Скачать/Жүктеу
Әр тілдің сөз тіркесінің жүйесі ерекше калыптасады. Егерде олай болмай сөз тіркесінің ережелері объективтік болмыстағы катынастарға ғана сүйеніп, тек соның тілдік эмалдар арқылы баламасын табу арқылы қалып-тасса, дүние жүзіндегі тілдер түгел бірдей болып шықпағанмен, ұқсастығы көп, жақын болған болар еді. Мысалы, тура объект пен қимылдың арасындағы қатынас қазақ тілінде тек табыс септік формасы арқылы, орыс тілінде винительный септігі арқылы білдірілер еді, ал статикалық мекен қазақ тіліне ылғи да жатыс септік арқылы, орыс тілінде предложный септігінің қатысуымен білдірілген болар еді. Осылай болса тілдерді үйрену, бір тілден екінші тілге аудару да бүгінгіден көп оңайға түсер еді. Бірақ тілдер олай қалыптаспайды, оның лексикалық жүйесі де, грамматикалық жүйесі де көптеген себептердің ықпалын көріп қалыптасады. Осыны көрнекілу үшін лексикадан алған мысалмен байқатайық. Қыздың туыстығын қазақ тілінде мына сөздер білдіреді: әпке, қарындас, сіңлі. Әпке жасы үлкен қыздың туыстығын ұлға да, қызға бірдей атап білдіреді. Жасы кіші қыздың туыстығы ұл кісіге қатысты бір бөлек аталады — қарындас, қызға қатысты болса, екінші түрде ата-ады — сіңлі. Осы сияқты жылжу қозғалысының бір түрін орыс тілі бежать деген сөзбен атайды. Бұл сөз малға да, кісіге де қатысты: человек бежит, лошадь бежит. Қазақ тілі бұл үғымды саралап атайды. Кісіге қатысты болса жүгіру, жылықыға қатысты болса шабу. Осын-дайдан барып әр тілдің лексикалығ құрамы, сөздердің өзара қарым-қатынасы ерекше құралады.
Сөз тіркесінің жүйесі де осылай. Қимылдың нақты мекенін білдіретін сөз етістікпен жатыс септік формасында тіркесуге тиіс. Бұл грамматикалық мағына — осы септіктің еншісі. Дегенмен көрді етістігі мекендік қатынасқа түсетін сөзді оның лексикалық сипатына қарай түрліше тіркестіреді. Жалпы есімдерді екі тұлғада меңгереді:
Ал жанды заттарды білдіретін сезді бір-ақ тұлғада, шығыс септік тұлғасында меңгереді: баладан көрді, інісінен көрді.
Тура объект қазақ тілінде етістікпен табыс септік жалғауы арқылы тіркеседі. Орыс тілінде бұл қатынас винительный септік жалғауы арқылы білдіріледі: кітапты оқыды — читал книгу. Бұл тұста екі тіл типологиялық жағынан қатар келіп тұр. Ал енді объектілік қатынасқа түсуші заттың бөлшегі екенін (бөлік ретіндегі объект) білдіру керек болғанда, әр тіл езінше оқшау жолға түскен. Қазақ тілі бұл міндетті шығыс септікке жүктеген, орыс тілі болса оны родительный септігіне артқаннан-нан жеді, выпил молока.
Тілде әр типті сөз тіркестері дара-дара, белгілі бір мағынаны білдіріп оқшау жұмсалмайды. Олар көп жағдайда қызметі, білдіретін мағынасы жағынан бір-біріне жуықтасып, бір-біріне синонимдес болып келетін жайлары өте көп болады.
Матаға бес сом төледі — мата ушін бес сом төледім т. т. Бірақ мағынасы жағынан қатар келуі олардың жұмсалуының барлық жағдайында емес, көп мағынасының бір қырына ғана байланысты болады. Мысалы, барыс, шығыс, көмектес септіктер негізгі, басты мағынасы, қызметі жөнінен дара-дара келеді де, себептік қатынасты білдіруде синонимдес болып келеді және синонимдес келуінің өзі белгілі бір сөздерді жалғасты-ру тұсында ғана көрінуі мүмкін. Мысалы, себептік қатынасқа түсетін сөзді басыңқы етістікпен байланыстыру үшін барыс, шығыс септіктері жұмсалады. Бірақ барыс септік есімшені көбірек байланыстырады да шығыс септік есімдерді көбірек байланыстырады: айтқанға қуанды, желден шайқалды.
Грамматикалық формалардың сөз тіркестерін құрауда қызмет жағынан жуықтас келуінің себептері өте көп. Соның бірі — грамматикалық формалардың даму процестері біртіндеп алшақ жатқан формалардың өзін бір тұста жуықтастырады: желге шайқалды — желден шайқалады. Сөз тіркестерін қүрауда түрлі қүбылыстар, тұрақты ережелерден ауытқулар болып тұрады. Соның бірі — негізінен — септік жалғаулары арқылы байла-нысып, түрлі қатынасты білдіретін сөз тіркестерінің қабысу амалына кешуі. Бұл тіл үнемділікке , ықшамдыққа талпынуына байланысты болуға тиіс.
1. Мезгіл атауларын білдіретін зат есім сөздер пысықтауыштық қатынасқа атау түрінде қабысып байланысады.
Жаз шанаңды, қыс арбаңды сайла.
Осы мүмкіншілікті пайдалану негізінде күн, жыл деген сөздер пысықтауыштық қатынасқа атау түрінде кірігеді.
Сол жылы келді. Сол күні жолықты.
2. Географиялық атау ретіндегі жалқы есімдер де етістік сөзбен пысықтауыштық қатынасқа түскенде атау түлғада түра алады. Биыл Алматы бардым. Мәскеу бардым. Ауызекі сөйлеу тілінде сақталған бұл қалып басқа түркі тілдерінде де үшырасады .
Сөздердің тіркесу заңдылықтарына олардың басқа сөздермен семантикалық, грамматикалық катынасы да әсер етеді. Оған дәлел — ұрысты сөзінің зат есімдерді меңгеруі. Ұрысты сөзі сабақты етістік болғандықтан объектіні атайтын сөзді табыс септікте меңгереді: бала-ны ұрысты. Бірақ бүл етістік мағынасы жағынан ренжі-ді, сүйінді сияқты сөздермен байланысты. Бұлардың бәрі — психикалық күйге байланысты сөздер. Бүлардың көпшілігі салт етістіктер, олар объектіні білдіретін сөзді барыс септігінде меңгереді: балаға ренжіді, егіске сүйсінді т. т. Осы көпшілік сөзге еліктеп (аналогия бойынша), ұрысты тура объектіні жанама объект ретінде (барыс септікте) меңгеретіні бар. Сонымен, ұрысты сөзі аналогияның салдарынан бір мағыналық қатынасты екі түрлі тіркес құрап білдіретін болып тұр. Мұндай фактілер тілімізде көп.
Сөз тіркесі жүйесінің қалпына тілдің ертедегі күйінің жаңғырығы ретінде сақталған фактілер де ықпал етеді. Мұны статикалық мекенді білдіретін етістікті тіркестің құралу варианттарынан көруге болады.
Түркі тілдерінде етістік сөздер есім сөздерге тән грамматикалық сипат ала алады. Осы жағдай да казақ тілінің сез тіркесі жүйесіне әсер етті. Етістікті сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіруде осы мүмкіншілікті пайдаланып көптеген синонимдес формалар тудырады: сұрамай келді — сүраусыз келді, қуанып жүр — қуанумен жүр т. т.[44-47-б]