Тіл ғылымы, Филология

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Мағына жағынан қарағанда, сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деу өте ұшқары айтылған нәрсе. Себебі, бастауыш, баяндауышы жоқ сөйлем де белгілі мағына береді. Өйткені, бір сөйлемді бір сөйлем толықтырады. Байланыссыз еш нәрсе жоқ. Олай болса, сөйлем мүшесін тұрақты, тұрақсыз деп бөлу дұрыс емес. Сөйлемнің барлығы да тиянақты. Сөйлемдегі сөздің барлығының да белгілі орны бар, белгілі мағынада қолданылады. Бірінен бірі бөлек, жеке алып қарағанда ғана, олардың тиянағы жоқ болады. Бұлай байланыссыз қарау диалектика жолы емес.

Сөйлем мүшелерінің ішінен ең негіздің негізі – бастауыш. Баяндауыш – бастауыштың тура көрінісі. Бастауыш – сөйлемнің ең негізгі қазығы, өйткені, сөйлемнің нақтылы иесі, субъекті. Ескі грамматикаларда сөйлемнің түп қазығы – бастауыш, баяндауыш тең емес, баяндауыш бастауыштың қимылын, қозғалысын көрсетіп, бастауыштың ықпалымен жүреді. Баяндауышқа бастауыш ықпалын тигізеді. Бастауыштың негізгі сұрауы: кім? не? кімі? несі? кімдер? нелер? кімнің? нең?

Читать полностью »

ОҚШАУ СӨЗ, СӨЙЛЕМДЕР

Жай сөйлемдердің құрамында қыстырма ретінде кірігіп жұмсалатын компоненттер болады. Олардың қыстырма компонент болып бөлінуіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, олар жай сөйлемнің негізгі грамматикалық жүйесіне қатыспай, одан оқшау тұрады. Екіншіден, грамматикалық оқшаулануы интонациядан да көрінеді.

Грамматикалық жүйеден оқшауланғанмен бұл компоненттер сөйлемнің коммуникативтік мақсатымен, мазмұнымен тығыз байланысты болады. Олардың жай сөйлем құрамына кірігуі де сол себепке бағынышты. Оқшау компоненттер сипаты, сапасы жағынан бірдей емес. Олар жеке сөз, сөз тіркесі ретінде де, сөйлем ретінде де қа-тысады.

Читать полностью »

АТАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР

Бастауыш — баяндауыш болып қатысқан мүшелері бар сөйлемдер осы құрылысына сай екі негізді сөйлем деп аталады. Бұлардан бөлек бір негізді сөйлем деп аталатындар бар. Солардың бір түрі — атаулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдердің құрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара қатынасқа түскен мүшелер жоқ. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек мүше болады: Жаз, Тымырсық ыстық. Атау сөз сөйлемде негізгі, тірек мүше болады. Осы негізгі мүше кұбылыстың, заттың атауын білдіріп, сөйлемнің іргесіне тірек болады. Негізгі мүше ретінде зат есім, есімше (-ған, -ген, -қан, -кен, -тын, -тін формалары), тұйық рай тұлғалы етістік жұмсалады. Сөйлем құрамына осы негізгі мүшеге бағыныңқылық қатынаста тұратын басқа мүшелер де кіреді: Жаздың ыстығы-ай! Күтпеген жерден жолығуы-ай!

Атаулы сөйлемнің негізгі мүшесі ретінде сын есім, есімше жұмсалғанда, олар субстантивтеніп тұрады. Осылай болғандықтан олар септік тұлғаға ие бола алады. Негізгі мүше көбіне атау тұлғада тұрады, бірақ сын есім, тұйық егістік негізгі мүше қызметін табыс септік формасында тұрып та атқара алады. Жаздың ыстығын! Күтпеген жерден келуін!

Читать полностью »

ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР

Сөйлемнін грамматикалық бір белгісі құрамында жақтық форманың болуынан көрінетіні ілгеріде айтылды. Жактық мағына, жақтык форма бастауыштық лек-сикалық болмысынан, баяндауыштың жақтык формасынан көрінеді. Жактық мағынаға, формаға ие конструкция жақты сөйлем ретінде танылады.

Қазақ тілі синтаксистік жүйесінде бұларға оппозициялык қатынаста тұрған сөйлемдер бар. Олар — жақсыз сөйлемдер. Жаксыз сөйлемдерде жақтық мағына, жақтық форма қатыспайды. Жаксыз сөйлемдердін құрамында жақтық мағынаға ие мүше — бастауыш болмайды. Баяндауыштың формасы да нақты жаққа (бірінші, екінші, үшінші жаққа) катысты болып көрінбейді. Жақсыз сөйлемдер бір негізге мүше —баяндауышка сүйеніп кұрылатын болғандықтан, олар бір негізді сөйлемдер тобына енеді.

Читать полностью »

БОЛЫМСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР

Сөйлемдердің грамматикалық сипаты жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетіні қазақ тіл білімінде ертеден аталып келеді. Бірақ сөйлемдердің тілдің түрлі стильдік тарамдарындағы құрылу ерекшелігі арнайы сараланып айтылмайды. Осылай болғандықтан болымсыз сөйлемдердің грамматикалық көріністері, оның грамма-тикалық типтерінің жұмсалу ерекшеліктері тасада қалып жүр.

Бұл тарау болымсыз сөйлемдердің құрылу ерекшелігін ашуға арналады.

Сөйлемдер мағынасына, формасына қарап өзара болымды, болымсыз болып сараланьш бөлінеді. Сөйлемдердің бұл түрлері болымды, болымсыз пікірді білдірудің формасы ретінде қалыптасқан. Сондықтан да аталған сөйлемдердің мазмұны болымды, болымсыз пікірлер болып саналады.

Читать полностью »

ЛЕПТІ СӨЙЛЕМДЕР

Сөйлемдер дүниедегі болмыс туралы пікірді хабарлап қана қоймайды, ол сөйлеушінің болмысқа қатысты туған эмоциясын да білдіреді. Сөйлеушнің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдерді лепті сөйлем дейміз. Сөйлемдерді лепті және лепсіз, яғни эмоциясыз деп бөлу өз алдына бөлек принципке сүйенеді. Бұл топтау сөй-лемдердің мазмұнына, эмоцияның қатысуына, катыспауына және эмоцияны білдіретін формалардың көріну, көрінбеюіне негізделеді.

Эмоциялық, экспрессивтілік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді. Осыған орай лексикада, грамматикада қара жаяу сөз, формаларға сыңар болып жұмсалатын эмоциялық тұлғалар катар жүреді. Бұл тұлғалар затты, қүбылысты, дүниедегі қатынасты ғана білдіріп коймайды, оған қоса сөйлеушің эмоциялық сезімін білдіреді. Эмоция—психикалык кұбылыс. Оның тілде көрінуіне екі коммуникативтік себеп бар. Бірі — болмыстан алған әсерді білдіру, тандаушыға жеткізу. Екіншісі тыңдаушыны (немесе үшінші бір жакты) бір іске жұмылдыру үшін   әсер ету . Тілдің   синтаксистік жүйесінде эмоциялық тудыратын формалар көбіне баяндауыш мүше катарынан көрінеді. Бұл заңды да. Өйткені баяндауыш сөйлемді ұйымдастыруда негізгі кызмет атқарады.

Читать полностью »

БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМДЕР

Бұйрықты сөйлемдер сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалады.

Бұйрық мағына сөйлеу үстінде түрліше ренде білдіріледі. Осынысына орай бұл сөйлем тек бұйрық рай етістік формасын ғана емес, басқа формаларды да қатыстырып жасалады.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы