Скачать/Жүктеу
Сөйлемнін грамматикалық бір белгісі құрамында жақтық форманың болуынан көрінетіні ілгеріде айтылды. Жактық мағына, жақтык форма бастауыштық лек-сикалық болмысынан, баяндауыштың жақтык формасынан көрінеді. Жактық мағынаға, формаға ие конструкция жақты сөйлем ретінде танылады.
Қазақ тілі синтаксистік жүйесінде бұларға оппозициялык қатынаста тұрған сөйлемдер бар. Олар — жақсыз сөйлемдер. Жаксыз сөйлемдерде жақтық мағына, жақтық форма қатыспайды. Жаксыз сөйлемдердін құрамында жақтық мағынаға ие мүше — бастауыш болмайды. Баяндауыштың формасы да нақты жаққа (бірінші, екінші, үшінші жаққа) катысты болып көрінбейді. Жақсыз сөйлемдер бір негізге мүше —баяндауышка сүйеніп кұрылатын болғандықтан, олар бір негізді сөйлемдер тобына енеді.
Жақсыз сөйлемдерді ұйымдастыратын, форма беретін — баяндауыштар. Жақсыз сөйлемге қатысатын баяндауыштардың өз жасалу амалы, формасы бар. Бұл баяндауыштар былай жасалады.
1. Барыс септіктегі тұйық рай етістік+бол(ды (болмайды)— келуге болады (болмайды).
Бұл алқаптың шөбін шабуға болады.
2. Барыс септігі тұйык, рай етістік+тура келеді’—баруға тура келеді (келді).
Маған бұл сөзді амалсыз айтуға тура келді.
3. Болымсыз шартты рай етістік+болмайды— келмесе болмайды.
Арнайы барып көрмесе болмайды. Сақтық жасамаса болмайды. Иен қыстауда неше қонарым беймәлім (О. Бөкеев).
4. Тұйық рай етістік+керек — көру керек. Мәселені басы қасына барып шешу керек. Оған бірнеше сүңгу керек (С. Мұқанов).
5. -пақ тұлғалы есімше+керек— айтпақ керек. Не болса да барып көрмек керек.
6. ‘-ар, -ер тұлғалы есішше—ма(ме)-{-еді’— көрер ме еді.
Сол әсем өлкені көрер ме еді!
7. ‘шартты рай етістік+болар еді— көрсе болар еді. Жоңышқаны уақыт өткізбей шапса болар еді.
8. -ар, -ер тұлғалы есімше (болымды, болымсыз түрі)+болар’— айтар болар, айтпас болар.
Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар. Ерте шақырған әтештің мойнын жұлар болар.
9. Болымсыз есімше-|-барыс жалғау түрінде жасалады — айтпасқа.
Бұл баяндауышпен қатар сөйлемге неге деген сұраулық есімдік қатысады. Құс екеш құс та, көктем туып, ескі ұясына оралғанда, жақ жаппай сайрап, шаттығып шертеді… Ал оған қарағанда мен адам емеспін бе! Ендеше неге маған шалқьшасқа, шаттанбасқа! (Ә. Нүршайықов).
10. Шартты рай етістіктен жасалған баяндауыш та жақсыз сөйлем ұйымдастыруға қатысады.
Көгеріп қалған бөктерден,
Көпсітіп жылкы айдаса!
(М. Мақатаев).
11. Өткен шақ көсемше-{-болмайды түрінде жасалады — барып болмайды.
Ауылдары, малдары, күркелері де қасылып, бір ауылдан бір ауылды айырып болмайды (М. Әуезов).
12. Ауыспалы осы шақ тұлғадағы етістіктен болған баяндауыштар мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады.
Көре-көре көсем боласың, Сөйлей-сөйлей шешен боласың.
13. Екінші жақ бұйрық рай етістіктен болған баяндауыш мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады.
Аға тұрып, іні сөйлегеннен без.
Жақсыз сөйлемдердің жасалуында негізінен екі амал байқалып тұр.
- Арнаулы баяндауыштық формалар жасап, соларды қатыстырып жақсыз сөйлем құру.
- Жақты сөйлемдердің бастауышын түсіріп, баяндауыштардың нақты жақтық формасын әлсірету арқылы.
Жақсыз сөйлемдер сөйлеудің арнаулы коммуникативтік мақсатын орындау үшін қалыптаскан. Бұл сөйлемдер мынандай қызмет атқарады.
1. Тілеулі, қалаулы оқиғаны нақты субъектіге катыссыз (жаққа катыссыз) жалпылай айту үшін жұмсалады
(неге айтпасқа, көрер ме еді т. т.).
2. Болмыстағы бір жағдайды (ситуацияны) қорытынды тұжырым ретінде айту үшін жұмсалады (көтеруге болады (болмайды), сөйлеу керек т. т.).
Жақсыз сөйлемдерге, сөйлеу мақсаты кажет еткенде, субъектіні білдіретін сөз қатыса алады. Бұл сөзді қатыстырудың екі жолы бар.
1. Субъектіні білдіретін сөз барыс септік формада тұрып қатысады: маған айтуға болады, саған келу керек т. т.
Сендердің сындарыңа толу үшін маған қайта туу керек қой (Қ. Жұмаділов).
3. Субъектіні білдіретін сөз ілік септік формасын алып қатысады: менің келуіме болады, сенің айтуыңа тура келді т. т. Ілік септіктегі сөз матасудың компаненті болған соң, баяндауыштың құрамындағы негізгі сөз тәуелдік жалғауын кабылдайды. Қонаққа барғасын сөйлеу керек жұртпен, сенің айтқың келмейтін сөзді айтуың керек, сұрағың келмеген сұрақты сұрауың керек (Ә. Тарази).[89-91]