Скачать/Жүктеу
Сөйлем болмыстағы қатынастарды білдіру үшін ғана жұмсалмайды. Кісінің тіл арқылы катынас жасауы пікір, ой айтумен катар екінші кісіден пікір білу, информация алу үшін сөйлеуіне немесе басқа біреуді іске қосу, жұмсау максатына да байланысты болады. Сөйлеудін осы максаттары тілде сөйлемнін тиянақты формалары арқылы көрінеді. Сөйлемдер сөйлеу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті, сөй-лемдер деп топталады.[58-б]
ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМДЕР
Хабарды информацияны баяндау үшін жұмсалатын конструкциялар хабарлы сөйлем деп аталады.
Бұл сөйлемдердің негізгі грамматикалык белгілері мыналар:
- Баяндауыштары, негізінен, ашык рай формалы
етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын
есімдерден) жасалады. - Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлем-
нің интонациясынын физикалық керіністері экспери-
менталдық жолмен зерттеліп, методикасы график түрін-
де бейнеленген. Бұны тіл білімі сөйлемге тән баяндау
сарынды интонация деп атайды.
Хабарлы сөйлем екі негізді, бір негізді құрамда көрінеді: Тау іші, Иен жайлау. Ұшкан құс, жүгірген аңнан баска тіршілік бейнесі білінбейді (Қ. Жұмаділов).[59-б]
СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР
Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз. .
Сұраулы сөйлемдер оларға ерекше форма беретін мына амалдар арқылы жасалады: сұраулык, есімдіктер, сұраулық шылаулар (ма, ме, ше), интонация. Бұлардын бірі лексикалық амал болса, екіншілері (шылау, инто-нация) — синтаксис саласына жататын амалдар.
Сұраулы сөйлемдер лексикалық амалдарды, синтаксистік амалдарды қатыстырумен қатар, әр уақытта ерекше сұраулық интонациямен айтылады.
Сұраулы сөйлемдердің өзіне тән грамматикалық амалдарды талғауы мағынасына, диалогтық ситуация үстінде жұмсалу ерекшеліктеріне, яғни қызмет ерекшелігіне байланысты.[59-б]
СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЖАҒЫНАН БӨЛІНУІ
Сұраулы сөйлемдер диалогтік, сөйлеудін әр кезеңіне сай түрліше құрылып жұмсалады. Сұраулы сөйлемдерді бұл жөнінен ескергенде үш топка бөлуге болады:
1. Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер диалогқа желі болып отырған тақырып жөнінде әңгімелеудің бастапқы кезеңінде жұмсалады.
— Ей, сен бала, директордың шопыры емессің бе?
(А. Нұрманов).
Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер сұраулы сөздердің (не істеді, кім, қашан т. б.), шылаулардың (ма, ме, па, пе) қатысуымен жасалады.
Сұраулы сөйлемдердің бұл түрі бір заттың, кұбылыстың белгісін білу үшін койылған бастапқы, әр негізгі сұрақты білдіреді. Оның кызмет ерекшелігі жетек сұрақтармен салыстырғанда анық байқалады.
2. Жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұл топқа негізгі сұракқа жауап алу үстінде косымша қойылған сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдерді жаткызамыз.
— Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағай-
ындасақ екен?
— Бұған Ілияс дайын тұр. Білімі де, тәжірибесі де
сай.
— Сен өзің ше?
Бұл мысалдағы негізгі сұрақты білдіретін сөйлем— «Бұл кұрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ екен». Сөйлеуші осы сұраққа жауап ала отырып, тындаушыға іліктес тағы бір сұрак қойып отыр: Сен өзің ше? Бұл — жетек сұрақ.
Жетек сұрақ әр уақытта негізгі сұраққа арқа сүйеп жұмсалады. Бүл оның құрамына әсер етеді. Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады. Көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана түрады.
— Естіп пе ең, келді ғой?
— Кім?
— Әбіл.
— Кайда?
— Осында! (Б. М.)-
Жетек сұрак тек сұраулы сөзден құралғанмен, оған қатысты баска сөздер негізгі сұрактан көрініп түрады.
Ашык сұрақ мағынасындағы сөйлемдер жетек кызметінде келгенде, ол тек сұрак мағыналы сөзден құралады.
Жетек сұрак алыернативті мағынада келгенде ше шылауынын катысуымен кұралады. Алыернативті білдіретін мүше ше шылауын қосып сөйлем құрайды.
— Әлде Донбастың күші жетпеді ме?
— Донбастың күші жететін еді, соғыс басталып кет-
ті де, біз үлгіре алмадық.
Ал соғыстан бұрын ше? (Ә. Ә.).
Жетек сұрақты білдіретін сөйлем — сөйлеу процесін ықшамды жинақты ету мақсатынан пайда болған форма.
— Канал Қаройға жетті ме?
— Жоқ.
— Жалтырға ше?
Соңғы сұрақты «Ал Жалтырға жетті ме?» деп те айтуға болар еді. Бірақ тілімізде көбіне қосымша сұрақты ықшам білдіру үшін арнай жасалған форма басым жұмсалады.
3. Анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер.
Бұл сұраулы сөйлемдер екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты білдіреді. Аынқтаушы сұрақ көбіне алдыңғы репликаның лексикасын қайталап құралады.
— Бұл кісілер қай елдікі?
— Сабынкөлдікі.
— Сабынкөлдікі?
— Иә, Сабынкөлдікі (Б. М.).
Бұл диалогтардағы анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлем тек интонация арқылы форма алып тұр. Оған шылаулар, сұрау мағыналы сөздер қатыспаған. Бұл амал-анықтаушы сұрақка тән амал және бұл хабарлы сөйлемге қатысты қойылатын анықтаушы сұрақтың формасы.
Негізгі сұраққа қатысты қойылған анықтаушы сұрақ басқа формада құралады.
— Күздік бас алды ма?
— Күздік пе, күздік биыл кеш көтерілді.
Анықтаушы сұрақ көбіне алдыңғы репликаның лексикасын қайталап құралады.
[59-61-б]
СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ БӨЛІНУІ
Сұраулы сөйлемдер сұрақтың ішкі логикалық мазмұнына қарай да бөлініп жатады. Сұрақтың бұл бөлінуі арнайы тілдік формасынан да көрінеді. Сондықтан тіл ғылымы сұраулы сөйлемдердің бойындағы бұл құбылысты елеусіз қалдыра алмайды.
Сұрақты, логиктер мазмұнына қарай негізінен екі топқа бөліп жүр: жалпы сұрақ (общий вопрос), альтернативтік сұрақ (альтернативный вопрос). Сұраулы сөй-лемдердің мағынасы осы логикалық мағыналарға негізделгенмен, коммуникация үстінде түрлі өң алатыны бар. Соларды ескеріп біз сұраулы сөйлемдерді мағынасына қарай төрт топқа бөлдік: ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер.[61-62-б]
АШЫҚ (ЖАЛПЫ) СҰРАҚТЫ БІЛДІРЕТІН СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР
Сұраулы сөйлемдердік бұл түріне тән мағыналық ерекшелік — мұнда сұраққа негіз болып отырған, іздеулі болып отырған мүше белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қатысады. Сондықтан іздеулі мүшенің орнына кім, не, қайда, қайдан, қандай, неше, не істеді деген сияқты сұрақ мағыналы сөздер жұмсалады: Ау, Несібелі қайда? (Б. М.). Ал не істейміз? (С. Мұрат.).
Ашық сұрақты білдіретін сөйлемдер іштей өзара былай бөлінеді:
1. Субъектінің іздеулі екенін білдіретін сөйлемдер.
Бұл сұраулы сөйлемдер кім, не деген есімдіктердің бас-
тауыш позициясында қатысуы арқылы кұралады: Не құ-
латқан мұны? Кім келді?
2. Предикативтік іс-әрекеттің, сапаның, сынның із-
деулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлем-
дер не істеді, қайтті, кім, не, қандай, неше қайда деген
есімдіктердің баяндауыштық позицияда жұмсалуы ар-
қылы қатысады.
Келгелі не істедіңіз? Сонда айтпағың не?
3. Іс-қимыл объектісінің іздеулі екенін білдіретін
сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер кімді, нені, кімге,
неге, кіммен, немен т. б. сұраулы есімдіктердің қатысуы-
мен құралады.
Кімге жолықтың?
4. Іс-қимылдың сапасының, себебінің, мекенінің, мез-
гілінің іздеулі екенін білдіретін сұраулы сейлемдер. Бұл сөйлемдер қалай, не үшін, неліктен, қашан деген сияқты сөздердің пысықтауыш мүше позициясында қатысуы арқылы құралады.
Олар не үшін қалды? Ол қашан қайтыпты?
5. Зат сапасының, сынының, санының іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдерге қандай, неше, қай деген сөздер анықтауыш мүше позициясында қатысады. Қанша кісі жұмысқа шықты? Қандай вагонға алдыңдар?[62-63-б]
АЛЬТЕРНАТИВТІК СҰРАҚТЫ БІЛДІРЕТІН СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР
Ашық сұрақта іздеулі мүше түгел белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қойылса, альтернативтік сұрақта іздеуге із, жоба болып альтернатив сапа, іс аталады. Ол сапа, іс атаулы сөздер арқылы көрінеді де, олардың сұраулық мағынада айтылып тұрғанын шылау ~ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе білдіреді.
Альтернативтік сұрақты білдіретін сөйлемдер баяндауыш мүшенің аталған шылауларды үстеуі арқылы жасалады.
Осы сөзге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба?
Мынау егіс күздік пе, жаздық па?
Келтірілген сөйлемдерде ізделетін іс-қимыл, предикативтік заттық сапа жалпы, белгісіз күйде аталмай, белгілі альтернативтердің төңірегінен (тоқтайсың ба — тоқтамайсың ба, күздік пе — жаздық па) ізделеді. Альтернативтер сөйлемде дара-дара аталып толық көрінумен бірге (тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба) үнемді түрде құралады.
Үнемді кұраудың бір жолы — альтернатив етістіктің, болымды түрі арқылы аталып, болымсыз етістіктің орнына жоқ па сөзі қатысады:
Тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба — Тоқтайсың ба, жоқ
па.
Жоқ па — эллипсис мүше, ол сөзді айтуға ықшамды етеді.
Сөзде іздеулі екі альтернатив мүше бірдей атала бермейді, көбіне бір альтернатив мүше ғана аталады және мұндайда көбіне болымды етістік жұмсалады.
Сен келдің бе? Ағаш өнді ме?
Альтернатив мүше ретінде сұраулы сөйлемге болымды формалы сөздің қатысуы заңды. Бұл ойдың құрылысына сай келеді: кісі сұрақ арқылы ең алдымен пози-тивті істі іздейді. Осы себептен альтернативті сұрақты білдіретін сөйлемдерде іздеулі баяндауыш ретінде болымсыз етістік өз мағынасында жұмсалмайды. Ал сұ-раулы сөйлемге енген күннің өзінде ол мағына жағынан болымды етістікке тең келіп қызмет атқарады. Іштерінде Қараойдан келген кісі жоқ па? Сіз жолда арбалы баланы көрмедіңіз бе? Альтернативті сұрақты білдіретін сөйлем құрамында болымсыз етістіктің бұл жұмсалуы сөзді түрлендіру мақсатынан туған. Альтернативті сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер баяндауыштық мүшенің формасы арқылы ғана құралады. Бірақ сөзде ізделетін мүше тек предикативтік іс, сапа болып қана қоймайды. Ізделетін мүше субъект те, объект те, анықтауыш та болуы мүмкін. Бұл мүшелердің іздеулі болуы оларды баяндауышқа тақау қойылуы аркылы білдіріледі. Мұғалім мені шақырды ма? Мені мұғалім шақырды ма?
Сөз жоқ, баяндауыштан басқа мүшелер сұраулық форманы жеке ала алмайтын болған соң, олардың орын ауыстыруы, баяндауышқа тақау келуі оның іздеулі мүше екенін анық таныта алмайды, бұл коммуникативтік мақсат солғын көрінеді. Осы дүдәмалдықты жойып, баяндауыштан басқа да мүшелердің альтернативті сұрақ арқылы ізделуін анық білдіру үшін тіл арнаулы амал жұмсайды. Ол амалды мына мысалдардан көруге болады.
Сәулеш, сен кімге ызалысың, маған ба? (Ә. Ә.). Қырманға неше қатынадың, бес пе?
Іздеулі мүше алдымен жалпы сұрақ арқылы білдіріледі де, сөйлемнің соңынан оның альтернативтерін білдіретін сөздер терулі компонент ретінде жалғастырылады. Сөйлемнің соңынан жалғастырылуы арқылы бұл іздеулі сөздер ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларын қабылдап, сұраулық формаға ие болады. Ашық сұрақты білдіретін сөз бен оның альтернативін атайтын сөздердің өзара қатыстығы олардың формаларының ыңғайластығы арқылы көрінеді.[63-64-б]
РИТОРИКАЛЫҚ СҰРАҚТЫ БІЛДІРЕТІН СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР
Сұраулы сөйлем формасы хабар ретінде айтылған пікірді білдіру үшін жұмсалатыны бар. Мысалы, Сөйлетіп отырсыз ба? Ол мұндайдан қалған ба? Хабар ретіндегі пікірдің сұраулы сөйлем формасы арқылы білдірілуі сөзге полемикалық ең береді. Полемикалыққа баяндауыш сөздің болымды, болымсыз формаларының өз бастапқы мағынасына қарсы жұмсалуы да сеп болады.
Демесін бүрын Бәкеңді теңеп пе еді (Б. М.). Осы да жөн бе!
Риторикалық сұрақты білдіру үшін жұмсалу үстінде бұл сұраулы сөйлемдер ерекше баяндауыштық форма да құраған жайы бар. Ол баяндауыштық формаларды ілгергі мысалдардан керуге болады. Бұл мысалдардан байқайтын нәрсе: риторикалық сұрақты білдіретін сөйлемдерде баяндауыш сөздер көрі мағынада жұмсалып, ерекше интонация арқылы құралады.
Дауыс ырғағының қатысуы жағынан жай сұраулы сөйлемдерге ұқсас болғанмен, риторикалық сұрақ ерекше жігермен, екпінмен айтылады. Интонациядағы бұл ерекшелікті беретін дыбыс күшінің, амплитуданың көлемді болуы. Сөйлемде екпін түсетін сөз ерекше қарқынмен айтылады. Интонацияның бұл көрінісі лепті сөй-лемдермен тең түседі.
Риторикалық сұрақты білдіретін сейлемдер баян-дауыштардың кері мағынада жұмсалуы арқылы құрылады дедік.
Бұл сөйлемдердің құрамында өзіне лайықталып құралған баяндауыштық формалар кездеседі: келді емес пе, келген жоқ емес пе.
Өтті емес пе, оқыған жоқ емессің бв — риторикалық тудыратын баяндауыштық формалар. Жедел өткен шақ етістіктің болымсыз түрі -ма, -ме жұрнақтары арқылы жасалады: өтпеді. Риторикалық сұрақты білдіру үшін етістік осы формада да жұмсала алады: Содан бері бірталай жылдар өтпеді ме?
Өтті емес пе — ощыған жоқ емес пе деген формалардың құрамындағы емес пе — риторикалық тудыратын элемент.
Өтті емес пе тәрізді форма баяндауыштық сөздің білдіретін мағынасы мен формасы арасындағы қайшылықты әлсірету талабының нәтижесінде пайда болған. Баяндауыш сөз білдірілетін мағынаға сай болымды формада алынады да, риторикалық тудырушы болымсыздық форманы аналитикалық тәсіл арқылы қабылдайды: өтпеді ме — өтті емес пе.
Оқыған жоқ емес пе деген тәрізді форманың құрамына емес риторикалық амал ретінде аналогия бойынша катысып тұр. Оны баяндауыштың мағыггасына нұқсан келтірмей-ақ алып тастауға болады: Оқыған жоқ емес пе — оқыған жоқ па!
Біз ілгеріде альтернативтік сұрақты сөйлемдердің риторикалық мағына беруін айттық. Бұл қызметті ашық сұрақты сейлемдер де атқара алады. Бұлардың ішінде де риторикалық сұраққа түгелдей бейімделгендері бар. Солардың бірі — «есім-емей немене», «етістік-емей немене», болып жасалған баяндауыш қатысқан сөйлемдер. Ата, мүлкің, адалың емей немене бұл (М. Ә.).
Бастауыш ретінде -ған, -ген формалы есімше, баяндауыш ретінде қайда сөзі қатысып құралған сөйлем де риторикалық сұрақты білдіру үшін жиі жұмсалады.
Еркежан-ау, әлгіде жездемнің құлағынан жұлам дегенің қайда! (Б. М.).[65-66-б]
ТҮРТКІ СҰРАҚТЫ БІЛДІРЕТІН СӨЙЛЕМДЕР
Тілімізде сұраулы сөйлем формасы тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін де пайдаланылады. Үй құрығыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме тауып жағасың ба? (Б. М.). Мұндай сөйлемдер түрткі сүрақты білдіретін сөйлемдер деп аталады. Іске жұмсаудың бұйрықты форма арқылы айтылмай, сұраулы сөйлем формасында ай-тылуы коммуникативтік мақсатқа байланысты. Ол мақсат — тілекті, іске жұмсауды ізетпен, сыпайы білдіру.
Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемнің баяндауышы келер шақ етістік пен ма, ме шылауларының бірігуінен жасалады: аласың ба, келесің бе.
Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемге баяндауыш болып етістік сөз болымды, болымсыз түрінде қатысып, бірақ синтаксистік мағына білдіреді: Қалаға барып келесің бе?— Қалаға барып келмейсің бе?
Бұл жағдай альтернативтік сұрақ ішіндегі етістіктің бұл екі формасының синтакснстік мағына жағынан теңелу дәстүрінің керінісі: Сол кісі жолықпады ма?— Сол кісіге жолықпайсың ба?[66-б]