Скачать/Жүктеу
Лекция мақсаты:
Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының тууы туралы түсінік беру. Әдебиет сынның арналарымен таныстыру.
Сұрақтар:
- Әдеби сын арналары
- Сынның жанрлық түрлері
- Халықтық эстетика
Көркем өнер халықтың рухани қажетін өтеп, талап-талғамын қалыптастырыды. Халық еш уақытта өнерсіз өмір сүрмейді, демек өнер бар жерде талғам бар.
Көркем әдебиет жанрлары бірден қалыптаспайды, оның элементтері таным бесігінде ұзақ тербетіледі. Ұсақтан іріге, майдадан күрделіге ұмтылу барысында әр түрлі арналардан нәр алады, қоғамдық-әлеуметтік және эстетикалық ой-пікірлердің оянуына, өсіп-жетілуіне жағдай жасалады.
Халықтық эстетика
Сын - жазба әдебиетке тән және кенжелеп туатын жанр. Сын элементтерінің халықтық эстетикадан көрінуі, ауыз әдебиеті үлгілерінің молдығы, оның ғасырдан ғасырға мұра болып сақталуы, халықтық түсінік-талғам жасауы.
Халықтық эстетиканың негізі - әсемдікті танып-білу, сұлулықты қастерлеу, ажарсыз бен келісізді мінеу, жақсылықты дәріптеп, жаиандықпен күресу. Ол жайында ой-тілек білдіргенімен, эстетикалық талдау жасамайтындығы. Халықтық эстетика элементтері халықтың ауыз әдебиеті үлгілерінде, әсіресе юмор мен сатиралық нұсқаларда жиі кедесуі. Сыншылық ой-пікірдің мол арнасы - ақындар айтысы. Әдеби сын элементтерінің әсері, өнерге қойылар халықтық талап-тілектің айқындалуы.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
- Әдеби сын арналарына сипаттама беріңіз.
- Сынның қандай жанрлық түрлері бар?
- Сынның халықтық эстетикаға қатысы қандай?
Әдебиеттер:
- Қаратаев М. Казахская литературная критика на современном этапе. Алма-ата, 1974.
- Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1996.
- Ысмайылов Е. Сын мен шығарма. Алматы, 1960.
- Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, 2001.