ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ


Скачать/Жүктеу

Етістік сөздер сөйлемнің құрамын, кұрылысын белгілеуде ерекше орын алады. Бұл оның лексикалық, грамматикалық мағынасына байланысты. Етістік сөздің процессуалдық іс-әрекетті білдіруі, іс-әрекеттің болмыстағы қатынасының мол болуы осыған себеп.

Етістік сөздер басым компонент ретінде сөз тіркесін кабысу, матасу, меңгеру амалдары арқылы құрайды. Қабысу мен матасу амалын жұмсауда сан мөлшері жағын ескергенде, есімді тіркес пен етістікті тіркесте кеп ал-шақтық жоқ: қызыл қалам, шай қасықкеше келді, қаламның ұшыінімнің келгені т. б.

Бірақ меңгеру амалы түр жағынан да, жиілік жағынан да етістік тіркесте өте мол көрінеді.

Бірақ етістік сөздердің өзі іштей тіркестік қабілеті— тіркесу амалдарының түр-түрін пайдалануы, бір амалдың өзінің түрлерін қолдануы бірдей емес. Әр  етістік сөздің тіркестік кабілеті оның грамматикалык,  формасына, лексикалық  мағынасына байланысты.  Тіркестік қабілеті жағынан етістіктер ен алдымен субстантивті-қимыл атауы болатын формалары  мен ол  формалары жоқ калпына карай ерекшеленеді. Субстантивті формалар (есімше, тұйық рай) бағыныңқы сөзбен матасу арқылы байланыса алады, ол форманы алмаған етістіктер бағыныңқы компонентті матастырып тіркестіре алмайды: бұлттың сейілгенібұлттан сейілді.

Етістіктерді тіркесу кабілеті жағынан өзара ажырататын, бөлетін тағы бір жай — олардың салт сабақты болуы. Сабақты етістіктер бағыныңқы сөзді табыс септік формада меңгере алады, салт етістік бұл тұлғадағы сөзді меңгере алмайды.

Етістік сөздердің әрқайсысы өз мағынасына сай тіркес құрау қабілетіне ие болатыны тағы бар. Мұнымен қатар етістіктер мағыналық топтарға қатысы жағынан да түрлі тіркестік сапаға ие болып жатады.[25-27-б]

ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Етістікті сөз тіркестеріне қабысу амалы арқылы бағыныңқы компонент ретінде қатысатын сөздер мыналар: сын есімдер, сан есімдер, көсемшелер, үстеулер, еліктеуіш сөздер.

Етістікті сөз тіркесіне бағыныңкы болып сын есімдер жаппай еркін қатыса бермейді. Етістікпен мол тіркесетіндер -дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз жұнақтары арқылы жасалған сын есім сөздер: сынаптай құбылды, шайдай ашылды, дамылсыз сөйледі.

Сапалык сын есім сөздердін. бағыныңқы болып етістікті сөз тіркеске кіруі аз. Бұлардың көбі күрделі көсемшенің шегерілуі негізінде қалыптасқан: (ұзын қылып кестіұзын кесті, қалың болып шъқтықалың шықты), Сын есімді қабыстырып катыстырған етістікті сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіреді.

Сан есімдер етістікті сөз тіркесіне негізінен дүркіндік, көлемдік мағыналы рет, есе сөздерінің жетегінде кірігеді: екі рет сүңгіді, екі есе өлшеді. Тек ауызекі сөзде немесе осы стильге еліктеген жазба тілде сан есім етістікпен тікелей қабысып тіркеседі: ол ұзағанша артына үш қарады. Соңғы тіркес — толық варианттың шегерілген түрі. Үш рет қарадыүш  қарады.[27-б]

 

ЗАТ ЕСІМДІ ҚАБЫСТЫРЫП ҚАТЫСТЫРҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ   ТІРКЕСТЕРІ

 

Атау күйіндегі зат есім мен сабақты етістік сөздің, қабысуы аркылы құрылған сөз тіркестері объектілік қатынасты білдіреді: асфальт төседі, кітап үлестірді, киім киді.

Іс-әрекет пен объектінің арасындағы қатынас «табыс септіктегі зат есім—етістік болып» құралған сөз тіркестері аркылы да білдіріледі: асфальтты төседі, кітапты үлестірді, киімді киді.

Бұл екі тең тіркес функция жағынан біріне-бірі байланысты болғанмен генезисі (шығу тарихы) жағынан бір-біріне бағынышты емес, яғни жалғаусыз объектілік катынас жалғаулы тіркестің қысқарған түрі емес. Керісінше, тіліміздің тарихи даму жолын ескергенде, объектілік қатынас алғашқыда тек қабысу арқылы құралған тіркес арқылы білдірілген болу керек.

«Атау тұлғалы зат есім — етістік» типті тіркестер компоненттерінің тығыз байланысты болуына, айтуға ықшам болуына сай қимыл атауларын жасау үшін көп жұмсалады. Көз тікті, құлақ тікті, жол салды, әрекет істеді.

     Бірақ қабыса байланысқан бұл тіркестердін бағыныңқысы әр уақыт табыс септік жалғауын жалғап, меңгерілген тіркес кұрай алады: көзін тікті, жолды салды, әрекетті істеді. Мұндай өзгеріске түскенде объект пен қимыл дараланады, қимыл  атауы ретінде етістік сөз жалпы мағынасында көрінеді: көз тіктікөзін тікті, ән-салдыәнді салды.

Күрделі атау ретінде құралған «зат есім-етістік» кұрамдағы тіркестің компоненттері салт етістік болған жағдайда (жол жүру) аталғандай анық объектілік қатынасқа ауыса алмайды.

Қабысу арқылы кұрылған «зат есім-етістік» тіркестерінің компоненттері арасына сөз түсірмейді.[27-28-б]

ҮСТЕУ СӨЗДІ ҚАБЫСТЫРА ҚАТЫСТЫРҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Үстеулер қимылға тән амалды, сапаны, мезгілді, мекенді атайтын сөздер болғандыктан, олар етістіктермен мол тіркеседі және олар морфологиялық өзгеріске түсе алмайтын болғандыктан етістікпен тек қабысып тіркеседі. Тіркескен үстеу сөз бен етістік мынадай мағыналық катынаста тұрады:

1. Мезгілдікжаңа қарады, ерте бітті, биыл көшті. 2. Мекендікәрі отырды, кері бұрылды т. т. 3. Амалдықшапшаң көнеді, бастан-аяқ айтты, қасқырша ұлиды.[28-б]

 

ЕЛІКТЕУШІ СӨЗДІҢ ҚАБЫСУЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Еліктеуіштер — мағынасына орай тек етістіктермен тіркесіп, қимылдың сапасын, сынын білдіретін сөздер.

Сөздердің еліктеуіштік мағынасы оларды белгілі етістіктермен ғана тіркесуге мәжбүр етеді. Мысалы, қарш-қарш. тек шайнады етістігімен, бұрқ-бұрққайнады, қарқ-қарқкүлді етістігімен тіркеседі. Еліктеуіш сөз-дердің бәрі бірдей түбір күйінде тікелей етістікке тіркесе алмайды. Мысалы, шіңк-шіңк, жалт-жұлт, адыраң-адыраң, қылп-қылп тәрізді көптеген еліктеуіш сөздер көмекші етістіктің жәрдемімен көсемшелік тұлға алып тіркеседі: жалт-жұлт етіп. жарқырады, шіңк-шіңк етіп сөйледі.[29-б]

КӨСЕМШЕНІҢ ҚАБЫСУЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Көсемше өзгермейтін форма екені, әрі екінші бір қимылға қатысты қимылды, іс-әрекетті соның сапалық қасиеті ретінде атайтын форма екені белгілі. Бұл жерде біз көсемшенің синтаксистік қызметін атап отырмыз. Синтаксистік жүйенің өзінде көсемшенің қызметі алуан, әрі кейде тіпті бірінен-бірі алшақ боп көрінетіні бар. Бірақ барлық жағдайда — бірыңғай мүшелерді байланыстырғанда да, бағыныңқы қатынастағы сөздерді бай-ланыстырғанда да — көсемше екі етістіктің біріне-бірі қатысты екенін білдіреді.

Қарындаш жерге түсіп, домалап кетті. Перде жиырылып түсті.

Сонымен, көсемше өз алдына дербес жұмсала алмайтын, сөйлемде тек екінші бір етістік сөзге ілесіп кіретін форма болғандықтан, етістік сөздермен ғана тіркесуі өте заңды және көсемше өзгермейтін форма болғандықтан, сөз тіркесіне қабысу амалы арқылы кіреді.        ,

Етістікті тіркеске көсемшенің үш түрі де (-ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі) қатысады. Қөсемшелермен етістіктердің тіркесу мүмкіншілігі екі шартпен өлшенеді.

1. Көсемше сөз бен етістік сөздің мағыналық үйлесімі: Шошыпоянды, түрды, қарады.

2. КөсемшенІң грамматикалық түрлеріне тән мағына да олардың тіркесу мүмкіншілігіне әсер етеді.

Қызмет, мағына жағынан біріне-бірі -ып, -іп, -п формасы мен -а, -е, -й формасы жуық келеді. Көптеген мысалдар бұл екі форманың мағына жұмсалу жағынан қатар келе алатынын байқатады: Күле кіріп, күңіреніп шықты. Дайындалып сөйледідайындалмай сөйледі. Айтып-айтпай немене.

Осы мысалдар, болымды-болымсыздық форма жасауда, іс-әрекеттің сынын білдіруде көсемшелік екі форманың тең келе алатынын байқатып тұр. Н. Қ. Дмитриев көсемшелердің бұл формаларының жұмсалу аясы, ерекшелігі әр дәуірге тән нормаға ғана бағынышты деуі осындайдан .

Қазақ тілінің жүйесінде көсемшенің аталған формаларының анық дараланып жұмсалатын жайлары да бар:

1. Іс-әрекеттердің іле қатар болғанын білдіретін етіс-
тікті тіркесте -а, -е тұлғалы көсемше бағыныңқы компо-
нент болып жұмсалады: келе (іске) кірісті, бара сөйледі.

2. -а, -е тұлғалы көсемшелердің санаулы түрі дәстүр
бойынша қалыптасып тіркесетіндері де бар: сөйлей-сөй-
лей шешен боларсың, жүре-жүре (тауға) жеттік.

Осы сияқты көсемшелердің дәстүрмен қалыптасқан тіркесте тұрақтағандары бар: жүре сөйледі, жаба тоқыды. Мұндай дәстүрмен бекітілмеген жағдайда -ып, -іп, -п және -а, -е, -й тұлғалы көсемшелер тең вариант ретінде алмасып жұмсала береді: күле сөйледікүліп сөйледі, қадала қарадықадалып қарады.

…Қайрат та қисық сапты бишігін шошаңдатып қойды. Онан соң ішігін шешіп тастап, келсең кел дегендей шана үстіне тізерлеп, қоқырая отырды (С. Мүрат.). Көсемшелердің ерекше дара мағынада тіркеске түсетіні —

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі формалары. Бұлар өз дара мағынасына сай мақсат, мезгіл мағыналы қатынасты білдіреді: көргелі келді, келгелі есітіп жүрмін.

Сонымен «көсемше — етістік» болып құралған сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіру үшін қызмет етеді. Жалпы, жинақы белгісімен осылай аталғанмен бұл қатынас дара-дара түрлерге белінеді. Олар қимылдың амалын, мақсатын, мезгілін білдіреді.[29-30-б]

 

МЕҢГЕРУ АЛМАЛЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Етістік сөз тіркестеріне меңгеріліп бағыныңқы компонент ретінде зат есім, есімдіктер қатысады. Сын есім, сан есім, есімшелер бұл тіркеске субстантивтенген жағдайда ғана енеді: кісіні шақырды, алғанын көрді т. т.

Бағыныңқы сөздер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік формалар арқылы немесе септеулік шылаулар арқылы меңгеріледі.[31-б]

ТАБЫС СЕПТІК ТҰЛҒАЛЫ СӨЗДІ МЕҢГЕРГЕН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Табыс септіктегі сөзді менгеріп тіркес кұрайтын — сабақты етістіктер: үйді жуды, терезені ашты. Салт етістіктер өзгелік етіс формасына ауысқанда, олар да табыс септік сөзді меңгере алатын болады: ойнабаланы ойнатты, толдышелекті толтырды, қандысусынын қандырды.

«Табыс септіктегі зат есім — етістік» болып құралған сөз тіркестері объектілік катынасты білдіреді, яғни бағыныңқы сөз қимылдың, іс-әрекеттің объектісі болған затты атайды. Сонымен, аталған сөз тіркесі объект — затпен қимылдың арақатынасын білдіреді.

Объектілік қатынасты білдіруге зат есім сөздің табыс септік формасы бейімделген. Бұл қызмет — осы форманың үлесі. Дегенмен санаулы етістік сөздердің тіркесінде объектілік қатынас барыс, шығыс септік тұлғалары арқылы да немесе шылау арқылы да білдіріле алады.

Айтжанды ұрыстыАйтжанға ұрысты. Не айтуды білмедіне айтуға білмеді.

Қолын ұстадықолынан ұстады; етегін бастыетегінен басты.

Тура объектілік қатынасқа түсетін сөздің табыс, шығыс септік формаларында меңгеріліп, етістікпен тіркесуі мына жағдайға байланысты. Объект қамтылу мөлшері жағынан бейтарап аталса, ол сөз табыс септік формасында тіркеседі: қолын ұстады. Объект түгел қамтылмай, мөлшермен қамтылғанын атау қажет болғанда, ол сөз шығыс септік тұлғасында меңгерілді: қолынан ұстады, нанынан берді т. т.

Ұрысты сөзі тура объектіні табыс, барыс септікте бірдей меңгереді. Екі түрлі меңгерілу ұрысты сөзінің табиғатына байланысты. Сабақты етістік ретінде ол объектілік қатынастағы сөздің табыс септікте тіркесуін талап етеді. Екінші жағынан, семантикалық жүйені қуғанда ол кісінің психикалық күйін білдіретін етістіктер тобына жатады: күлді, ренжіді, сүйсінді, қуанды т. т. Бұлардың көбі салт етістіктер. Бұларға қатысты объект жанама толықтауыш ретінде байланысады:

күлді

балаға

ренжіді

сүйсінді

 

Осы топқа қатыстылығының арқасында, солардың грамматикалық сипатына жуықтау аркылы ұрысты объекті сөзді екі түрлі меңгеруге ие болып тұр: балага ұрыстыбаланы ұрысты.

Осы сияқты мін, ас сөздері де объект ретіндегі компонентті екі тұлғада меңгереді: атқа мінді, атты мінді; таудан асты, тауды асты.

Мінді сөзі көпшілік объект ретіңдегі сөзді тек барыс септік формасында меңгереді: поезға мінді, самолетке мінді. Ат, өгіз, бие, тай сияқты сөздердің табыс септік формасында меңгерілуі—ерекшелік. Бұл тіркестіру ерекшелігі аталған заттардың тура объект ретінде қамти алынады деген ұғымға байланысты қалыптасқан болу керек.

Осы сияқты таудан асты, тауды асты деген варианттардың негізгісі — таудан асты. Осы мағыналас өтті де объектілік қатынастағы сөзді шығыс септік формасында ғана меңгереді: көпірден өтті, өткелден өтті. [31-32-б]

БАРЫС СЕПТІК ТҰЛҒАЛЫ ЗАТ ЕСІМ СӨЗДІ МЕҢГЕРУ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Барыс септік арқылы меңгеріліп, етістікті сөз тіркесіне мынадай сөздер кіреді: зат есім, есімдік, есімше.

«Барыс септіктегі сөз — етістік» болып кұралған сөз тіркестерінің бастапқы мағынасы іс-әрекеттің бағытын білдіру екені анық: қалаға кетті, інісіне берді. Бірақ осы мағынаны негізге алып барыс септік формасы көптеген басқа мағыналық қатынасты білдіру үшін жұмсалады. Олар — себептік, мақсаттық, қатыстық мағыналар. Бұл аталған мағыналардың көрінуі сөз тіркесіне енетін сөздердің лексикалық-грамматикалық сипатына, олардын, арақатынасына байланысты. Бірқатар сөздердің тіркесуі, олардың мағыналық қатынасы белгілі бір стиль аясында ғана пайда болады. Мұндайда «барыс септікті зат есім — етістік болып» құралған сөз тіркесі басқа бір тіпті тіркестерге параллель келеді. Сонымен, барыс септіктегі зат есімді меңгерген етістікті сөз тіркесін білдіретін мағыналар мыналар:

1. Іс-қимылдын, бағытын білдіреді: суға сүңгіді, ішке
кірді, қапқа салды, дәрігерге көрінді.

2. Қимылдың, істің объектісін білдіреді: асытққа тол-
ды, шайға қанды, хабарға қанықты.

Айналуы, жұмсалу объектісін білдіреді — (шытты) көйлекке алды, отынға (сабан) жағатын.

Айналдырсан, уақытты ащы терге,

Айналмақ тер уақыттай мәңгілікке.

(Қ. Мыр. «Уақыт пернесі»).

Меңгерілген зат есім мен етістіктің арасындағы бұл қатынас тура толықтауышы бар контексте пайда болады.

Осы мағына кеңейтіліп, барыс септіктегі есім (тұйық рай етістік) — етістік құрамындағы тіркес арнауды білдіретін (делибаративтік) қатынасты да білдіру үшін жұмсалатыны бар: осыларға (өлең) шығаросылар туралы (өлең) шығар, босатуға (қаулы) жаздыбосату жөнінде (қаулы) жазды.

3.          Меңгерілетін сөз есімше немесе тұйық рай сөз бол-
ғанда етістікті тіркес мақсат, себептік қатынасты білді-
реді, яғни бағыныңқы сөз етістік атаған қимылдың, істің
себебін, мақсатын білдіреді: айтуға келді, күлгенге рен-
жіді.

Бұл қатынаста келген «барыс септікті—есімше (тұйық етістік) — етістік» типті сөз тіркесі басқа да амалдар арқылы құрылған сөз тіркестерімен функциялас бола алады: айтуға келдіайту үшін келді, күлгенге ренжідікүлгендіктен ренжіді.

Мақсаттық, себептік қатынас білдіруде бұл үш түрлі (үшін, -дықтан, -ға арқылы құралған) тіркестің ерекшелігі жоқ, бірақ жұмсалу аясында айырмашылық бар:

-у үшін, -ғандықтан тек себептік қатынасты білдіру үшін ыңғайланған формалар. Сондықтан себептік мағынаны айқын таныту қажет болған стильдерде осы формалар-қатысқан тіркестер жұмсалады. Барыс септікте меңгерілген сөзді қатыстыру арқылы себептік қатынасты білдіру үнемді, ықшам сөзді іздеу тұсында жұмсалады.

Барыс септіктегі есімше — болымсыз етістік болып құралған тіркесте ирреалдық себептік қатынас пайда болады: (су) бөгенге тыйылмайды, шақырғанға бармады.

4.           Өзгелік етіс тұлғалы етістікке барыс септіктегі сөз
тіркесіп іс-қимылдың субъектісін толықтауыш ретінде
қатыстырады: араға талатты, итке қаптырды, Әй, бай-
ай, сенің байлығыңды балықшыларға талатқалы отыр
дейсің бе
(Ә. Н.).

Бұл тіркестер талға байлады тәрізді синтаксистік-семантикалық байланысқа ұқсас болғанымен, одан өзгеше. Екеуінде де толықтауыштық қатынас болғанымен, объект ретіндегі сөздердің басыңқы етістікке мағыналық байланысы бірдей емес. Негізгі (өздік) етіске қатысқан сөз пассив объект ретінде көрінсе, өзгелік етіске қатысқан сөз актив объект ретінде көрінеді.

5.           Бірқатар етістіктер зат есімді барыс септікте де,
шығыс немесе көмектес септікте де бірдей меңгеріп, бір-
ақ мағыналық қатынасты білдіреді: Жүмысқа кешікті -
жұмыстан кешікті. Кешікті меңгерген сөздің екі тұлғада
келуі (жұмысқа, жұмыстан) ситуациялас жағдайда жұм-
салатын тіркестердің ықпалынан болуға тиіс. Ол тір-
кестер мыналар: жұмысқа үлгерді, жұмыстан қалды.

Жолықты, байланысты, кездесті етістіктері өзінің семантикасына лайық іске қатысушы екінші жақты білдіретін сөзді объект ретінде байланыстырады. Бұл объект сөз аталған етістіктермен негізінеи көмектес септік формасы арқылы тіркеседі: баламен сөйлесті. Бірақ тілімізге объектілік қатынасқа түсетіи сөз аталған етіс-тік сезбен барыс септік формасы арқылы да байланысады: техникке жолықтытехникпен жолықты. Оспанға кездестіОспанмен кездесті.

Объектілік қатынасты білдіруде бұл екі амалдың арасында айтарлықтай еркшелік жоқ. Оларды сөз кұрауда пайдалану әңгіме жағдайына, сөз иесінің қалауына ғана байланысты.

Объектілік қатынастың екі тұлға арқылы көрінуі тіркестегі тірек компонент — етістіктің мағынасына байланысты болса керек. Етістік атап тұрған қимыл-процесс объект сөздің барыс, көмектес септік тұлғада тіркесуіне мүмкіндік беріп тұр. Екіншіден, аталған етістік сөздердің объектіні барыс септік формасындағы сөздермен тіркесуі тарихи құбылыс болып табылады. Орхон жазулары ертеде көмектес септік пен барыс септіктің объектілік қатынасты білдіруде параллель қолданылуы осы күнгіден жиі де мол болғанын көрсетеді: Бір отуз Лашыңа Чача саңунка суңушдіміз.— Отыз бір жасында Шаша сенгунмен соғыстық ‘.

Бірқатар етістіктерге өздерінің мағынасына орай мекенді білдіретін сөз тек жатыс септік тұлғада меңгерілуге тиіс болып көрінгенімен, тілде олардың барыс септік тұлғасында да тіркесетіні бар: (отынды) ңорада жарқораға жар, (балықты) үйдің төбесінде ңақтаүйдің төбесіне қақта, жағада ойнажағаға ойна, уәдеде түруәдеге тұр. Мұндай жерлерге толқын пайда болды, ағын пайда болды (Ғ. М. «Әмина»).

Екі септік жалғаудың қатар жұмсалуы ертеден бар: иырайа оғузығ үкус өк өлүртіТеріскейде көп оғыздарды қырдық .[32-35-б]

ЖАТЫС СЕПТІКТЕГІ СӨЗДІ МЕҢГЕРГЕН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Жатыс септік формасының негізгі мағынасы заттардың мекендік қатынасын білдіру. Етістік сөздерге жатыс септік формасы арқылы меңгеріліп зат есімдер осы қатынасқа түседі: сазда отыр, қорада жүр. Жатыс (статикалық) мекендік қатынас негізінен осы септік формасы арқылы білдіріледі. Тек санаулы сөздердің тіркесуінде ғана бұл қатынасты білдіруде жатыс, барыс септіктері қатар жұмсалатынын ілгеріде айттық.

Жатыс септіктегі сөз жеке етістікке қатыспай, субъект — етістік-баяндауыш немесе объект — етістік-баяндауыш болып құралған тұтас тіркеске қатысты болып
келетіні бар және мұндай байланысқа түскен есім сөз-
дер генетивтік қатынаста тұрады: жатыс септіктегі жал-
пы мағыналы сөз бен оған байланысты басыңқы сөз
екеуі жалпы мен жалқы заттардың генетивтік қатына-
сын білдіреді: екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бо-
та  тату.

Әйелде Шолпаннан, биеде мынадан артықты әзір көргем жоқ!деді Аман (Ғ. Мұст.). Осы өзіміз көргенде мырза кім? (М. Ә.).

Жалпы мағыналы сөздің жатыс септігі арқылы генетивтік қатынасқа тікелей түсуі ауызекі сөйлеу тіліне, ауызекі сөйлеу тілі дәстүрінде қалыптасқан мақал-мәтелдерге тән. Генетивтік қатынасты дәлірек білдіретін екінші амал бар. Ол амал — ішінде көмекші есімі. Бағыныңқы сөз осы көмекші есім арқылы басыңқы компонентпен байланысады: әйелде Шолпан ақылдыәйелдің ішінде Шолпан ақылды.

Жатыс септікте меңгерілетін сөз -ған, -ген тұлғалы есімше болып, ол етістікпен тіркескенде мезгілдік қатынасты білдіреді: көргенде айтқаны, (осы), жолыққанда айтқанын (жеткіздім).

Осы мезгілдік қатынасты білдіретін тіркес қабысу арқылы де құралады. Ол үшін бағыныңқы есімше жатыс септіктің үстіне -ғы- -гі жұрнақтарын жалғап сын есімдік сапаға ауысады: көргендегі айтқаным осы Бұл екі арада қысты күні Шұғаны сағынып жүргендегі Кәрімнің шығарған өлеңі деп біреуі өлең айтты Б. М.). Күнімен жүргендегі әкелгенің осы ма?— деді қатыны (Б. М.).

Мезгілдік қатынасты білдіретін тіркестің (жүргенде әкелгені) атрибутивтік тіркес қалпына асуына үлгі болған қаладағы музей, күздегі суық тәрізділер болуға тиіс.

Право, нормаға байланысты ұғымдарды білдіретін сөздерді (заң, тәртіп, әдет) жатыс септікте меңгеріп, етістік тіркестер жөн-жоралғы мағынасындағы пысықтауыштық қатынасты білдіреді: өзбек заңында (бұл) жоқ, елдің әдетінде (ұзын) киеді т. т.

Айтпағанымқазақтың ескі әдетінде некелі жары немесе басқа бір ет жақыны болмаса, оң жақта отырған қыз бөтен жігіт үшін жұрт көзінше жылауға тиіс емес (Ә.Нүр.).

Осы тіркестердің екінші функциялас сыңары бар. Ол функциялық вариант тіркес мына түрде құралады: зат есім — бойынша — етістік. Мысалы: қазақтың ескі әдетінде жылауға тиіс емесқазақтың ескі әдеті бойынша жылауға тиіс емес.

Функциялас осы екі тіркестің көмекші есімсіз құралатын түрін ауызекі сөйлеу тілінің аясында туған үнемді вариант деп тануымыз керек.

Жас мөлшерді білдіретін сөздер жатыс септікте етістікпен тіркескенде, мезгіл пысықтауыштық қатынасты білдіреді: жасында өткір еді.

Тайында қысыр емді. Байталында құлын тастады (Ғ. Мүст.).

Жатыс септіктегі бұл сөздер статикалық үзінді мезгілді атайды. Осынысымен ол жасынан өткір деген тәрізді тіркестен өзгеше.[35-37-б]

ШЫҒЫС СЕПТІКТЕГІ СӨЗДІ МЕҢГЕРГЕН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Барыс септік бағытты, жетер жерді, мезгілді білдірсе, шығыс септік — оған кері мағыналы форма. Ол іс-қимылдың басталған мекенін, мезгілін атайды: қалаға барадықаладан барады. Шығыс септіктің де осы басты мағына негізінде сараланған көп мағыналары бар. Ол мағына тіркеске енген бағыныңқы компоненттердің семантикасына байланысты көрінеді.

1.           Шығыс септіктегі сөз дара бір ғана етістік немесе
есім сөзге қатысты болып тіркеспей, бастауыш — баян-
дауыштық байланыстағы екі сөзге бірдей қатысты болады. Үлкендерден Оспан келді, қос аяқтыдан осы жүйрік. Мұндайда шығыс септіктегі сөз өкіл шығарған жалпы топты атайды да, тіркестегі басыңқы зат есім, есімдік сол дара секілді білдіреді: Ойлап тұрсам, үлкеннен мен, жастан сен екенсің қалған (Ғ. Мұст.). Бұл тіркестің ерекшелігі мына салыстырудан айқын байқалады: Оспан үлкендерден келдіүлкендерден Оспан келді.

2.           Шығыс септіктегі сөз жақсы, жаман, озық, кейін,
жүйрік, шабан т. б. осы сияқты сапалық сын есімдермен
тіркескенде, салыстыруға алынған объектіні білдіреді:
Мынау менен жазымпаз екен!— деді Жақып. Жаман құр-
быныц   серіктігінен   сендердің   серіктігің   артық екен

(Ғ. Мұст.).

Осы салыстыру объектісін білдіруді «шығыс септіктегі зат есім озды» болып құралған тіркестен де көреміз: баладан озды, көптен озды.

3. Тіркестің бағыныңқысы бүтіннің бөлшегін атайтын сөз болып (мойны, қолы, көзі — адамның дене мүшелері: шеті, ортасы, төріүйдің орны, бөліктері), басыңқы семантикалық жағынан іс-қимыл басталған мекенді атайтын сөзді талап ете алмайтын етістік болса (ұстады, қысты, ұрды, орды, шашты, байлады, шешті т. б.), мұндайда шығыс септіктегі сөз бөлшек ретіндегі объектіні білдіреді: мойнынан қысты, етігінен ұстады. Объект сөз табыс септігінде меңгерілсе, бөлшек екендігін білдіру жоғалады: мойнын қыстымойнынан қысты, етегін ұстадыетегінен ұстады.

Осы бөлшек объектіні білдіру үшін тиді, көздеді етістіктеріне де меңгерілетін сөз шығыс септік тұлғаны қабылдайды: көзінен тиді, қолынан тиді, көзінен көздеді, қолынан көздеді. Ал тиді, көздеді өз семантикасының ынғайында болса, бағыныңқы сөзді негізінен барыс септікте меңгерген болар еді: көзіне тиді, қолына көздеді т. б. Тиді, көздеді объектілік қатыстығы сөзді шығыс, барыс септікке бірдей меңгере береді. Бірақ объектінің бүтін бір заттың бөлігі екенін баса таныту керек болғанда, бағыныңқы сөз шығыс септік тұлғасын қабылдайды.

  1. Шығыс септік формасы аталған мағына ерекше-
    лігі арқасында мекендік мағынадағы көмектес септіктің
    орнын басатыны бар. Пысықтауыштық қатысқа түскен
    сөзді осы екі формада меңгеру жүрді, өтті етістіктері
    құрайтын тіркестерден байқалады: шетімен өттішеті-
    нен өтті, ортасынан жүрді
    ортасымен жүрді.
  2. Санаулы сөздердің катысуымен құралып, шығыс
    септіктегі зат есім мен етістіктен жасалған тіркестер іс-
    қимылдың амалын, құралын білдіреді. Басыңкы етістік
    пен меңгерілген сөздің арасында мұндай қатынас мына
    жағдайларда пайда болады:

а) бағыныңқы сөз қол болып, басыңкы ретінде атты, жөнелтті, өткерді, өткізді, атқарды, сойды, бауыздады етістіктері катысса: қолынан сойды, қолынан жөнелтті т. б. Куамын, қолымнан бауыздап өлтіремін! (М. Ә.) Жантаев қызуланып алып, Есіркептерді өз қолынан атпақ боп, наганын суырып алмасын ба! (Б. М.).

Іс-қимылдың амалын, құралын, негізінен көмектес септік білдіреді. Аталған тіркестерді де көмектес септігі арқылы кұрауға болады. Бұл тіркестердін шығыс септік арқылы кұралуы колынан өткізді, қолынан берді тәрізді лексикалық аядан басталған болу керек. Бұл сөздердің арасындағы қатынас амалдық, мекендіктің аралығында көрінеді.

Құрал — объектілік қатынас оқшау, дара құралған мына тіркесте де бар: көзінен атқызды. Кейде төсекке жатқанда да ойға шомып, щиялданып көрер таңды көзі-нен атқызатын күні де болады (Б. М.).

ә) бағыныңқы компонент ретінде кісіге байланысты атау сөздер қатысып, басыңқы ретінде жібер, айт, білдір етістіктері қатысса: балаңнан хабарла, жәрдемшіңнен білдір т. б. Хабарыңды Раңыштан айтарсың (М. Ә.).

Іс-қимылдың амалы, құралы ретінде объектіні білдіргендіктен аталған тіркестер арқылы көмекші есімнің жәрдемімен құралатын тіркеске қызмет жағынан жуықтасады: балаңнан хабарлабалаң арқылы хабарла.

Тура объектілік қатынасты шығыс септіктегі зат есім айналайын (эмоцияны білдіретін) сөзіне тіркескенде білдіреді: баласынан айналайын, елден айналайын. Оны хабарлаған Аманнан да айналайын (Ғ. Мүст.).

6. Шығыс септіктегі зат есім мен етістіктен, шығыс септіктегі -ған, -ген тұлғалы есімше мен етістіктен жасалған тіркестер себеп-салдарлық қатынасты білдіреді: астан ауырды, құмнан шаршады, орғаннан сұйылды т. т. Бұл қатынас есімше мен етістіктен құралған тіркестерде әсіресе басым көрінеді. Зат есім мен етістіктен жасалған тіркестерде себептік қатынас сөздердің лексикалық мағыналарының арасалмағына байланысты. Бұл сөздер мағынасыиа орай мекендік (іс-қимылдың басталған мекені), мезгілдік (іс-қимылдын, басталған мезгілі) катынасқа түсе алмайтындай болуға тиіс. Есімше мен етістік катынасқан сөздердің арасында себеп-салдарлык қатынастың басым болуы да олардың лексикалық мағыналарының арасалмағына байланысты.

Бұл тіркесті себептік қатынасты білдіру мақсатында пайдаланудың шеңбері әр стильде әрқалай көрінеді. Жазба тіл тіркесті, ілгеріде атаған шартқа сай, белгілі жатыкқан сөздерді қатыстырып, өлшеммен жұмсайды. Ауызекі сөйлеу тілі бұл тіркеске сөздерді мол қатыстырып кұрайды: мінезінен (тілінен) тауып тұр, керенаулығынан ұнатпайды т. т.

Шығыс септіктегі зат есім (есімше) мен етістіктен күралған тіркестер себеп-салдарлық қатынасты білдіргенде, осы мағыналас, «барыс септіктегі зат есім (есімше) етістік» түріндегі тіркестермен шамаласады: Суықтан ауырдысуыққа ауырды, орғаннан сүйылдыорғанға сұйылды. Екі тіркестің бұлай жуықтасуы тілдің себеп-салдарлық қатынасты білдіру үшін шығыс, барыс септіктерінің мекендік, мезгілдік мағыналарын бірдей негіз етіп алғанын байқатады. Ал себеп-салдарлық катынас білдіретін бұл тіркеске орнықпаған, тосын сөздер енгізілгенде, оған үшін арқылы құралған тіркес параллель болып жұмсала алады: тілінен табадытілі үшін табады, мінезінен жек көредімінезі үшін жек көреді. Осы мінезінен көбі оны жек көреді. (Ғ. Мұст.).

7.             Шығыс септіктегі зат есім адамның дүние тану
әрекетін білдіретін етістіктермен (естіді, білді, байқады,
сұрады, көрді  т. т.)   тіркескенде  информация берген
объектіні атайды: елден естіді, сөзінен байқады, қаба-
ғынан таниды
т. б.

8.            Біз ілгеріде шығыс септіктегі зат есім етістікпен
тіркескенде іс-әрекеттің басталған мекенін білдіретінін
айтқанбыз. Бұл қатынас козғалыс, жүріс процестерін
атайтын етістіктерге (барды, келді, шьщты, басталды,
қозғалды т. т.) байланыста пайда болады. Басқа етістік-
терден бұл мағыналық қатынас тумайды, түрлі объек-
тілік, себеп-салдарлық қатынастар пайда болады.  Ал
мына тіркесте шығыс септік жатыс септік білдіретін ме-
кендік мағынаға жуықтайды:  ауылдан көрді (ауылда
көрді), қаладан ұстады (қалада ұстады). Сол түстан ол
бір жаңа қазылған борсықтың інін көрген екен, кешкі
салқынмен соны қазбақшы болдьқ. (Қ. Сақабаев).

Шығыс септіктегі сөз бұл қызметті санаулы етістіктермен (көрді, ұстады) тіркескенде ғана атқарады. Орхон жазуларында осы күнгі шығыс, жатыс септіктерінің мағынасын жалғыз шығыс септік атқарған, аталған фактілер осы синкретизмнің жаңғырығы ретінде пайда болған болу керек ‘.

9.           Шығыс септіктегі -ған, -ген тұлғалы есімше бағы-
ныңқы компонент болып етістікпен тіркескенде мезгіл-
дік қатынасты білдіреді. Сөйлескеннен-ақ Әбдірақман
туралы сұрады.
(Б. М.).

10.          Шығыс септіктегі зат есім құрау, жасау, тұрғызу
процестерін білдіретін етістіктермен (тікті, салды, қала-
ды, жасады
т. т.) тіркескенде, сол процестерге жұмсал-
ған материалды атайтын объектілік қатынас пайда бо-
лады: кірпіштен қалады.[37-40-б]

 

КӨМЕКТЕС СЕПТІКТЕГІ СӨЗДІ МЕҢГЕРГЕН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

«Көмектес септіктегі зат есім—етістік» болып кұралатын тіркестің білдіретін грамматикалық мағынасы әр қилы және көп жағдайда бұл тіркеске грамматикалық кұрылысы өзгеше тіркестер функция жағынан қатар келеді.

  1. «Көмектес септіктегі зат есім — етістік» болып кұралған тіркес іс-әрекетке субъектімен қатар  қатысқан объектіні білдіреді: (ағам) кісілермен келді.
  2. 2.  Аталған тіркес іс-әрекет пен оның сынын атайтын сөздерді біріктіріп пысықтауыштық қатынасты білдіреді: жақсылықпен кездесейік, (өз) азығымен кетті т. т.
    Бұл пысықтауыштық қатынас -мен, -пен, -бен жалғауының іс-әрекетке субъектімен қатар қатысуды білдіретін грамматикалық   мағынасының  негізінде қалыптаскан. Меңгерілетін компонент ретінде жансыз заттын білдіретін сөз қатысқанда тіркес пысықтауыштық қатынасты білдіреді.

Көп жағдайда пысықтауыштық катынасты білдіретін «көмектес септіктегі зат есім — етістік» болып кұралатын сөз тіркестері «көсемше-етістік» типтегі сөз тіркестерімен функциялас болып жұмсалады: қуанышпен қарсы алдықуанып қарсы алды, ойға шомумен келе жатыройға шомып келе жатыр.

3.          «Көмектес септік тұлғадағы зат есім — етістік» болып құралған тіркесте бағыныңқы компонент іс-әрекетке құрал, амал болған объектіні атайды: балтамен шапты, сөзімен жеңді.

Етістік пен объектілік сөздің арасындағы бұл мағы-налық қатынас «зат есіМ’—арқылы — етістік» болып кұралған тіркес аркылы да білдіріледі: телефонмен ха-барластытелефон арқылы хабарласты. Бірак, арқылы септеулігінің катысуымен кұралған тіркес іс-әрекетке құрал объектіні атауда өз ерекшелігі бар. Сондыктан оның көмектес септік аркылы кұралған тіркестерм^н тең түсуі ете елшеулі. Бірді-екілі сез — түбір зат есім (хат, телефон, зейін) және жұрнақты есімдер ғана объекті-лік катынасқа осы екі формада түсіп жұмсалады: оқу-мен сауаты ашылдыоқу арқылы сауаты ашылды.

4.          Аталған тіркес мекен пысықтауыштық қатынасты
білдіреді: жолмен жүрді, ауылдың шетімен жүрді т. т.

5.          «Көмектес септіктегі зат есім сөз — етістік» болып
кұралған тіркестер себептік қатынасты білдіре алады.
Бұл тіркеске түскен сөздердің лексикалық мағынасының
арақатынасына тәуелді. Бұндайда тіркестерге бағының-
қы компонент ретінде абстрактылы сөздер қатысады.
Дәмеш мұнан әрі ештеңені ойланбастан, бәрін ашу-ыза-
мен істеді.
(С. Мұрат). Сізге звонда деген өтінішімен ха-
барлап тұрмын.
(Қ. М.). Аманның кеңесімен келді жа-
тақтарға
(Ғ. Мұст.).

6.          «Біз ілгеріде көмектес септіктегі зат есім — етіс-
тік» болып құралған тіркестердің сын-қимыл пысықтау-
ыштық қатынас білдіретінін айттық. Мына сөйлем бұл
типтес тіркестің мезгіл пысықтауыштық қатынасты біл-
діру үшін жұмсалатынын байқатады. Сол тұстан ол жа-
ңа қазылған борсықтың інін көрген екен, кешкі салқын-
мен соны қазбақшы болды
(К. Сақабаев). Осы жұмса-
лудың ізімен   ертеңмен келді,   ыстықпен   келді деген
тіркестер де кұралған.

Пысықтауыштық қатынас білдіру қызметі негізінде көмектес септіктің жалғауы үстеу сөз жасауға көп қатысып жүр: атымен жоқ, түгелімен жиналды, келісімен жолықты т. т.[41-42-б]

СЕПТЕУЛІКТЕР АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Сөз тіркестерін кұрауға мына септеуліктер катысады: арқылы, үшін, соң, кейін, қарай, таман, сайын, әрі, бері, дейін, шейін, құрлы, туралы.

Септеуліктер зат есім, есімше сөздерге жалғасып,
оларды етістікпен тіркестіреді: келген соң сөйлесеміз,
келгені үшін риза болды.

Септеуліктердің көпшілігі мекендік, мезгілдік қатынасты білдіру үшін жұмсалады. Олар мыналар: соң, кейін, қарай, таман, сайын, дейін, бері.

Қой дүркіреп үркіп, қойшыға қарай қашты (М. Ә.). Содан соң бұл адырға кіріп, бір-екі бел асңан соң қуғыншыны адастырып, құтылып алды (М. Ә.).

Бағыныңқы сөз (зат есім) арқылы септеулігі арқылы етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің құралы ретіндегі объектіні қатыстырады: телефон арқылы хабарласты.

Бағыныңқы сөз үшін септеулігі арқылы етістікпен тіркескенде мақсаттық қатынас білдіріледі: колхоз мына жолды салу үшін көп еңбектенді. -ған формалы.есімше соң, кейін септеуліктері арқылы етістікпен тіркесіп, мезгілдік, себеп-салдарлық қатынасқа түседі. Жолыққан соң оралады.

Қазақ тілінде себеп-салдарлық қатынасты білдіретін тағы бір форма бар. Ол — дықтан. Себептік катынасты білдіру үшін жүмсалатын осы екі форманың ара салмағына қарай ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшелігін байқауға болады. Себеп-салдарлық мағынаны білдіруге арнайы бейімделген форма -дықтан. Бұл форманың басқа мағынасы жоқ. Жазба тіл себеп-салдарлық қатынасты білдіру үшін осы форманы басым қолданады.

Ауызекі сөйлеу тілі бұл форманы аз жұмсайды, оны ол созалаңқы, әрі ауызекі сөйлеу тілінің негізгі тәсілдерінен шет көретін болуға тиіс. Өйткені ауызекі сөйлеу тілі сын есім, есімше сөздерді -дық (алғандық) жұрна-ынын қатысуынсыз синтаксистік жолмен тікелей субстантивтендіріп жұмсайды: Сенен жасыратыны жоқ, мен осы қатынды басқа зар болғаннан соң алып отырғаным -жоқ (Б. М.). Ол құрығырды қай жетіскеннен айтады дейсің (Қ. М.). Ауызекі сөйлеу тілінің есімше сөзді субстан-тивтендіру тәсілін жасыратыным, жетіскеннен деген сөздердің жұмсалуынан көруге болады. Екіншіден, -ған -соң бір өзі әрі себеп-салдарлық, әрі мезгілдік қатынасты білдіретін универсал форма болған соң, ауызекі сөйлеу тілі оны жиі колда ұстайтын болуға тиіс. Қолдағы жалғыз бала болғасын Бөбекті кішкентайынан үл ғып өсірді (Ә. Н.).

Нагандарың ңайда?

Үсталатын болған соң далаға лақтырып жібердім (Ғ. Мұст.).

Септеуліктердің ішінде ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркесін құрайтыны құрльш. Бұл септеулік кейбір ғылыми еңбектерде кызметі жағынан -дай,-дей қосымшасы, секілді, сияқты септеуліктерімен тең амал ретінде танылады. Шығу тегі, жасалуы секілді, сияқты сөздеріне ұқсас болғанмен құрлы — жұмсалу ерекшелігі бар септеулік. Келген құрлы болмадым, көрген құрлы болмадым деген тұлға кұрамында аталған септеулік секілді, сияқты, -дай, -дей тәрізді кызмет атқарады. Дегенмен құрлым негізінен эмоциялы сөз тіркестерінде жұмсалады. Етістікті басым компонентке бұл септеулік арқылы мына сөздер тіркеседі.

1. Есімшелер. Ол істеген құрлым міндет қылып бол-
ды, Болыс болған құрлы зықым шығып болды.
Әліштің
қатыны ауылнай болған қ
ұрлы бүлдірді (Б. М).

2. Есім сөздер. Жуасбай қурлы бағамыз болмаса, кө-
мекке несін шақырдың
(Ғ. Мұст.). Лақ қурлы бақырмай,
өлгенім бе, япырмай!
(Б. М.).

Курлы аркылы кұрылған сез тіркесінде бағыныңкы сөз (сен құрлы, кісі құрлы) пысықтауыштық қатынасқа тусіп, негізгі сөз (етістік) атаған істің мөлшерін, сапа-сын білдіреді.

Сөз тіркесін кұрауға катысатын де көмекші етістігі бар. Ауызекі сөйлеу тілінде бұл етістік сөз тіркесін құрайтын тәсіл ретінде екі формада катысады: десе, деп. Және екеуі де себеп-салдарлык катынасты білдіретін сөз тіркестерін кұрау үшін жұмсалады.

Науқан кезінде жұрт шай десе жатпайды. Осы жалғыз бала деп бармаған жерім жоқ.[42-44]


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы