Скачать/Жүктеу
Сөздік ұйқастық
Интернационалды және псевдоинтернационалды лексика
Сөз тіркесінің аудармасы
Көп мүшелі атрибутивті топтар
Фразеологиялық бірліктер
Суреттеу аудармасы
Сөз тіркесінің ауысуы
Сөйлем мүшелерінің ауысуы
Контестік ауыстырулардың құрылуы
Сөздік ұйқастық
Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады. Аударма теориясында, қандай да бір ағылшын сөзіне орыс сөзінің мағынасы бойынша жақын болуы – лексикалық немесе сөздік ұйқастық деп аталады. Ағылшын және орыс тілінің сөздік құрылымдары бірліктерін салыстыру кезінде, осы тілдердің сөздері арасындағы мағыналық қатынастардың екі негізгі түрлері анықталады. Ағылшын сөзінің мәні, толық орыс сөзінің мәніне сәйкес. Мұндай мәндердің ұйғаруы, барлығында дерлік жағдайларда, мәтінде ағылшын сөзінің қолданылуы аудармада осы орыс сөзі болып беріледі. Мұндай тұрақты тең бағалы сәйкестіктерді біз эквиваленттер деп атаймыз. Мысалға: London, Cypress, twenty, Monday, March – деген ағылшын сөздері орыс тілі эквивалентті сәйкестігінде: Лондон, Кипарис, понедельник, Март болады. Басқа тілдер эквивалентінде ұсынылған терминдер, жалқы есімдер, географиялық атаулар, сан есімдер, апта күндері атаулары мен ай атаулары т. с. с. Эквиваленттік сәйкестіктер тіл-тілде көп емес, себебі бірқатар сөздер – көп мағыналы. Жалпы, көп мағыналы сөздерді жеке мағынасынан ғана қарастырады. Мысалы:
Бір ағылшын сөзінің мағынасына, бірнеше орыс сөздерінің ұқсас болуы мүмкін, яғни берілген сөздің орыс тілінде бірнеше аналогтың сәйкестігі болады. Бұл ұқсастықтың түрі – варианттық немесе нұсқалық ұқсастық деп аталады.
Аударма жасағанда, аудармашының ең басты мақсаты – контекстте берілген мәтіндегі сөздерді мағынасына қарай бірнеше лексикалық ұқсастықтардың арасынан бір ғана контекстке сай келетін сөзді тауып аудару. Мысалы: “Anti-war sentiment was high among the delegates”. Сөздік бойынша “sentiment” деген сөздің төрт мағынасы берілген: 1) Сана-сезім, қатынас, көңіл-күй, пікір 2) Сентименттер
3) ой 4) тост. Берілген төрт нұсқаудың біреуі ғана үйлесімді. Осыған орай, аудармашыға дәл ұйқасатын нұсқаудың бірін таңдауы қажет. Мүмкін ол не «қатынас», не «көңіл-күй» болуы мүмкін, осыған таянып, аудармашы бұл сөйлемді былай аударуы мүмкін: «Анти соғыстық көңіл-күй делегаттардың арасында өте жоғары болды». Бірақ, бұл сөйлемнің структурасын өзгертіп, өзгеше де жеткізуге болады: «Делегаттар соғысты тұжырымдап, талқылады».
Көбіне, сөздікте берілген кейбір лексикалық нұсқаулы ұйқастықтар, аудармашыны қанағаттандырмайды. Яғни, аудармашы олармеен қолдана алмайды, мысалға, стилистикалық себептер үшін. Контекстуалды мағынаны көрсету қиын, өйткені сөздік – тек бағытын ғана айтып береді, ал аудармашы өзі керекті сөзді табуы тиіс.
Неологизмдер.
Ағылшын және орыс тілдері, салыстырмалы сөздік құрылымында, ағылшын сөздерінің көбі, орыс лексикалық бірліктерінің арасында тікелей ұқсастығы жоқ екендігі анықталды. Мұнда кіретіндер – неологизмдер, спицификалық ұғымдар мен шынайы білдіруші сөздер және азбілікті есімдер мен атаулар жатады.
Аудармашылар іс-шара тәжірибе жүзінде бірнеше аударма тәсілдерді өндірген:
1. Транслитерация
2. Описательный перевод
3. Калькирование
Шетелдік форманы жеткізудің аудармада екі тәсілі бар: транслитерация және транскрипция. Бұл амалдың ортақ термині болып «транслитерация» табылады. Транслитерация – ағылшын сөзін графиктік бейне ретінде жеткізуге негізделген, яғни әріптерді жеткізу. Ал транскрипция – фонетикалық принцип ретінде негізделген, яғни, ағылшын атаулары дыбыстарды орыс әріптерімен жеткізеді. Соңғы тәсіл – ағылшын сөзінің айтылуын дәлме-дәл жеткізеді. Транскрипция тәсілі қазіргі кезде кең таралған, өйткені оның шығу тегі өзгеше ағылшындық архаикалық орфографиядан және естілуінің түнұсқауынан болады. Мысалға: Нью-Йорк, Уолл-Стрит, ағылшын тілінен орыс тіліне енген сөздер: леди, хобби, лобби, апартеид және т.с.с.
Аудармашы сөйлемдерді есте сақтау үшін, оларды минимумға дейін қысқартады. Мысалы: «lobby» сөзі: «Давление оказываемое на членов английского парламента в кулуарах парламента».
Калькирование – күрделі не жай географиялық атауларды жеткізуге қолданылады. Мысалы: New South Wales – Новый Южный Уэльс. Тұрақты сөз тіркестерінің калькированиесі өте кең таралған. Мысалы: People of good will – люди доброй воли. On the brink of war – на грани войны.
Жалпы және жалқы есімдер.
Аударма тәжірибесінде осы күнге дейін жалпы және далқы есімдерді жеткізу аудармасында ортақ алынған қатаң шарттары жоқ. Әр түрлі жалпы және жалқы есімдерді аудару кезінде жалпы және жалқы есімдер транскрипция арқылы жеткізіледі. Бұл принцип біршама өмірге кейін енгізілді, партия, профсоюз және т.б. біріккен ұйымдар атауларынан басқа. Мысалы: Edwards – Эдвардс, Maryland – Мэрилэнд, Downing Street – Даунинг Стрит, Morning Star – Морнинг Стар, Interprid – Интерприд (авианосец).
Саясат партиялары, профсоюз және тағы да басқа біріккен ұйымдардың атаулары міндетті түрде аудармаға түседі. Мысалы: Amalgamated Engineering Union – Біріккен машина салушылар профсоюзы. Federal Bureau of Investigation – ФБР. Civil Rights Congress – Азаматтық құқық үшін күрес конгрессі.
Бірақ көбіне жалқы есімдер екі элементтен тұрады – жалқы және жалпы есімнен. Жалпы есім элементін аударғанда, мұнда төрт әртүрлі жеткізу амал-тәсілдерін қарастыруға болады:
- Жалпы есім тек қана транслитерацияға түседі. Бұл тәсілді транслитерацияға түсіп жатқан сөз – оқырманға жеткілікті білікті болса ғана қолданылады. Мысалы: Fleet Street – Флит Стрит, Kansas City – Канзас Сити.
- Жалпы есім бір мезетте аударылады да, транслитерацияланады да. Бұл тәсілді басты мақсатпен оқырманға бұл сөздің формасы таныс емес болып, мәтінін аша алмаса қолданылады. Мысалы: Black Hills – Горы Блэк Хиллс, Holly Loch – бухта Холли Лох.
- Жалпы есім элементінің аудармасы: The Atlantic Ocean – Атлантический океан, Richard the Lion Heart – Ричард Львиное Сердце.
- Жалпы есім элементі қосылады. Ағылшын мәтіндерінде жалпы және жалқы есімдер – жалпы есімнің элементісіз жиі қолданылады. Өйткені ағылшын оқырманына мұнда не жайында айтылып жазылғаны жеткілікті түсінікті. Ал орыс аударма оқырманына – түсіндірмелі сөздер енгізуге тура келеді. Мысалы: Park Lane – улица Парк Лейн.
Интернационалды және псевдоинтернационалды лексика
Орыс тілі мен ағылшын тілдерінде формалары ұқсас, мағыналары бірдей сөздер көп. Бұл сөздер тілдерде бір тілден екінші тілге кірме сөз болып ауысудың немесе әлдебір үшінші тілден ауысудың нәтижесінде пайда болған. Мысалы: contrast, control, diagram, dialect – контраст, контроль, диаграмма, диалект. Негізінде интернационализмдердің аудармасы, егер бұл сөздердің мағынасы бірдей болса, аса көп қиындық келтірмейді. Бірақ аудармада интернационалды сөзді қолданған кезде, оның орыс тілінде қаншалықты таралғандығына және аударылып жатқан мәтіннің стиліне сәйкес келуіне назар аударған жөн. Аудармашыға формалары ұқсас, бірақ мағыналары әр түрлі ағылшын және орыс сөздерімен жиі кездесіп қалуға тура келеді. Жалпыға мәлім мысалдар мыналар: “compositor”, бірақ мағынасы «композитор емес, «теруші»; ал “conductor” сөзі тек қана «кондуктор» мағынасында ғана емес, «дирижер» мағыынасында да қолданылады. Псевдоинтернационалды сөздердің мағыналарының айырмашылығының ең маңызды және көп кездесетін жағдайы болып олардың заттық-қисындық мазмұнының үйлеспеуі табылады.
Соған қарамастан осындай айырмашылықтардың 4 түрін бөліп көрсетуге болады:
- Орыс сөзі ағылшын сөзімен барлық мағыналарда емес, тек 1-2 мағынада ғана сәйкес келеді. Мысалы: орыс тіліне ағылшын тілінен енген “meeting”, яғни «митинг» сөзі ағылшын тілінде анағұрылм кең мағынаға ие. Ол : «жиналыс», «кездесу», «мәжіліс», «жекпе-жек», «грамафондық табақша» сияқты маыналарды бере алады. “Nation” сөзі «ұлт» деген мағынадан басқа, «халық», «ел», «мемлекет» деген мағыналарда жиі қолданылады.
- Орыс сөзінде ағылшын сөзінде жоқ мағыналар болаыд. Бұл әдетте сөз екі тілге де әлдебір үшінші тілден кірме сөз боып ауысқан кезде болады. «Аудитория» сөзінің екі мағынасы бар: а. Оқуға арналған бөлме, в. Сөз тыңдап отырған адамдар
“Auditorium” сөзі тек бөлмені білдіруге ғана қолданылады. Ал «аудитория» сөзінің екінші мағынасына (сөз тыңдап отырған адамдар) ағылшын сөзі “audience” қолданылады.
- Ағылшын сөзінде де, орыс сөзінде де сәйкес мағыналарынан басқа, өз мағыналары бар. «Корреспонденция» сөзі ағылшынның «correspondence» сөзімен ортақ «хат» деген мағынаны берсе, өз мағынасы ағылшын сөзінде жоқ — «газеттегі ағымды оқиғалар». Ал «correspondence» ағылшын сөзінің орыс сөзінде жоқ – сәйкестік, ара-қатынас, аналогия деген мағыналары бар.
- Формалары ұқсас ағылшын және орыс сөздерінің әр түрлі мағыналары бар. Мысалы: дивизион – division – бөлім, декада – decade – онжылдық.
Сөз тіркесінің аудармасы
Еркін сөз тіркесі аудармасында оның компоненттерінің аудармасы маңызды роль атқарады. Біртұтастық элементтердің аудармасынан құралады, бірақ элементтердің бір-біріне қатынасы ескеріледі. Еркін сөз тіркесінде сөздер маңызды сатыда өздерінің өз мағыналарын сақтап қалады. сондықтан аудармашыға жеке сөз аудармасымен байланысты сұрақтар қатарын шешуіне тура келеді. Атрибутивті сөз тіркестері еркін сөз тіркестерінің көп таралған түрлерінің бірі болып есептеледі. Мысалы: supersonic spending – жоғары дыбысты ракеталар мен ұшақтардың құрастырылуына арналған шығындар. Arab anger – арабтардың (гнев арабов, а не «арабский гнев»), European peace — Европадағы өмір (бірақ «Европаның өмірі» емес) («мир в Европе», а не «Европейский мир»), anti war Gis – соғысқа қарсы шығатын солдаттар, пацифист-солдаттар (солдаты, выступающие против войны, солдаты-пацифисты (а не «антивоенные солдаты»).
Көп мүшелі атрибутивті топтар
Ағылшын тілінде көп мүшелі атрибутивті топтар өте көп таралған. Бұл – бір ғана анықтауыш сөзі бар бірнеше анықтауыштың параллель байланысу жағдайы емес (мысалы, әдемі шуақты қыстық ауа райы), жеке анықтауыштардың арасында анықталатын зат есіммен байланыстан басқа өзара мағыналық байланыстары болатын көп мүшелі атрибутивті топтар. Мысалы: Douglas Plane Plant Strike Talks Continue. Көп мүшелі атрибутивті топтың аудармадағы мағынасын түсіну үшін келесі ретті ұстану қажет:
- Топтың тірек сөзін, яғни анықталатын зат есімді аудару (мұнда: Talks – келіссөздер)
- Сөз тіркесі мүшелерінің арасындағы мағыналық қатынастарды талдай отырып, оның ішінде қандай мағыналық топтар бар екендігін анықтау. Осындай талдауды сол жақтан оң жаққа қарай, яғни сөз тіркесінің бірінші мүшесінен жүргізген жөн (мұндағы мағыналық топтар: Douglas Plant, Plane Plant, Plant Strike, Strike Talks)
- Жеке мағыналық топтар арасындағы байланысты анықтап алып, барлық сөз тіркестерін тірек сөз – зат есімнен бастап, ары қарай әр мағыналық топты оң жағынан солға қарай аударамыз. Douglas Plant – Дуглас компаниясының заводы, Plane Plant – авиазавод, Plant Strike – заводтағы көтеріліс, Strike Talks – көтеріліске қатысушылармен келіссөз.
Енді көп мүшелі атрибутивті топты тақырыпшаны аударамыз: Дуглас компаниясының авиазаводы администрациясының көтеріліске қатысушылармен келіссөздері жалғасуда. Әрине, осындай ұзын тақырыпшаны былай қысқартуға болады: Дуглас авиазаводындағы көтеріліс жайындағы келіссөз жалғасуда.
Фразеологиялық бірліктер
Бүтіннің мағынасының бөлшектерінің мағынасынан басым болуы фразеологиялық бірліктерге, яғни байланысқан сөз тіркестеріне тән қасиет болып табылады. Сондықтан, аудармашыға фразеологизмді оның бөлшектерінің мағынасына емес, бүтіннің жалпы мағынасына сүйене отырып аударуына тура келеді. Фразеологиялық бірліктер образды және образды емес болып бөлінеді. Образды фразеологиялық бірліктерге мысал ретінде келесі фразеологизмдер бола алады: to make a sacrifice – құрбандық шалу, to have a good sleep – жақсы ұйықтап тұру, to pay attention – назар аудару. Мұндағы аудармашының басты міндеті – аудармада сөздердің орыс тілінде үйлесу нормасын қатал сақтау, себебі ағылшын үйлесімінің әсер етуі жиі буквализмге әкеліп соғады. Образды емес фразеологиялық бірліктердің аудармасы аудармашының жұмысына аса қиындық келтірмейді. Тұрақты сөз тіркестерін аударған кезде негізгі қиындықтар образды фразеологияны аударғанда туындайды, өйткені олар тілге әсерлілік пен әдемілік енгізеді. Аудармашының міндеті орыс тілінде фразеологизмнің мағынасын ғана беру емес, сонымен қатар оның образдылығы мен экспрессивтілігін де жеткізу. Ағылшын фразеологиясы аудармада кезінде сәйкестіктер табуды қиындататын мағыналық және стилистикалық дифференциялданбағандығымен ерекшеленеді. Фразеологиялық эквивалент дегеніміз фразеологи
Эквиваленттер көмегімен аударылатын фразеологиялық бірліктер тобына интернационалды сөздер, яғни көптеген европалық тілдерде болатын және бір бастаудан шығуымен байланысқан фразеологиялық бірліктер.Негізінде бұл сөздер библиялық-мифологиялық немесе әдебиетке бейім қасиетке ие. Мысалы: sword of Damocles – Дамокл қылышы, to cross the Rubicon – Рубиконнан өту, to shed crocodile tears – қолтырауын көз жасын төгу. Осыған ұқсас бірліктердің аудармасы аса қиындық келтірмейді. Эквиваленттер абсолюттік және қатыстық болып бөлінеді. Тұрақты сөз тіркестерінің абсолюттік эквиваленттері түпнұсқамен барлық жағынан: граматикалық та, лексикалық та, стилистикалық та жағынан сәйкес келеді. Мысалы: to cast a glance – көз қырын салу, the bitter truth – ащы шындық, to play with fire – отпен ойнау. Тұрақты сөз тіркестерінің қатыстық эквиваленттері түпнұсқамен мағынасы мен стилистикалық жағынан сәйкес келгенімен, оның тұпнұсқадан айырмашылықтары да болады. Бұл айырмашылықтар граматикалық (айырмашылығы жақта, сөз тәртібінде) немесе лексикалық болуы мүмкін. Мысалы: gross widow – қамыс жесір, to kill the goose, that lays the golden eggs – алтын жұмыртқа табатын тауықты өлтіру, a bird may be known by its soar – құсты ұшуына қарап біледі, to play info smb’s hands – біреудің қолында ойнау, to fish in troubled wafers – лай суда балық аулау. Ағылшын және орыс тілдеріндегі мағынасы мен образдылық жағынан сәйкес келетін образды фразеологиялық бірліктердің саны анағұрлым аз. Оған қарағанда аудармашыға мағынасы ағылшын фразеологизміне аналогиялы болып келетін, бірақ басқаша негізделген орыс фразеологизмдерін жиі қолдануға тура кеелді. Мысалы: to work one’s fingers to the bone – демалмай жұмыс істеу, to hit the bird in the eye – дөп (тап) басу, on foot’s horse, to catch somebody red-handed – біреуді әшкерелеу. Осындай орыс фразеологизмдері ағылшын фразеологизмдерінің аналогтары болып табылады. Мысалы, to go to a better world ағылшын фразеологизміне орыс тілінде: о дүниеге кету, бұл дүниемен қоштасу, о дүниеге аттану, ата-бабасына аттану сияқты синонимдер сәйкес келеді. Аудармашы контекстің ерекшеліктерін ескере отырып, аналогтардың біреуін таңдайды. Спецификалық ұлттық фразеологизмдердің аудармасы жөніндегі сұраққа жеке тоқталу қажет. Мұндай образды бірліктерді аударған кезде аудармашы негізгі үш ережені қолдануы қажет: 1. Дәлме-дәл аударманы егер де оқырманға фразеологизмнің құрамындағы ағылшын жағдайы жақсы таныс болса ғана қолдану. Мысалы: to carry coals to Newcastle ағылшын фразеологизмін: Ньюкаслге көмір тасу деп аударуымызға болады. Себебі, Ньюкасл – Англиядағы көмір өнеркәсібінің орталығы екендігін барлығы біледі. Ал егер екінші жағынан алып қарасақ, to grin like a Cheshire фразеологизмін дәлме-дәл «Чеширлік мысық секілді жымию» деп аударуға болмайды, себебі бұл орыс оқырманына түсініксіз болады. Дұрыс аудармасы: «зуі құлағына жеткенше жымию» болады. Тo dine with Duke Humphrey фразеологизмін дәлме-дәл: «герцог Хэмфримен түстену» деп аудару да дұрыс емес, дұрысы: «түскі ассыз қалу» болады. 2. Ұлттық бояуы жоқ ағылшын фразеологизмдерін орыс тілінде ұлттық бояулы фразеологиялық бірліктермен жеткізуге тырысу. Мысалы: on fire to fight like Kilkenny cats — өмір үшін емес, өлім үшін күресу, т.б.
Суреттеу аудармасы
Егер де қандай да бір ағылшын тіліндегідей орыс тілінде эквиваленті болмаса, бұл сөзбе-сөз аудармада түсініксіз жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Аудармашыға одан бас тартуға тура келеді оның жалпы мағынасын жеткізу және суреттеу аудармасын қолдану, мүмкін оның фразеологиялық бірлік мағынасын түсіну еркін сөздердің үйлесуі арқылы. Мысалға алсақ, ағылшын фразеологиясын a skeleton in the cupboard немесе a skeleton in the closet, білдіру мағынасы отбасы құпиясының басқалардан жасырылатын қолайсыз жағдай. Фразеологиялық эквивалент және фразеологиялық аналог орыс тілінде жоқ. Калькирование түсініксіз жайтқа әкеліп соқтырады «скелет шкафта». Яғни осы суреттеу аудармасының әдісімен жалғастыра беруіміз өте-мөте қажет, ол дегеніміз осы фразеологизм мағынасын еркін сөз үйлесімдігі арқылы түсіндіру.
Грамматикалық трансформация. Ауысу сандары.
Грамматикалық ауысу – бұл аудару тәсілі, басқа грамматикалық мағынасы осы грамматикалық бірліктің түпнұсқасында берілуі. Грамматикалық бірлік кез-келген деңгейде беріледі. Ол дегеніміз сөз қалпы, сөйлемнің белгілі түрі. Бізге белгілі аудармада әрқашан тұлғаның орын ауысуы болады, ол ИЯ дан ПЯ тұлғасына.
Грамматикалық ауысу аударманың ерекше тәсілі арқылы жай ғана оның аудармадағы грамматикалық формасы ПЯ-ны қолдануы емес, керісінше оның ПЯ-да қолдану формасын қолданбау, аналогиялық шығу, осындай қалыптың ауысуы, оның мағыналық сипаты жағынан. Сонымен ағылшын және орыс тілдерінде жекеше және көпше түр және ережеге сай, келісімді зат есімдер түпнұсқа ретінде және аудармада сол түрде қолданылады, ағылшын тілінде жекеше түрдегі сөз орыс тілінің көпше түріне сай келеді. Мысалы: money — деньги, ink – чернила т.с.с. немесе керісінше ағылшынның көпше түрі орыс тілінің жекеше түріне сай келуі мүмкін. Мысалы: struggles – борьба, outskirts – окраина т.с.с. Бірақ белгілі бір ауысу түрі аудармада екказионального келісуі арқылы беріледі: We are searching for talent everywhere. – Біз таланттарды іздеудеміз. The invaders resorted to violence and atrocity to cruch the resistance of the native population.
They left the room with their heads held high. – Олар бөлмеден көтеріңкі баспен шықты.
Сөз тіркесінің ауысуы
Грамматикалық ауысу аудармада күллі таралған түрі сөз тіркесінің ауысуы болып табылады. Ағылшын-орыс аудармасында көптеген тән белгілер зат есім – етістік және сын есім – зат есім. Ағылшын тілінде белгілі бір тұлғаны білдіру үшін суффикстер кең қолданылады (суретші, әнші, биші, т.б.), бірақ бұл «мамандарға» тән белгі. Осындай зат есімдер аудармада орыс глаголы арқылы беріледі: He is poor swimmer – Ол нашар жүзеді. She is no good as a letter writer – Ол хат жаза алмайды. I am a very rapid packer – Мен өте тез жиыстырамын. Осы мысалдарға қарай отырып зат есім глаголының жиі прилог зат есімнің орыс тілінде наречие болуын тереміз.
Сөйлем мүшелерінің ауысуы
Сөйлем мүшелерінің ауысуы оның синтактикалық ағымына келеді. Осындай түрде часть речидің ауысуында осы қатарда байқалады.. Мысалы, осы көрсетілген мысалдар жоғарыда айтылғандай зат есім ауысуы толықтауышпен байқалғандай. Синтактикалық ағымның құрылуы сөйлем мүшелерінің ауысуымен, көбінесе бастауышпен айқындалғанын көреміз. Ағылшын-орыс аудармада ауысу тәсілдері бізге бір бағытта белгілі, олай дейтініміз ағылшын тілінде көбінесе орыс тіліне қарағанда, бастауыш сөзінен басқа функцияларды орындайды, субъектік белгіні білдіреді. Мысалы: объектік белгі ол (бастауыш толықтауыштың орнында): Visiters are regusted to leave their coats in the cloak-room. Отырушылар жоғарғы киімдеріңізді киім ілгішке шешулеріңізді сұрайды. Уақытты белгілеу (бастауыш толықтауыштың түрінде) The last week saw an intensification of diplomatic activity — Өткен аптада дипломатиялық деятельностың активизациясы байқалды.
Контестік ауыстырулардың құрылуы
Аударманы сөз және сөз тіркестерімен жұмыс істегенде, олардың аудармалары эквиваленттік және варианттық белгісіне сәйкес кемеуі мүмкін. Оның жұмысына лексикалық оқу мен трансформация кіреді. Аударма процесінде трансформациялар статистикалық жоспарды анализ және единица арасындағы қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Ол динамикалық жоспарды, егер словарлық ұқсастық болмаса немесе контекст бойынша қолданылмаса аудармашы сөздің оригиналын яғни түпнұсқасын қолдануға мәжбүр болады. ИЯ единицаларына байланысты сөздің құрылымы, яғни трансформация екіге бөлінеді: 1) Лексикалық 2) Грамматикалық. Негізгі лексикалық трансформация белгілі бір процесте ИЯ және ПЯ арқылы қолданылады. Аударманың негізгі тәсілдері:
- Аударманың транскрибы және транслитерациясы
- Калькирлік және лексикалық-семантикалық ауыстырулар (конкретизация, генерализация, модуляция).
Ең көп тараған грамматикалық трансформацияға: аударманың сөзбе-сөз аударылуы, сөйлемдердің мүшелденуі, олардың қосылуы, грамматикалық ауыстырулар, сөз формалары, сөз таптары, сөйлем мүшелері. Контекстік лексикалық-грамматикалық трансформацияға антонимикалық аударма, көркем аударма және колигенсацияны жатқыза аламыз.
Қосылулар.
Негізі, аудармада әр түрлі қосылуларды, қосымшаларды қолдануға болмайды. Аудармашы текстке сырттай мағыналы аудармаларды қоса аалады. Кейбір кезде аудармашы орыс тілінің заңдарын бұзбау үшін қосымшаларды қосады. Мысалы: The jet airlines carried 78 passengers and 4 crew. Ұшақ бортында 78 жолаушы және экипаждың 4 мүшесі болды.
Аудармашылар кейбір кезде сөздерді аударғанда кейбір сөздерді ескермеуі мүмкін. Осы ескермеушіліктер арқылы ол сөздердің бұзылмауына, яғни грамматикалық жағынан дұрыс болуы үшін әрекеттер жасайды. Ескермеушіліктерді көп жіберуге болмайды. Ол үшін әр сөздердің өзінің синонимдері болады.
Ауыстыру.
Лексикалық ауыстыруда аудармашы аудармада контекстке байланысты словарлық және эквиваленттік сәйестіктерді қолданбауы мүмкін. Ол осы сөздің аудармасын контекстке байланысты іздейді. Осындай әдісті «контекстік ауыстыру» деп атайды. Әрқашан аудармашы сөздің аудармасын басқа жолмен іздеуге тырысады.
Конкретизация бұл алғашқы тілдегі кең мағыналы сөздің басқа тілдегі тар мағыналы сөзбен алмасуы болып табылады. Ағылшын тілінде кең мағыналы кейін басқа тілдерде толығырақ, дәлірек анықталатын сөдер көп: violence, nation. Орыс тілінде осыған ұқсас жалпы кең мағыналы сөздердің қолданылуы өте сирек кездеседі. Сондықтан, аударылуда нақтылау мағыналы сөздер қолданылады. Мысалы: Come етістігі түрлі контексттерде әр түрлі аударылады: келу, жақындау, ұшып келу және т.б. Go етістігі мынадай сөздермен аударылады: жүру, жаяу жүру, жүзу, ұшу, айдап келу, аттану, бару, барып келу, өту және т.б. Leave етістігі де әр түрлі болып аударылады.
Жіберу.
Аудармашы кей-кейде бірнеше сөздерді жіберуге құқылы, егер бұл қажет болса, лингвистикалық және статистикалық орыс тілі нормасынан құтылу үшін. Бірақ әрбір жіберілген сөз айқындалу керек. Ешқашанда аудармаға мәселе қиын сөздерді жіберу емес, ағылшын тілінде синонимдік барлар қолданылуы әлбетте. Аудармада әр мағыналы синонимдер жіберіледі. Мысалы: The treaty was pronounced null and void – Келісім шарт жарамсыз болады. Аудармада семантикалық сөздер жіберіледі. Ағылшын тілінің заңдарының қолданылуы әлбетте, өйткені, бұл үлкен болып табылады.
Генерализация.
Топтап қорыту – бұл сөз ауысуы, яғни тым қысқа мағыналы сөздің тым үлкен мағынасы. Мысалы: Some 40000 mourners from all over the United States marched through the streets of Memphis in tribute to the memory of Dr. Martin Luther King, shot down in the city last Thursday. Аударма кезінде бұл сөйлем былай айтылады: Осы қалада атылған. Етістік «shoot» — «өлтіру» деген мағына «от атылған қару» дегеннен. Аудармашыға ауыстыру көмегімен топтап қорытып қабылдау: Осы қалада өлген. Етістік «өлтіру» үлкен мағына жағынан, «ату» дегенге қарағанда. Сөз тіркесі the last ounce of effort in their bodies бұл мағынасы жағынан, орыс сәйкестіктен қарағанда.
Конкретизация.
Ағылшынтілінде көп сөз жалпы үлкен мағынамен, Аударма кезінде осы жалпы үлкен сөз өзгереді. Орыс тілде жаңағы үлкен жалпы сөздердің мағынасы өте аз кездеседі: Сондықтан аудариада (сөз) анағұрлым нақты сөз мағынасы қолданылады. Етістік go, Мысалға, әр түрлі контексте әр түрлі аударылады: бару, келу, жүзу, ұшу, өту т.б. Етістік leave-та әр түрлі аударылады: кету, тастау, ұшу т.б. Етістік come әр түрлі сөзде : келу, тақалу, ұшып келу т.б.
Мысалы: Thing — бұл әр түрлі контекста мағнасы жағынан өзгереді:
- « You poor old thing » the said (Бишара)
- How are things? (Успехи)
Сөздің мағыналық дамуы.
Аудармалық кезеңде, аудармада сөз немесе сөз тіркесі қолданылады, қисыңды даму-бұл маңызды аударма единицасы.
Мағналық даму дегеніміз – Қазіргі, сөз немесе сөз тіркесіне сәйкес сөздіктен тікілей бастарту деген сөз. Олай болса, негізінде мағналық даму тым қарапайым жеңіл қабылдаудың лексикалық өзгеруден, дәлелдеуден, топтап қорытудан айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы тек қана мынада, міңезді және ғайыпты қиындықты қабылдау.Міндетті түрде, мағналық даму әрқашанда бір ғана алынған сөзге ғана емес, ең кем дегенде сөз тіркесіне немесе мағыналық топқа қарайды. Көп дегенде сөз және сөз тіркесі ұзақтықта және аудармада себеп-салдарды қатынаспен байланысты болады. Онда өзгеру себебі оның салдары дәл аударманы бұзбайды, керісінше тіпті ең жақсысы бір ғана жолмен мазмұны беріледі.
Мысалы: And he noticed with Sour disfavor that June had left her wine glass full of wine – Ол тіріскеніп, Джунның айыпқа тақалмағанын байқады.
Аударма кезінде сөз тіркесі, мағыналық топ немесе сөйлем таныстырлмайды. Шамадан сөздік сәйкестіктен немесе сөйлем құрамындағы бөлек сөздің мағынасынан бас тарту, тек қана қажеттісі. Мағынаның маңыздысын түсіну, бүкіл аударманы толық орыс тілде мәнерлеу керек, кейде өте алшақ сөз ұзақтығы болған кезде, біз қабылдау мағынаға жүгіреміз. Бұл ең бір ауыр қабылдауы аударманың өзгеруі. Ең үлкен іске асуы қабылдау аударма кезінде фразеологияны табады. Яғни ол ағылшындағы тірі сөйлеу тіліндегі, өзгешілікті қайтып көрсетеді. Мысалы: Help yourself, please – деп англичанға айтады, ал біз былай аударамыз: Өзіңізге көмектеспей, дәм алыңыз.
Англичанға айтады: Mutual admiration society, біреу тууралы айтқысы келгенде, біреу-біреуді мақтайды. Сол үшін бұл бізде қанатты сөйлемшемен айқындалады, Крыловтың баснясы «көкек әтешті мақтағандай», ағылышынша Good Riddence! Яғни, эмоциялық леп белгімен, орыс идиомасына ауысады «Бақытты құтылуы».
Негізгі әдебиеттер:
1. Аристов Н.Б. Основы перевода. — М., 1959
2. Бархударов Л.С. Язык и перевод. — М., 1975
3. Бреус Е.В. Основы теории и практики перевода с русского языка на английский.- М.,1998
4. Влахов С., Флорин С. Непереводимое в переводе. — М., 1980
5. Волкова З.Н. Научно-технический перевод. — М., 2002
6. Казакова Т.А. Translation Techniques Практические основы перевода.- «Союз», С.-П., 2002
7. Комиссаров В.Н. Теория перевода (лингвистические аспекты) — М., 1990
Қосымша әдебиеттер:
1. Комиссаров В.Н. Коралова А.А. Практикум по переводу с английского языка на русский. — М., 1990.
2. Комиссаров В.Н. Общая теория перевода: проблемы переводоведения в освещении зарубежных ученых.-М., 1999
3. Копанев П.Н., Беер Ф. Теория и практика письменного перевода.-Минск, 1986.
4. Латышев Л.К. Перевод: проблема теории, практики и методики преподавания — М., 1986
5. Латышев Л.К. Технология перевода. — М., 1989.
6. Левицкая Т.Р., Фитерман А.М. Проблемы перевода.- М., 1983
7. Львовская З.Д. Теоретические проблемы перевода. Минск., 1985