Скачать/Жүктеу
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін айтарлықтай ақпараттық жарылыс деп аталған дүмпу болып өтті. Адамдар мен халықтар арасында бір-бірімен ақпараттық алмасу қатынасы күрт көбейді. Бұл құбылыс “аудармашылық жарылыспен” қатар жүрді де, дүние жүзінде аударма ісі қызметінің қолданылу аясын кеңейтті.
Аударма ісінің жаңа түрлері пайда болды: синхронды аударма, кинофильмдерді дыбыстау, радиохабар, телехабарлама аудармалары. Көп мөлшерде аударылған кітаптардан басқа, ауызша және жазбаша аударылған материалдар жиынтығы әртүрлі ұйымдар мен мекемелерде қолданыла бастады. Аударма ісімен тек кәсіби аудармашылар ғана айналыспады, бұл іспен басқа да мамандық иелері, шетел тілдерін білетін инжинер, кітапханашылар, елшілер, хатшылар (референттер), мұғалімдер, ақпараттық орталық мамандары да айналыса бастады. Осыдан кейін аудармашылардың үлкен армиясын даярлап шығарудың қажеттілігі туды. Ендігі жерде кәсіби аудармашыны бұрынғыдай “жекелеп оқыту” деп аталатын әдіс (методикасы) бойынша даярлау қажеттігі болмай қалды. Бұрынырақ аталған әдіс бойынша бір тәжірибелі маман бірнеше оқушыны даярлай алушы еді, осылайша оны аудармашы шеберлігінің қыр-сырымен таныстыратын. Дүние жүзінің барлық елдерінде аударма ісі, аудармашылар мектептері ашыла бастады. Арнайы факультеттер университеттерде бөлімшелер тағы да басқа оқу орындары пайда болды. Енді осыған сай оқу жоспары мен бағдарламалар жасаудың қажеттігі туындады. Аудармашылық қызметтің бұрын-сонды болмаған аясының кеңеюі және кәсіби аудармашы мамандарды даярлаудың қажеттілігі аударма құбылысына (феноменіне) жаңаша көзқараспен қарауды, оны жан-жақты оқып үйренуді қажет етті. Лингвистердің назарын аударма мәселесіне (проблемасына) бұруда үлкен роль атқарған жайт — аудармашылық қызметтің сапасы жағынан өзгеруі болатын. Әлі де болса әлем бойынша ең көп аударылған көркем әдеби шығармалар болса да, бірінші орынға сан жағынан да, сапа жағынан да көркем-әдеби емес ақпараттық аудармалар шықты. Оларға ғылыми-техникалық, қоғамдық–саяси, экономикалық, заң ісіне байланысты аудармаларды жатқызуға болады. Егер көркем шығармаларды аударуда аудармашылық ең негізгі мәселесі (пороблемасы) түпнұсқаның әдеби-эстетикалық көркемдігінің және автордың өзіне ғана тән ерекшелігін сақтап аудару болса, ақпараттық аудармада қиындықтар кездесті, атап айтқанда қиындықтар лингвистика жағынан болды. Бұл жерде аударылған мәтіндер жиі анонимді (жасырын) түрде аударылды, жалпы стандарттық тілде жазылды, жеке авторлық ерекшеліктері ескерілмеді, аударма мәселелері (проблемалары) негізінен екі тілдің бірлігіндегі ерекшеліктері мен маңыздылығы жағынан анықталды.
Егер аударма ісі қызметіндегі өзгерістер лингвистердің назарын өзіне аудара қоймаса, тіл білімінің дамуы аударма ісін өз шеңберіндегі іске қосты.
ХХ ғасырдың ІІ жартысында лингвистика өзінің ғылыми бағытын түп тамырымен өзгертті. Формальды тіл құрылымын (структурасын) оқып үйренуде үлкен жетістікке жеткен лингвистер өздерінің зерттеу обьектілерінің аясын едәуір кеңітті, бұған макролингвистиканың біраз мәселелерін (проблемаларын) қосты, бұл ретте бірсыпыра фундаментальды сұрақтар қаралды, тілдің қоғаммен байланысы, ойлау мен әрекет, лингвистикалық және экстралингвистикалық аспектілер ұйымдастыру тәсілдері мен адамзаттың қоғамға ақпаратты беру т.б. Тіл туралы ғылымда маңызды орын алған мәтін мен ауызекі сөйлесу құрылымының мазмұнын зерттеу жұмысы болды. Бірсыпыра жаңа лингвистикалық пәндер тізбегі бой көтерді. Атап айтқанда, психолингвистика, социолингвистика, рагмалингвистика, мәтін лингвистикасы, сөйлеу әрекетінің (актісінің) теориясы, когнитифті лингвистика т.б. Тілшілердің қарастыратын зерттеу әдістерінде тілдік бірліктің көмегімен ақпарат алмасудың қалай іске асатындығы, сөйлеу әрекетінің (актісінің) дәлдігі, түрлі жағдайдағы қарым-қатынас дәлдігі қарастырылған. Мұндай лингвистикалық жолмен аударма ісін оқып үйрену мүмкіндіктерінің едәуір өзгергенін көрсетті.
Аударма ісін оқып үйренуде тілшілер тек лингвистика теориясының қомақты үлес қосатынын біліп қана қоймады, керісінше аударманың да лингвистикаға соншалықты үлес қосатынын анықтады. Аудармалар тіл туралы өте құнды ақпарат көзі болды, тіл аударма ісінде маңызды роль атқарды. Қазіргі таңда аудармашылық іс-әрекет өте көп мөлшерде жүзеге асып жатыр, сондықтан екі тілдегі мәтіндер мен сөйлеуде ауызекі немесе коммуникативті теңестірулер өзіндік лингвистикалық тәжірибе жүзінде жүзеге асады. Бұл жерде тілдік бірлікті қолдануда екі тілдің ұқсастығы мен өзгешеліктері ескеріледі, осыған байланысты тілдің өзіне тән құрылымы мен сол тілдің ауыз екі сөйлесуде іске асуындағы ерекшеліктер байқалады, бұрынырақ бұл өзгерістер тілді зерттеу әдісінде назардан тыс қалып қоятын. Аударманың лингвистикалық теориясының дамуына қосалқы күш болған нәрсе машиналар арқылы аударма жасау жүйесін құру болды. Тез арада басып шығаратын электронды–есептегіш машиналардың пайда болуы үлкен сенім ұялатты. Барлық аударманы тез және арзан бағаға аударып беретін компьютерлер аудармашының орнын басты. Компьютерлер шифрленіп қойған яғни жасырылған хабарламаларды аударуда нәтижелі қолданылды, тілдің көмегімен шифрленген түпнұсқа да аударылды. Машинамен аударылған алғашқы аудармалар айтарлықтай нәтиже бермеді, бірақ жаңа дәуір компьютерлері үлкен көлемде еске сақтау қабілетімен бұл жұмысты еш қиындықсыз атқарады деген сенім болды. Алайда уақыт өте келе машинамен аударылған аудармалардың негізгі мәселелері (проблемалары) оның есте сақтау қабілетімен байланысты емес екендігі анықталды. Бұл қиындық машиналарға аударма кезінде кездесетін қиындықтарды адам сияқты жеңіп шығатын программаның енгізілмегенінен болды. Осы жерде адам аударманы қалай сәтті жасайды деген сұрақ туды, бұған ешкім жауап бере алмады, өйткені аударма кезіндегі адам қабілетінің ерекшелігі түпкілікті зерттелмеген еді. Сондықтан машинаның көмегімен пайдаланатын көптеген лингвистер енді өздерінің назарын аударманы аударатын адамдардың қабілетін зерттеуге аударды, осы жерден машина мен аударуда кездесетін қиындықтарды жеңетін амалдар іздеді.
Бүгінгі таңдағы жаңа бағдарламалы машиналар кез келген мәтінде адам сияқты өте сапалы және мазмұнды аудара алмайды. Оның үстіне машинамен аудара тек үш жағдайда ғана жүзеге асады. Біріншіден, бағдарлама тек өте қысқа мәтінді аударуға жасалады, стандартты формада, оның өзі лексикалық және грамматикалық құрамы шектелген мәтіндер. Екіншіден, машина үлкен көлемді мәтіндерді сапасыз аударып береді, содан кейін бұл мәтіндердің көркемдік ерекшеліктерін сақтап қалу үшін және сапалы да нақты аударма беру үшін аудармашыға қайтадан жұмыс істеуге тура келеді. Үшіншіден, бұл жұмысқа редактор қосылады, ол мәтінді аудармаға дайындайды, машинаға қиындық келтіретін жерлерін өңдейді, немесе машина аударған аударманың қатесін жөндейді, нақты емес жерлерін түзетеді. Сөйтіп редактор-аудармашы аудару үшін уайымдайды, ойланады, толғанады. Субьективті фактор да маңызды рөль атқарды. Аудармамен айналысатын факультеттер университет пен институттарда ашылды, болашақ аудармашыларды дайындаумен шет тілдері факультетінің оқытушылары ат салысты, филологтар мен лингвистер де қалыс қалған жоқ. Өйткені олар ең алдымен аудармашылық қызметтің теориялық басымдылығын ойлау керек екенін түсінді және осы жағдайды өздерінің ғылыми әдіс-тәсілдерімен шешуге тырысты.