Аудармашының тіларалық делдал, жеткізуші ретіндегі ұстанатын негізгі делдалдық бағыттары: коммуникатифтік, мәдениаралық, аудармашылық, ұйымдастырушылық


Скачать/Жүктеу

Жақсы кәсіби аудармашы жиі көлеңкеде қалып қояды. Бұл мамандықтың өзіне тән қағидасы. «Байқалмау, өзімен-өзі бейтарап болу» жақсы аудармашының ажырамас құндылығы. Жақсы аударма оқушылар мен тыңдармандарға аударма сияқты қабылданбайды, ол өз ана тілінде жасырылған мәтін сияқты қабылданады. Дарынды аудармашылардың арқасында – Хемингуэй,  Демарка, Грэма Грин шығармалары ана тілінде сөйлейді, біз оларды оқимыз және де жатқа айтамыз. Дарынды аудармашылардың арқасында біздің балаларымыз Андерсен ертегілерін тыңдайды, ағылшын тілінде өлең айтады, ағылшынша «Humpty-Dumpty» оларға түсінікті әрі туғандай болып кеткен Шалтай –Балтай. Бірақ аздаған оқыған, аса білімді адамдардың біразы ғана мынадай аса дарынды аудармашылардың есімін біледі, мысалы Райт -Ковалева немесе Кашкина. Олардың орыс мәдениетіне сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.

Сонымен, жақсы аудармашы көрінбейді, білінбейді. Кәдімгі, орта деңгейдегі аудармашы – бұл кәсіби маман емес, бұдан да төмен аудармашыдар бар екендігін айтпауға болмайды.

Нашар, көңілімізден шықпайтын аудармашылар туралы анекдоттар өте көп. Біз ол туралы кейін айтамыз, ал әзір өмірден бір мысал келтіріп кетейік: Халықаралық ғылыми конференцияның ашылу салтанаты.  Қатысушыларды таныстырып тұрған төраға былай дейді: «Бізді өзінің қатысуымен  белгілі ас тәжірибеші профессор Х қуантып отыр» Ал аудармашы –синхронист былай аударады: «We are honored by the presence of Professor X, known as an ass of experiment», бұл хабарлама ағылшын тілді аудиторияны күлкіге батырды. Профессор Х қалжыңды түсінетін, қалжыңдай алатын адам еді. Үзілісте аталған профессор кабинадағы синхронистерге келіп былай деді: «Boys, you were right». Бәрі өте сәтті аяқталды, бірақ осы жайт туралы ойланайықшы. Бұдан біз қандай білім, қандай үлгі алып, қандай қорытындыға келеміз?

Аудармашы үшін негізгі және өте маңызды сабақ-бұл аудармашының үнемі жұмыс үстінде болатындығы, үнемі «өте тар және сенімсіз сүрлеу» мен анық емес тіларалық сәйкестікпен жүретіндігі. Өмір бойы жинаған кәсіби аудармашының беделін бір ғана сәтте жоғалтып алуға болады. Оған мысал жоғарыда айтылған профессор туралы жайт. Аталған оқиғадағы «асе» және «ass» сөздері фонетикалық жағынан бір-бірімен өте жақын. Ал мүмкін, елдің бәріне бірдей тек «ass» естілді де, аудармашың аударымы дұрыс болған шығар?  Ал мүмкін беделді аудиория аудармашы арқылы  күлгісі келген болар. Алайда, қадірменді оқырман, шынын айтсақ, бұндай жағдайлар жиі кездесетіні рас.

Бұл жерде еске сала кету керек, аудармашы дұрыс аудармады деп итере салу біздің функционерлер мен дипломаттарға тән әдет. «Бұл жерде аудармашы бірдеңені шатастырып алды немесе («нахамутал»)-бұл тіркес үнемі мынадай екі жағдайда айтылады: бірде функционердің өзі ойға сыймайтын бірдеңені айтып қалады да, өзі осы ыңғайсыз жағдайдан қалай шығуды білмей, далбасалайды,немесе уақытты соза тұрады. Кейде кейін барып (бірақ өте сирек) аудармашыдан кешірім сұрайды,бірақ көбінесе бұндай жағдайға тіпті мән де берілмейді, «ескерілмей қалады». Бұл айтылған аудармада «асе»деген сөзді қолдану керек болатын, «ass» дұрыс аударма емес.

«Үнемі дайын бол!»-бұл аудармашының негізгі ұстанатын қағидасы. Егер сен сөздің осылай айтылатынына сенімді болмасаң, не сөздің мағынасын түсінбесең, онда сол сөздің баламасын немесе синонимін тауып ауыстыр.

«Ас» сөзін аударғанда, аудармашы «асе» сөзінің орнына , айталық, «master» сөзін  қолданса, ешқандай мағынасын жоғалтпайды. Айта кету керек, жоғарыдағы мысалда біз айтқан аудармашы өте жақсы аудармашы, тек ол әрбір сөздің мағынасын түпнұсқадағыдай бергісі келді.

Аудармашының кәсіби шеберлігінің төмендігінің басты себебі-жоғары сапалы аудармаға деген сұраныстың аздығы. Сұраныс берушілерді сапасы төмен аударма да қанағаттандырады (түсінікті болса жеткілікті).

Сапасы жоғары аудармаға сұраныс өте аз, оны орындайтын аудармашылар саны да өте аз: онымен жақсы ақша төленетін жоғары сапалы аудармашылардың аз ғана тобы айналысады.

Кеңес үкіметі кезінде сапасының жоғары болуымен әдеби аудармалар ерекшеленетін. Ал қазіргі кезде біздің нарық төмен сапалы детективтер мен, телесериалдардың сюжеттеріне бай. Солардың кесірінен,әдеби шығармалардың аударма сапасы күрт төмендеп кетті.

Біздің қоғамымызда жоғары сапалы аударманы (негізінен ауызша, сатылы,синхронды)дүниежүзілік ұйымдар, Халықаралық Банк, Халықаралық валюталық фонд және осыған ұқсас мекемелер, шетелдік ірі фирмалар талап етті. Бұл аударма ісінің нарығында салыстырмалы түрде өте аз еді және аудармашылардың аз ғана элиталық тобымен қамтамасыз етілетін. Жалпы алғанда жоғары сапалы аудармаға сұраныс төмен болды, бірақ нарық әлемінің глобальді шарықтау аясы болашақта оны күрт өседі деп есептейді: жоғары сапалы аудармаға деген сұраныстың  төмендігі аудармашылар дайындығының төменгі сатыда екенін көрсетеді.

Біздің елде аудармаға үйретпейді, біздің елде шетел тілдерін үйретеді. Тіпті аудармашыларды дайындайтын арнайы бөлімшелерде, оның өзі біздің елде аса көп емес, санаулы ғана, аудармашыларды дайындау ісі көңілден шықпайды. Аудармашыларды дайындау ісінде шетел тілін білу өте қажет екендігі жиі ұмытылады. Өзінің туған ана тілін білу де өте маңызды. Аудармашы кейде өзін ит сияқты сезінеді, бәрін түсінеді, бірақ айта алмайды деген пікір бекерге айтылмаған. Аудармашы өз ана тілінде дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білуге тиісті, оның аса бай сөздік қоры болмағанымен оны дұрыс қолдана білуге міндетті. Өз аударып отыратын адамның сөзін, стильдік мағына жағынан дұрыс жеткізуі керек. Көбінесе бізде шетелдіктердің образды сөздері орыс тілінде әдеби тілге аударылмайды,олар кеңсе тілінде аударылады. Ал соңғы кездерде кинофильмдер аударылғанда жастардың жаргон тілі қолданылды,сонда АҚШ президенті өзінің кеңесшісіне Конгресс жұмысына қанағаттанбайтындығын білдірді.

Ана тілінде  дұрыс сөйлеу ана сүтімен берілмейді, оған қазіргі заманға сай мектептер мен институттарда үйретпейді. Сондықтан ана тілі мен риторика аудармашыларды дайындайтын арнайы бағдарламада шетел тілі сияқты аса маңызды орын алуға тиісті.

Дұрыс аударма жасау үшін сол аударылатын құбылыс туралы мәлімет маңызды екендігін ұмытпау керек. Бұл біліктілік аса терең болмаса да өте қажетті. Сондықтан жан-жақты дамыған білікті, кең ауқымды білімпаз-осы қасиеттерсіз жақсы аудармашыны елестетуге болмайды.

Бұл қасиеттер негізінен тәжірибе барысында жинақталады, дегенмен аудармашыларды даярлайтын бағдарламаның өзі де құрылымына әдебиетпен жұмыс жасау, мазмұнын жеткізу, тез оқу, жұмыс жасау сияқты іс-әрекеттерді енгізуге тиісті. Бұдан басқа көптеген аудармашыар «өзінің не істеп жатқанына есеп бермей »аударады. Аудармашы үйренетін бағдарламада, әдеттегідей аударманы жүйелі мазмұндау теориясы мен әдістемесін қатыспайды. Бұл туралы студенттер В. Н. Комиссаровтың «Аударма эквиваленттілігінің деңгейлері» туралы еңбегінен оқып біледі. Бұдан олар бұл деңгейдің не үшін керектігін және оны іс жүзінде қалай қолдануға болатындығын айқын біле бермейді. Бұл жерде теорияның негізі ғана жоқ емес, сонымен қатар оның тәжірибе жүзінде әдістемесі де көрінбейді.

Тәжірибе жүзіндегі іс-әрекет те мақтанарлық емес. Кеңес үкіметі кезінен болып келе жатқан кіріктірілген жасанды принциптері аударма тәжірибесі педагогикасымен алмастырылатынын көрсетті.Қазірдің өзінде студент өз бетінше талпыныс көрсетпесе, болашақ студент-аудармашы алғашқы рет шетелдік адамын оқуды бітірген соң ғана көре алады, оның өзінде оның не айтқанын түсінбейді. Өйткені ешқандай үнтаспа (магнитофон) жазбасы ауызекі сөйлесуді алмастыра алмайды.

Біздің студент-аудармашылар бөтен тілдің негізгі қағидалары туралы білім негізін меңгере алмаған. Бұл қиын жағдай білім алу тарапынан кеткен олқылықтардың орнын толтыра алмайды. Кәдімгі білім негізінсіз бөтен тілде сөйлеп үйренуге болады,бірақ шетелдіктің айтқан сөзін түсінуге мүмкіндігі болмайды.  Бұл қиындықтар бөтен тілді ортада ұзақ тұрумен (күрделі фонетикалық стереотипі қалыптасқан ересек адам кемінде бір жылға жуық уақыт) ғана шешілетіні ақиқат.Бұл жерде қиындықтың  қалай туындайтынын түсіндіргім келеді.

Айтылатын толғау сигнатура деген сөздің негізіне келіп тіреледі, бұл деген сөйлейтін адамның фонетикалық қолтаңбасына байланысы дегенді білдіреді. Әр адамның өзіне тән сигнатурасы болады, бұл жазу сияқты ерекше, өте бағалы және қайталанбайтын қолтаңба. Ана тілінің сигнатурасын біз бала жастан меңгереміз және «сигнатура банкін» өмір бойы толықтыра береміз. Сондықтан біз ана тілімізде сөйлеп тұрған кез келген адамды тілімізді бұрмалап тұрса да жақсы түсіне аламыз.

Тілдің нақты негізін меңгермеген студент-аудармашы да оқуды бітірген соң «шетел тілі сигнатурасы банкінде» немесе жинағында оннан аса сигнатура (қолтаңба) бар болып есептеледі: Оқытушылардың сөйлеу сигнатурасы, лингафонды курстар дикторының сигнатурасы шындық өмірді диктор сияқты сөйлей алмайтын адам, шетел тілін қалайша түсіне алады?

Осыған байланысты аудармашының іс-тәжірибесінде «сигнатура қор жинағын» жинақтауға жағдайдың да жоқтығын ескеру керек. Сондықтан шетелдіктер өздерінің сөздерін аударылып жатқанын біледі де әр сөзін нақты, түсінікті етіп жеткізуге тырысады. Олар аудармашыға осындай қолайлы жағдай туғызады. Ал шетелдіктер тарапынан өте тез айтылған сөзге аудармашы не істерін білмей сасқалақтап қалады.

Сондықтан студенттің шетел тілін жақсы меңгеру дағдысын  дамыту үшін не істеу керек деген заңды сұрақ туындайды. Бұған бір ғана жауап бар- ол студентті өзі тілін меңгеріп жатқан мемлекетке саяхатқа жіберу керек, ол үшін судентке жылы қонақжай жағдай туғызу міндетті емес. Ол нағыз тілдік ортаға түсуге тиісті,яғни кәсіби емес жұмыс істейтін орындарға түсіп, қара жұмыс, алып кел- шауып кел, санитарлық жұмыстар атқаруы керек. Ондай жұмыстар бүкіл әлемде атқарылады. Тағы бір ұтымды тәсіл бар-ол мүмкіндігінше көп мөлшерде өзі оқитын тілде түсірілген кинофильмдерді көбірек көру. Қорыта келгенде нашар оқытудың салдарынан нашар көңіл толмайтын аудармашылар пайда болады, ал жақсы аудармашыға сұраныс аз,бірақ басты себеп осында ғана ма? Жоқ, басты себеп аударма адамның интеллектуалдық іс-әрекетінің өте күрделі түрі екендігінде жатыр.

Тағы бір жалпы қорытынды: аударма интеллектуалды іс-әрекетінің жанды көрінісіндей өте күрделі, оның күрделілігі мынадай жағдайларға тіреледі:

  • Экстремальді, стресс алатын жағдаяттардың болуынан қашу мүмкіндігінің  жоқтығы;
  • Аударма ісінің теория мен әдістемесінің жетіспеулігінің салдарынан сенімді бірлігінің жоқтығы;
  • Жинақталған аудармашылық тәжірибенің және есепке алу механизмінің жоқтығы;

Сондықтан аудармашы көзге көрінбейтін адам ғана емес, ол қашанда ең алғашқы сүрлеу салушы, жол бастаушы. Инженерде ГОСТ-тар, СНиПЫ-лар, анықтамалықтар бар. Ал аудармашыда сөздіктер жинағы бар, бірақ бұл мамандықтың ерекшелігі мынада: қандай да болмасын толыққанды сөздіктері болғанымен, ол сөздіктер жоғары сапалы аударма жасауға кепілдік бере алмайды.

Аудармашы мамандығының күрделілі – оның таза  интеллектуалды болуында. Көрермендер залында –өзінің шеберлігін көрсететін әртіс немесе актер сияқты, аудармашы да өзінің біліктілігі мен шеберлігіне ғана кәміл сенеді. Өзінің қажеттіліктерін ол басқа ұжым мүшелеріне итере сала алмайды. Басқа мамандық иелері мұндай әдісті «бригадалық тәсілмен» өте жақсы орындайды.

Қысқасы, аудармашы — өте күрделі, шаршайтын адамды күйзеліске ұшырататын мамандық. Сонымен қатар аудармашы мамандығы жақсы да, өте қызықты мамандық екенін жасыруға тағы да болмайды. Басқа ешқандай мамандық сенің алдына минут сайын күрделі шешілмейтін мәселелерді қоя алмайды. Басқа ешбір мамандық сенің ол мәселелерді жақсы болсын,жаман болсын шешуіңді міндеттемейді. Басқа ешбір мамандық сенің әртүрлі деңгейдегі адамдарды әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ерекше бақылауға алуға мүмкіндік жасамайды. Басқа ешбір мамандық  сенің бөтен мемлекеттерді аралап, басқа салт-дәстүрлермен танысуынды қамтамасыз етпейді. Бірақ аудармашы мамандығы адамның тәніне де өте салмақты ауырлық түсіретін мамандық. Сен тек өмірлік интеллектуалдық жағдаяттарды ғана шешіп қоймайсың, сен үнемі жүйкеңді тоздырып, қажып, шаршап жүресің.  Салыстырайықшы, аударма ісінің қиындығы соншалық төрт сағаттық аударма ісімен айналысу, тура сол көлемдегі төрт сағат бойы он адаммен жалғыз өзін бетпе-бет пікірталас,сөз жарысқа түскеннен де қиынырақ екен.

Иә, аударма өте қиын іс-әрекет екендігі сөзсіз.Алайда, бұл істі жеңілдетудің өзіндік жолдары да бар. Ол үшін аударма ісі үшін керекті әдіс-тәсілдерді меңгерсек болғаны. Сол әдіс-тәсілдерді қолдану аударма ісінің алдына қоятын мақсаттарын орындап, көздеген нәтижеге жетуге нақты мүмкіндіктер туғызады. Әлемнің ең озық та тәжірибелі деген аудармашылары сол керекті әдіс-тәсілдерге сүйенеді де аударма ісі барысында соларды қолданады.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика.- М., 1987.

2. Федоров А.В. Основы общей теории перевода. -М., 1983

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Флорин С. Муки переводческие — М., 1983

2. Чернов Г.В. Основы синхронного перевода. -М., 1987.

3. Швейцер А.Д. Перевод и лингвистика. — М., 1988

 


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы