Тіл ғылымы, Филология

Іс-әрекет жалғастырушы инфинитив

Инфинитивтің көптеген функциялары арасында инфинитивтің іс-әрекет жалғастырушы пысықтауыш функциясын атап өткен жөн. Бұл созылмалы немесе іс-әрекет жалғастырушы инфинитив деп аталады. Бұл функциядағы инфинитив жалғасатын іс-әрекеттерді білдіретін сөйлемдерде қолданылады. Мысалы: I woke up one morning to find myself famous – Мен тамаша бір таңда оянып, өзімнің танымал екендігімді анықтадым. Бұл аударманы дұрыс түсіну үшін ағылшын сөйлемінде бірқатар өзгерістерді енгізу қажет. Мысалы: I woke up one morning and found that I was famous — Мен тамаша бір таңда оянып, өзімнің танымал екендігімді анықтадым.

Читать полностью »

Nominative with the infinitive айналымы немесе инфинитивтің екінші баяндауыш ретінде қолданылуы

Туынды етістіктің эпитеті ретіндегі инфинитив көп қолданылмайды. Туынды етістік әрқашанда тіркес болып келеді. Ол әдетте ырықсыз етістегі баяндауыш етістіктен және етістіктің кей мағынасын білдіретін инфинитив немесе есімше формасынан тұрады. Бұл әдетте физикалық қабылдау, ой және сөйлеу белсенділігін білдіретін етістіктер және де каузативті етістіктер болып келеді. Бұл айналым өзінің ықшамдылығының арқасында және де келтірілген мәлімет үшін жауапқа тартылу мүмкіндігінің арқасында газетті публицистикалық стильде кеңінен таралған. Мысалы: Over a hundred people are believed to have been drawned during the rescued flood in Pakistan – Пакистанда жақында болған су тасқынынан жүзден аса адам көз жұмды деген мәлімет таралды.

Читать полностью »

Инфинитивтен жасалатын құрылымдар мен комплекстер

Ағылшын тілінде инфинитивті қолданудың ерекшеліктері оның функциясын анықтауды қиындатады және оның аудармада толық аударылуын толық қамтамасыз етпейді. Инфинитивтің төрт түрлі құрылымдары бар. Олар:

1. for-phrase айналымы.

2. nominative with the infinitive айналымы (мұнда инфинитив екінші баяндауыш ретінде қолданылады).

3. іс-әрекет жалғастыруша инфинитив.

4. адьективті (сын есімді) сөз тіркестерде қолданылатын инфинитив.

Читать полностью »

Ырықсыз етісте жасалатын құрылымдар

Ағылшын тіліндегі пассивтік құрылым үлкен жүйелілікті көрсетеді. Жанама толықтауыш пассивтік құрылымның сақтаушысы бола алады. Ол септік жалғауларының жойылуының және бірнеше есімдіктер мен жалпы зат есім топтарының арасында формальді айырмашылықтың болмауының қорытындысы болып табылады. Мысалы: Mr. Winkle stooping forward with his body half doubled up, was being assisted over the ice by Mr. Weller. Бұл мысалда to assist баяндауышы жанама толықтауыш болып тұр. Уинкл мырза Уиллер мырзаның көмегімен жартылай еңкейіп, мұз үстімен жүріп өтті. Аудармада пассивтік құрылымның сақталуы үшін лексикалық трансформацияларға көз жүгірту керек: In fact, being with here tonight was really an adventure, and somehow quite a wonderful adventure. But being an English adventure it was liable to be rained upon and at this very moment down the rain came.

Читать полностью »

Сөйлемдерді талдау. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі сөйлем түрлері

Cөйлем талдаудың танымал жолы сөйлем мүшелері арқылы жүзеге асады. Ал сөйлем мүшелерін зерттейтін ғылым синтаксис деп аталады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 5 сөйлем мүшелері бар. Оның 2-еуі тұрлаулы, 3-еуі тұрлаулы мүшелер. Егер сқйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, ол сөйлем грамматикалық негізде құрылған деп аталады.

Main parts- тұрлаулы мүшелер

Читать полностью »

Мәтіннің мағыналық және тілдік құрамына бүтіндей жол табу коммуникативті жағдайлардың экстра-лингвистикалық факторлардың тізімі

Аударманың жалпы теориясы аударманың сапасының бағасы ретінде пайда болатын аударма нормалары түсінігін береді. Аударма лингвистикасы қатарында теориялық және нормативті бөлімдері бар. Аудармашы алдымен өз іс-әрекеттерінің мақсатын айқындап осы мақсатқа жету жолдарын іздеу керек. Бұл үшін аудармашы аударманың негізі теориямен, соныңішінде аудармашы өзі жұмыс жасап отырған саланы жетік білуі тиіс. Сондықтан нақты мәтін шарттарына сәйкес келетін аударманың қолайлы тәсілін қолдану және аударма процесінің нәтижесінде әсер ететін прагматикалық факторлардың тізімін табу да аудармашының маңызды жұмыстарының бірі. Аударма сапасы аударманың түпнұсқаға мағыналық жақындығы деңгейімен беріледі. Сондықтан түпнұсқа мәтіндері мен аударманың жанрлық-стилистикалық тәуелділікпен және аударма нұсқасын таңдауына әсер ететін прагматикалық факторларымен беріледі. Бұл аспектілер аудармашының стратегиясын анықтайды. Аударма нормасы бес түрлі нормативті талаптар нәтижесінде қалыптасады.

Читать полностью »

Жазбаша аударма тәжірибесі

Жазбаша аударма тәжірибесі пәні жазбаша аударманың технологиясын, түрлерін ерекшеліктерін зерттейді. Пәннің басқа пәндер секілді

аудармашыны дайындауда маңызы орасан зор. Оның өзіндік мақсаты, міндеті, және талаптары бар.

Пәннің мақсаты – тіларалық коммуникация жағдайында баламалық аударманы қамтамасыз ету, студенттерде практикалық жәене аудармашылық дағдыны қалыптастыру. Алайда негізгі мақсаты – студенттерге аударманың техникалық сатылары және ерекшеліктері туралы түсінік беру; түпнұсқа және аударма мәтіндерін салыстыра отырып ондағы ұқсастық пен айырмашылықты талдап айыра білу.

Читать полностью »

14 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы