Қазақ әдебиеті

Балалар әдебиетіндегі кейіпкер тілінің психолингвистикалық сипаты

Бала психологиясын зерттеушілердің тұжырымынша әрбір баланың тілдік қорының дамуы, сөздік қорының жан-жақты жетілуі, оны қоршаған ортамен тығыз байланысты. Әсіресе мектеп оқушыларының  ойлау мен  таным дүниесі өзара тығыз қарым-қатынастағы ортамен нақты байланыста болады. Баланың дүниетанымы ес біле бастағаннан-ақ екі түрлі негізге сүйенеді. Оның алғашқысы  — машықтық дағды, яғни көрген-білгенін тез қағып алып үйрене қайталау. Балалардың кез келген нәрсеге ерекше әуес болатындығы, әр нәрсені білуге, көруге, ұстауға, естуге, тіпті, дәмін татуға әуес болатындығы да сондықтан. Екіншіден, бала жан дүниесі эмоцияға бай,  әсершіл болып келеді. Бұл, әсіресе, жеткіншек жаста ерекше байқалады. Олар ересек адамның ойына келмейтін қисындар тауып, сол ойларын жүзеге асыруға талпынады.

Читать полностью »

Балалар әдебиетіндегі кейіпкер санасындағы символдардың қалыптасуы

Кез келген халықтың мәдениеті сол ұлттың дүниетанымы мен талғамына тікелей байланысты болып келеді. Халық эстетикалық талғамның нәтижесінде қоршаған ортадан мол ақпарат жинақтайды. Мұның барлығы ұлттық танымның жүйесін құрайтыны анық. Соның бірі жас ерекшеліктің деңгейіне байланысты қоршаған ортаны, дүниені эстетикалық танудың мектеп оқушылары санасында объективтенуі болып табылады. Бұлай бөліп қарастыратын себебіміз, ересек адамдарға қарағанда дүниені танудың санадағы мотивтері бала санасында бастапқы деңгейде, қарапайым үлгіде  қалыптасатындығында. Бала сонымен қатар, үлкендерден естіген ғажайып дүниелерді, оқыған кітаптардан алған көркем қиялын өзін қоршаған ортада іске асыру үшін еліктеу әрекетіне де жиі барады. Бұл  құбылысты М.Гумеров те, М.Қабанбаев та, Б.Соқпақбаев та өз шығармаларында  шеберлікпен көрсете білген.

Читать полностью »

Балалар әдебиетінің лингвоконцептуалдық құрылымы

Жалпы ғалымдардың кейбірі когнитивтік талдауда ақиқат пен бейақиқат мәселелеріне қатысты көзқарасты қайта қарау қажеттігін, өйткені оның нақты ғылымдарда алынатын тәжірибелік деңгейдегі нанымды нәтижелер алуға, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардан үздіксіз алынып жататын жаңа мәліметтер арқылы үнемі өзгеріп отыратын «ішкі әлемнің» үлгісін жасауға мүмкіндік беретінін, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарындағы келісімдер мен қайшылықтарды, саяси және идеологиялық жүйелер негізін анықтауда таптырмайтын әдіс екенін ерекше атап өтеді. Яғни тілді мәлімет беру мен мәлімет қабылдаудың когнитивтік жүйесі ретінде бағалайды. Сол себепті біз өз жұмысымызда аталмыш қаламгерлердің балалар тақырыбына жазылған көркем дүниелеріндегі кейіпкердің тілдік тұлғасын қарастыруды мақсат тұттық.

