, графикалармен, қос беттермен цехты мерзімінде қамтамасызетуне байланысты.

Читать полностью »

Тілді қорғау – елдің бірлігін қолдау

(Алматыда «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өтті)

Жуырда Алматы қалалық әкімшілігінің арнайы рұқсатымен ана тіліне жанашыр азаматтардың бас­тамасымен мемлекеттік тілді қолдау мақсатында митинг өткізілді. «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына еліміздегі тіл жанашырлары, ұлт зиялылары, партия, қоғамдық ұйым мүшелері мен қала тұрғындары, жастар қатысты. Жиында мемлекеттік тіл аясында қордаланып қалған қадау-қадау мәселелер көтерілді. Бұл шараға Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қабдеш Жұмаділов, Тұрсынбек Кәкішев, Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Асылы Осман, Қазыбек Иса сынды қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар келіп, мемлекеттік тіл төңірегіндегі ой-пікірлерін ортаға салды.

Читать полностью »

Тіл мәртебесі ұлықталды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қазақ тілі – ана тілі» атты байқау өткізілді. Қазылар алқасын комитет төрағасының орынбасары С.Нұрлыбай басқарып, Тілдерді дамыту басқармасы, Руханият орталығының қазақ тілінің оқытушылары төрелік етті.

Читать полностью »

Қазақстан халқының барлығы мемлекеттік тілде сөйлеуі керек, мен солардың бірі ғанамын дейді қазақ тілін жетік меңгерген молдаван қызы Алла Платонова

«Тәуелсіздік не берді» деген сұрақ қа­зір жиі қойылады. Тәуелсіздік ал­дымен өз жерінде өгей баладай есіктен қарап қалған қазақ тілін төрге оздырды. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды. Тәуелсіздік тұстастарының бүгінде мемлекеттік тілде білім алып, мемлекеттік тілді ана тілім деп есептеуі де еліміздің ұлы бостандығының жемісі. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің үшінші курс студенті Алла Платонова мемлекеттік тіл жөнінде өткен облыстық, республикалық талай сайыстардың жүлдегері. Ол қазақстандықтардың барлығы мемлекеттік тілді білуі керек есептейді.

Читать полностью »

ТӘУЕЛСІЗДІК ФИЛОСОФИЯСЫ

Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас дегендей, ойшыл, еліміздің білікті азаматы, Қазақстан Республикасының Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Досмұхамед Кішібеков Қазақстандағы философия ғылымының бастауында тұрған ақсақалы. Өмірінде жарқын мінезді, адамгершілігі мол азамат.
Бүгін Досмұхамед Кішібекұлы үлкен ғылыми нәтижеге жетсе де өмірі шығармашылық идеялар мен ізденістерге толы. Ол ғылыми және педагогикалық істің ең жоғарғы деңгейіне жетті, мыңдаған студент, магистрант, аспиранттарды оқытып ізбасарларын даярлады.

Читать полностью »

14 страниц« Басына...567891011121314



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы