Жақсы кәсіби аудармашы жиі көлеңкеде қалып қояды. Бұл мамандықтың өзіне тән қағидасы. «Байқалмау, өзімен-өзі бейтарап болу» жақсы аудармашының ажырамас құндылығы. Жақсы аударма оқушылар мен тыңдармандарға аударма сияқты қабылданбайды, ол өз ана тілінде жасырылған мәтін сияқты қабылданады. Дарынды аудармашылардың арқасында – Хемингуэй, Демарка, Грэма Грин шығармалары ана тілінде сөйлейді, біз оларды оқимыз және де жатқа айтамыз. Дарынды аудармашылардың арқасында біздің балаларымыз Андерсен ертегілерін тыңдайды, ағылшын тілінде өлең айтады, ағылшынша «Humpty-Dumpty» оларға түсінікті әрі туғандай болып кеткен Шалтай –Балтай. Бірақ аздаған оқыған, аса білімді адамдардың біразы ғана мынадай аса дарынды аудармашылардың есімін біледі, мысалы Райт -Ковалева немесе Кашкина. Олардың орыс мәдениетіне сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.
Читать полностью»

23.02.2012
aslan
Рубрика: 
Жазбаша аударма деп аударманың тіларалық сөйлесу барысында (түпнұсқа және аударма мәтіні), аударма барысында жазылған мәтіндерге аудармашы бірнеше мәрте қарап, тексеріп, түзете алатын аударма түрі аталады. Бұл аудармашыға аударылып отырылған мәтіннің үзінділерін қайталап қарауына, оларды аударманың сәйкес үзінділерімен салыстыруына, аударманы Рецепторға бергенге дейін, яғни аудару үрдісінің аяқталуына дейін аударма мәтініне қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Жазбаша аударманың классикалық мысалы болып аудармашы түпнұсқаны жазба мәтін түрінде қабылдап, аударма мәтінін жазба мәтін ретінде жүзеге асыруы табылады. (Осы жерден жазбаша аударма деген атау шыққан).
Ауызша ілеспе аудару
Адамдар тек бір тілде ғана емес, бірнеше тілде сөйлей алатындықтан аударма міндетті түрде керек. Сондықтан тілшілер тілдің ситуациялық жағдайларын тек бір мемлекеттің көлемінде ғана оқып үйреніп жатқан жоқ, бір мәселені әлемдік жағдайға қарастырып жатыр. Енді көптілділік болғандықтан аударманың болу керектігі анықталды. Аударма тілдік кедергілерді жоятын күрделі құрылымға айналды. Тіл білімі мен аудармашылықтың алдында бұл тілдік барьерлер қалай пайда болды және оны жоятын қандай күш ойлап табуға болады деген сұрақтар тұрды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін айтарлықтай ақпараттық жарылыс деп аталған дүмпу болып өтті. Адамдар мен халықтар арасында бір-бірімен ақпараттық алмасу қатынасы күрт көбейді. Бұл құбылыс “аудармашылық жарылыспен” қатар жүрді де, дүние жүзінде аударма ісі қызметінің қолданылу аясын кеңейтті.
Қазіргі қоғамда аудармашылық қызметтің қолданылу шеңбері күн сайын кеңейіп,үлкен әлеуметтік сұранысқа ие болып отыр. Көптеген мемлекеттерде арнайы оқу орындары ашылып,кәсіби аудармашы мамандарды даярлай бастады. Бұған дейін аударма жұмысымен басқа да мамандық иелері айналыса бастаған. Аудармашылық жұмыс қоғамдық ортаның көпшілігін қызықтырды. Осының нәтижесінде көптеген зерттеулер жүргізілді де, жаңа ғылыми пән пайда болды.Ол қазіргі заман талабына сай-аудармашылық мамандық.