Читать полностью »

Балалар әдебиеті кейіпкерлеріне тән лақап аттардың лингвосемиотикалық ерекшеліктері

Көркем әдебиеттерде кездесетін  кісі есімдерінің ендігі бір түрі – лақап аттар. Алдын-ала анықталмай, таңдау нәтижесінде пайда болған есімдердің қатарына осы лақап аттарды жатқызуға болатын тәрізді. Себебі, көркем шығармадағы лақап аттар автордың шығарма тақырыбы мен мазмұнына сай, ондағы кейіпкерлердің жас ерекшелігіне байланысты әдейі таңдап алынған есімдер болып келеді. Бұл — балалар әдебиетінің кейіпкерлеріне тән дүние. Біз өз жұмысымызда профессор Т.Жанұзақовтың: «Лақап есімдердің табиғатын, оның әртүрлі қасиет-сипаттарын социолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің мәні айтарлықтай. Лақап есімдердің түрлері, әрбір адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, адамдармен өзара қатысына т.б. байланысына тағылған лақап есімдер тілімізде аз емес. …Әсіресе мектеп оқушыларының лақап есімдерін социолингвистикалық тұрғыдан зерттеу өте қызықты да, ғылыми тұрғыдан салиқалы болары сөзсіз» деген пікірін басшылыққа алдық [4.35].

Читать полностью »

Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тіліндегі көріктеуіш тәсілдер

Қазіргі кезде лингвостилистикалық зерттеулерді жазушының таза тілдік ерекшеліктері, яғни стильдік, сөз қолдану, көріктеу құралдарын қолдану ерекшеліктері т.б. сипатта қарастырумен ғана шектеуге болмайды. Мысалы, көркем мәтіндегі тұрақты тіркестер сөздің эмоциялық – экспрессиялық мәнін арттырады. Мұндай тұрақты тіркестер арқылы жазушы шығармаларында ұлттық болмыс пен танымның белгісі айқын аңғарылады. Мысалы: Жоламан тез-тез адымдап, үй орнындай жерге топтала өскен доланаға таянғанда, Кәрішалдың даусы пышақ кесті тына қалды [М.Ғ.] деген сөйлемдердегі тұрақты тіркестер арқылы ақпаратты ықшам, бейнелі түрде берудің өзіндік қолтаңбасын көрсетеді.   

Читать полностью »

Балалар әдебиетіндегі жалқы есімдердің қолданыс аясы

Б.Соқпақбаев, М.Гумеров, М.Қабанбаев қазақ балалар әдебиетінде ерекше қолтаңба қалдырған тұлғалар. Аталмыш жазушылардың шығармаларындағы кейіпкерлер мен олардың лақап аттары,  жер-су атауларының мәні ұлттық таным мен болмысқа, психологиялық танымға негізделген. Балаларға арналған әңгімелері мен повестерінде дүниені танудағы жас ерекшелік психологиясы мен танымның когнитивтік санадағы көрінісі айрықша рең беріп тұрады. Мысалы: «Менің атым – Қожа» шығармасының тілдік жүйесі Қожаның  психологиялық қабылдауы  мен оның  когнитивтік санасындағы дүниетанымы  деңгейінде құрылған.

Читать полностью »

Сырбай Мауленов

Көзінің тірі кезінде-ақ қазақ әдебиетінің классик ақындары қатарынан орнықты орын алған Сырбай Мәуленов шығармалары осы күннің өзінде де ешкімді бей-жай қалдырмасы хақ. Оның сырлы да нұрлы, қысқа да нұсқа өлең жолдары Сырбайға тән шеберлікпен шендесіп, қазақ жырының үздік үлгісіне айналды.

Осындай өзгеге ұқсамайтын өзгеше ақынның өзіне тәнті шәкірттері де аз болған жоқ. Мен де солардың бірі болғандықтан, Сырағаң туралы сыр сабақтап, ой толғағанды жөн санадым. Және оның әлдеқашан ел таныған ерекше ақындығына емес, көп адам біле бермейтін бөлекше болмысын сомдауға күш салдым. Ең алғаш көрген күннен бастап ерекше есте қалған толағай тұлға туралы тебіреніп, толғанбау әсте мүмкін емес.

Читать полностью »

11 страниц« Басына...234567891011



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы