Қазақ әдебиеті

Қорқыт ата

Әлемдік фольклорда құдайға қарсылық сарыны әртүрлі жанрда қолданылған. Бірі мифтік сананың ықпалымен әпсана жанрына негіз болып, оның үлгісі Қорқыт арқылы көрінсе, екінші түрі эпостық шығармаларда батырлар тарапынан байқалған. Үшінші – әлемдегі көп халықтың, атап айтқанда, жапондық «Урасима Таро», грузиндік «Мәңгілік өмір іздеген жігіт», венгерлік «Мәңгілік іздеуші», итальяндық «Жұмақтағы бір күн», орыстардағы «Жұмақ құсы», «Марқұмда қонақта», т.т. ертегілерінде мәңгі өмірге қол жеткізген кейіпкерлер туралы айтылған. Алайда олардың мәңгі өмірге қол жеткізуі шектеулі уақыт аралығында әрі мұнда құдайға қарсылық сарыны ретінде қолданылмай, ертегінің сейілдік функциясына сай жасалған. Бұл халық түсінігінде өзектілігін жойған кезде шыққандықтан осы топтағы шығармалардың қатарында қарастырылмайды.
Қазақ және өзге халықтардың шығармаларында орын алған бұлардың әр түрінің стадиялық ерекшелігі кейіпкерлерге жүктелген функция арқылы болатыны сөзсіз. Алдымен мифтік сананың ықпалымен пайда болған әпсана жанрындағы құдайға қарсылық сарыны қарастырылуы қажет.

Читать полностью »

Әр тынысың «Отан» дейтін күн бүгін (Мұхтар Әуезов)

Күн астыңда көк жайқын боп, тыныш теңіз тербеледі. Байтақ Балқаш бетінен кеш самалы келеді. Сол самал жел жылжытқан көкше, мөлдір көп толқын, бүгін Бертіс жағасынан, дағдыдан тыс күй көрді. Қою будақ түтіні бар, мұнарадай мұржалар емес таң қылған. Әсемдігіне Алматының өзі қызығарлық, өңшең бес қабат тас үйлі жаңа қалада емес бүгін бөлек көрінген. Теңізге таман төніп келген күдір белді бір тепсең бар еді.

Читать полностью »

«АЛДАРКӨСЕНІ» ӨМІРДЕ ОЙНАҒАН

Жо-жоқ, мен Шәкен ағамен аз-ақ рет кездестім деуден аулақпын. Егер оның жарқын бейнесін драма театрының сахнасы мен кинодан, талай-талай өткізіп жататын арнайы кездесулерден жүздеген рет көрдім десем, артық айтқандық емес. Ол өмірде өте қарапайым болатын. Мұны оның жүріс-тұрысынан, адамгершілік қадір-қасиетінен әрдайым аңғарып жүретінмін. Қайран ағам, үлкеннің де, кішінің де көңілін таба білетін.
1946 жылдың күзі. Мен Алматыға келіп, бұрынғы ҚазПИ-
ге оқуға түскен едім. Әр адамның әлденеге құштар болатын әдеті бар ғой. Біреу асық, біреу волейбол ойнайды дегендей, мен бейбақ бильярд десе ішкен асымды жерге қоятынмын. Сол әдет мені сүйрелеп «Алматы» мейрамханасына алып келді. Ресторанның астыңғы қабатында бильярд болатын.

Читать полностью »

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДРАМАТУРГИЯ

Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы. Драматургия – көркем әдеби тек (драма, трагедия, комедия) жанрларының өнернамалық жүйесі. Қазақ сөз өнеріндегі дәстүрлі негізі әдебиет шығармалары мен фольклор мұраларында (би-шешендер сайыстары, ақындар айтыстары, жар-жар, беташар, алтыбақан, т.б.) негізі қаланған ұлттық сөз өнерінің бұл саласы қазақтың рухани мәдениетінің әлем өркениетіндегі көрнекті орнын да танытты. Драматургия шығармалары қаламгерлердің тарихи кезеңдердегі халық тағдырын көркем шындық поэтикасы зандылықтары аясында бейнелеуімен ерекшеленеді. Драматургия туындылары (пьесалар, спектакльдер, либреттолар) арқылы әдеби тек саласы драма жанрларының (драма, трагедия, комедия) теориялық ерекшеліктері саралана айқындалады. Драматургия ұғымының аясында театр сахналарындағы туындылар мен деректі, ғылыми-фантастикалық, көркем фильмдердің де қойылымдық-режиссуралық көркемдік шешім ерекшеліктері айқындалады.
Драматургиядағы шығармалар – әдебиет оқырмандары мен театр,
кино көрермендеріне арналған көрнек өнері (көркемөнер) рухани құндылықтары.
Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмат Шанин пьесалары ұлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды және т.б. кейінгі толқын драматург-қаламгерлер шығармашылығы арқылы жалғасты.
Драматургия саласындағы әдебиеттану мен театртану, өнертану тұрғысындағы егізделе, теориялық-тәжірибелік тұтастықпен өрілген зерттеулер, танымдық бағалаулар да үздіксіз жазылумен келеді.

Читать полностью »

ЕР ТАРҒЫН

Ер Тарғын – халқымыздың қанатты қиялынан туған ертегі қаһарманы емес, қазақтың қара құласын қақ жарып шыққан төл тумасы. Ел тарихының төрінен өз орнын алған, өмірде шынайы болған тұғыры биік тұлға. Ол туралы қазақтың батырлар жырында бір емес, екі бірдей ғажайып қисса бар. Олардың бірі баршамсызға орта мектеп оқулығынан-ақ таныс болып, балаң көңілді баурап алған «Ер Тарғын» жыры. Ал екіншісі өткен ғасырдың отызыншы жылдың аяғында ел аузынан жазып алынып, әдеби айналымға енген «Тарғын батыр» дастаны.
Осы екі жырдың оқиға желісіне зер салсақ, «Тарғын батыр» дастаны бірінші тұруға тиіс сияқты. Өйткені алғашқы қисса: «ерте заманда Тарғын деген батыр елінде ханның ең жақын, ет жақын бір адамын өлтіріп, қазақ қырынан қашып кеп, қырық таңбалы Қырымның қырық ханыныңы үлкені Ақша ханның қол астына кіріп, бой тасалап жүреді» деп басталатын да, оның бұрын кім болғаны, тегі, түбі, тұқым-тұғияны туралы ештеңе айтылмай, атажұрты жұмбақ қалпында қалып қоятын. Ал мынау «Тарғын батыр» жырында оның өз елінде кім болғаны, қандай ерлігімен аты шыққаны, не үшін атажұртынан кетіп қалғаны – бастан-аяқ бақайшақтап баяндалады.

Читать полностью »

Тіл көгермей, ел көгермес

Мемлекеттік тіл саясатын мемлекеттік билік жүзеге асыратыны белгілі. Алайда, бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады. Тек кез келген басшы ғана емес, кез келген азамат тіл тағдырын мемлекет тағдырымен астастыра қарауға үйренуі қажет.

Читать полностью »

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»


Мұқағали Мақатаев! Қазақ поэзиясының пір тұтар азаматы. Оның өлеңдері санаңа жарық сәуле түсіріп, бойыңды «бай» белестерге бағыттайды. Оның өлеңдері қаншалықты биік болса, адамның оған деген құлшынысы соншалықты жоғары. Мұқағалиді оқыған сайын, көкірегіңді сол заманның әділетсіздігіне деген ыза кернеп, кеудеңді Отан мен отбасыға деген құрмет қошеметтейді.

Читать полностью »

11 страниц« Басына...234567891011



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы