АТАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР


Скачать/Жүктеу

Бастауыш — баяндауыш болып қатысқан мүшелері бар сөйлемдер осы құрылысына сай екі негізді сөйлем деп аталады. Бұлардан бөлек бір негізді сөйлем деп аталатындар бар. Солардың бір түрі — атаулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдердің құрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара қатынасқа түскен мүшелер жоқ. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек мүше болады: Жаз, Тымырсық ыстық. Атау сөз сөйлемде негізгі, тірек мүше болады. Осы негізгі мүше кұбылыстың, заттың атауын білдіріп, сөйлемнің іргесіне тірек болады. Негізгі мүше ретінде зат есім, есімше (-ған, -ген, -қан, -кен, -тын, -тін формалары), тұйық рай тұлғалы етістік жұмсалады. Сөйлем құрамына осы негізгі мүшеге бағыныңқылық қатынаста тұратын басқа мүшелер де кіреді: Жаздың ыстығы-ай! Күтпеген жерден жолығуы-ай!

Атаулы сөйлемнің негізгі мүшесі ретінде сын есім, есімше жұмсалғанда, олар субстантивтеніп тұрады. Осылай болғандықтан олар септік тұлғаға ие бола алады. Негізгі мүше көбіне атау тұлғада тұрады, бірақ сын есім, тұйық егістік негізгі мүше қызметін табыс септік формасында тұрып та атқара алады. Жаздың ыстығын! Күтпеген жерден келуін!

Атаулы сөйлемдерде бастауыш-баяндауыш болып құралатын предикативтік катынас болмағанмен, предикативтіктің өзі бар. Бұл сөйлем де тиянақты пікірді білдіреді, ол ойды болмысқа шақ, жақ тұрғысынан катыстырып білдіреді. Атаулы сөйлемдерге тиянақты синтаксистік форма беретін — интонация, контекст. Сөйлемге тән интонация алып, атаулы сөйлем дара тиянакты форма алады. Шақтық мағынасы мағына жағынан жуық көрші сөйлемдер арқылы білдіріледі. Тәңертең келе жатыр едім, алдымнан шыға келгені!

Мұнымен катар атаулы сөйлем негізгі мүшесіне еді көмекші етістігін үстеп, шақтық мағынаға өз алдына ие болатыны да бар: Жаз еді.

Атаулы сөйлемдер арнаулы коммуникативтік мақсаттың қажетімен калыптаскан. Бұл сөйлемдер теніректі, жағдайды үнемді жолмен суреттеу үшін және пікірді эмоциялы етіп білдірудің амалы ретінде жұмсалады. Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдерді үш топқа бөлуге болады: 1. Бейнелеу мағыналы атаулы сөйлемдер. Түн. Шалқыған-ай. 2. Эмоциялы атаулы сөйлемдер Күлуін! 3. Сөгіс, тілек мағыналы атаулы сөйлемдер. Қаңғыған неме! Өркенің өскір!

Атаулы сөйлемдер мен екі бас мүшелі сөйлемдер функция жағынан да, структура жағынан да тығыз байланысты. Функция жағынан байланысты дейтініміз — атаулы , сөйлемдер мен екі бас мүшелі сөйлемдер мағына жағынан бірдей болып келе береді, бірақ олардың арасында ілгеріде аталғандай қызмет ерекшелігі болады: Мезгіл жаз еді. Ай жарқырап тұрғанЖаз. Жарқыраған ай. Структура жағынан да байланысты дейтініміз — көп жағдайда бұл екі структуралық түрдегі сөйлемдерді бір түрден екінші түрге ауыстырып, кұрылысын өзгертуге келеді: Жаз ыстықжазың  ыстығы-ай!

Атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты — жайылуы, кеңеюі, морфологиялық тұрпаты — негізгі мүшенің қай сөз табынан болуына, қай формадағы сөз болуына байланысты. Тасадан шыға келгенім! Шыжыған ыстық! Сондықтан атаулы сөйлемдерді біз негізгі мүшенің, грамматикалық түр-тұрпатына қарай топтаймыз. Ол топтар мыналар: негізгі мүшесі атау тұлғалы зат есімнен болған атаулы сөйлем, негізгі мүшесі сыи есімнен болған атаулы сөйлем, негізгі мүшесі -ған, -ген, -тын, -тін тұлғалы есімшеден болған атаулы сөйлем, негізгі мүшесі тұйық етістіктен болған атаулы сөйлем, негізгі мүшесі табыс септіктегі сөзден (зат, сын есім, есімше, тұйық етістік) болған атаулы сөйлем.

Негізгі мүшесі атау тұлғалы зат есімнен болған атаулы сөйлемдер оқиғаны, бейнені қысқа, панорамды етіп хабарлау үшін жұмсалатыны ілгеріде айтылды.

Соғыс басталар жыл, нағыз қызыл балақ бозбаламыз (С. Мұрат.) .Жауыннан жауын, жолға шыға алмай отырмыз.

Сонымен бірге бүл атаулы сөйлемдер құбылысты, затты эмоциялы атау үшін де жұмсалады.

Шіркіннің күлкісі-ай! (Б. М.). Шіркін, осы ауылдың жастары-ай! Ойын-сауық десе жанып кетеді (С. Мүрат.). Негізгі мүшесі сын есімнен болған атаулы сөйлемдер субъектіге тән сын,  сапаны змоциямен  білдіру  үшін жұмсалады.

Түннің қараңғасы-ай! Ту, қараңғысы-ай даланың!— деді Әдиев (С. Мұрат.). Тіліңмен орақ орғышың-ай сенің! (Ж. Е.).

Негізгі мүше қызметіндегі сын есім тәуелді формада тұрады.   Бұл — оның   субъектілік   мағыналы   сөзбен (анықтауышпен) байланысуы үшін туған жағдай: Менің оқығаным-ай! Сенің келгішің-ай.‘.

Негізгі мүшесі -ғыр, -гір, -қыр, -кір жұрнағы арқылы жасалған сын есімнен болған атаулы сөйлемдер тілеу, сөгіс білдіру амалы болып жұмсалады. Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жаудық табанына салып бермек (Б. М.).

Негізгі мүшесі -ған, -ген, -щан, -кен, -тын, -тін тұлғалы есімшеден болған атаулы сөйлемдер іс-әрекет туралы пікірді эмоциямен білдіру үшін жұмсалады.

Қүні бойы сарылып үйде отырғаны! Жай отырмайды, бірдемені жазып отырады (Б. Т.).

Сенің-ақ сағына беретінің-ай (Б. М.). Тоба-ай, сенің түсінбейтінің-ай (Б. М.).

Атаулы сөйлем құрайтын есімшелердің түр-түрінін қатысуындағы айырмашылық олардың шақтық мағынасына байланысты.

Негізгі мүшесі тұйық етістіктен болған атаулы сөйлемдер іс-қимылды эмоциямен білдіру үшін жұмсалады.

Тіпа, мынаның шешенсіп сөйлеуі-ай! (Б. М.).

Негізгі мүшесі табыс септіктегі сезден (зат есім, сын есім, есімше) болған атаулы сөйлемдер де пікірді эмоциямен білдіреді. Мына жердің тауын-ай! Жүктің ауырын! Мүләйімсуін! Балаларға қорған болған кісімсіп тұрғанын (М. Ә.).

Негізгі мүшесі атау септіктегі сөзден болған атаулы сөйлем мен табыс септіктегі сөзден болған атаулы сөйлемдердіқ жасалауында үлкен алшақтық жоқ. Соңғы сөйлемдер — тарихи өзгерістің нәтижесі. Бұл атаулы сөйлемдердің негізгі мүшесі кейде -шы, -ші жұрнағын үстеген   күйде    жұмсалады.    Сұрының   жаманыншы!

(І.Ж.).

Атаулы сөйлемнің мүшесінің құрамына -шы, -ші жұрнағының қатысуы оның басқа ұқсас формаларға еліктеуінен (аналогия заңы) болған.[91-94-б]


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы