Қазақ әдебиеті

Ғабит Мүсірепов «Айгүл қойшының күндері» (әңгіме)

КСРО Жоғарғы Советінің депутаты Айгүл түбекке қайтқан отарының соңында сылпылдап келе жатқалы бүгін үшінші тәулік.
Қалай есептесең олай есепте, әр тәулікте жалқау жылжыған жиырма төрт сағат уақыт бар. Ол көңіл аударары кеп қала уақыты емес, көз тартары жоқ дала уақыты. Үнсіз өтіп жататын уақыт.

Читать полностью »

Ғабит Мүсірепов «Айжан қойшының түндері» (әңгіме)

Бүгін Айжан құм мұхитының ортасында жалғыз өзі қалып еді. Күн жылынса-ақ малшының арқасы кеңейе бастайды. Жыл бойы елден-жұрттан шет жүретін малшылар орталықтағы ойын-күлкі түгіл, көбінесе үйреншікті көлемде ақыл айтып, үйреншікті көлемде ұрсып жіберетін жиналыстарды да сағынады. Оның үстіне орталықта үйлері бар, бала-шаға, кәрі-кұртаңдары да бар емес пе?

Читать полностью »

Ғабит Мүсірепов «Ана жыры» (әңгіме)

Жұмақта әйел жынысынан жалғыз жаралған Хауа қыздың ылғи іші пысып жүретін еді. Осынша кең, осынша бай, осынша көркем дүниенің осынша кең, осынша бай, осынша бос тұрғаны, осынша қызығы жоқтығы жаратылысы әйел, бірақ өзінің әйел екенін әлі білмейтін Хауа қыздың ішін пыстырады. Күні-түні тыншыға алмайды, көңілсіз-ақ.

Читать полностью »

Ғабит Мүсірепов «Ана кесімі айнымайды» (әңгіме)

(Горькийден)
Қала көптен бері қоршауда тұрған. От төгіп, өлім еккен күшті жау қаланың шыбын жанын алқымына әкеліп қалған кезі еді.
Қаланың іргесінде ғана жылтылдаған жау оттары қала халқының жүрегіне инедей қадалатын. От айналасында ербиіскен ұзын көлеңкелер жұрт көңілін қатты шошытатын. Қала ауыр күрсінуде, халық үнсіз күйінде еді. Жау шеңбері қысып келіп, арандай азулар қоң етіне найзадай кіріп бара жатқанын көріп отырған жұрт ауырсынды, бірақ қайыспады!

Читать полностью »

Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» (әңгіме)

Әйтілес аппақ, ақ қарбас, соқыр қарт етектей сақалын балуан бармақтарымен саладай тарап отыр еді. Күмістен құйғаңдай тұп-тұтас ақ сақалы кеудесін жауып:

Читать полностью »

Бір өзінің айбаты мың кісідей болады…

«Қарабек батыр» деген жырдың екі нұсқасы бар. Оның бірін 1940 жылы Қызылорда облысы Арал ауданындағы Кеңес Одағының Ғылым академиясы ұйымдастырған экспедиция жинаған екен. Эпостардың мазмұнына еліктеп кейіннен шығарылған осынау жырда Қарабек батырдың қайсарлығы, отансүйгіштігі кеңінен сипатталады.
Қарабек он жасқа келгенде қол-аяққа тұрмай қалаға қашып келеді. Бірде ол түсінде қып-қызыл желді көреді. Сол дауыл бәрін қиратып, жайпауға айналады. «Қарыңдасыңның сұлулығын естіп, әйелдікке алуға жиналып көп қалмақ келеді», – деп шешесі ұлының түсін жориды. Айтқандай-ақ көп ұзамай қаптаған қалың қалмақтың әскерін көреді.
Қарабек атты төреңіз,
Бір өзінің айбаты,
Мың кісідей болады.
Кідіріп қалған қалмаққа,
Өзі барып жолықты.
– Азау ноғай қаласы ғой, Кәдірхан хадишаның қызы сұлу екен, сегіз қатын үстіне соны алмаққа келе жатырмыз, – дейді Қаблан деген қалмақ.

Читать полностью »

ТҰҒЫР МЕН ҒҰМЫР

Төлен Әбдікұлы
1942 жылы Қостанай облысы Жанкелдин ауданының қазiргi Айса Нұрманов шаруашылығына қарасты Көлқамыс елдi мекенiнде туған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франц Кафка атындағы Европалық алтын медальдың иегері. Қазір «Өркениет» республикалық әдеби-көркем, қоғамдық журналының бас редакторы.
Негізгі шығармалары: «Оң қол», «Қайырсыз жұма», «Қонақтар» атты әңгімелері, «Парасат майданы», «Әке», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Ақиқат» повестері, «Өлара» романы, «Біз үшеу едік» пьесасы. «Қыз-Бәтіш пен Ерсейіт» повесі бойынша «Өтелмеген парыз» атты көркем фильм түсірілген. «Қонақтар» мен «Әке» орта мектептің 7-8 сыныптарының хрестоматиясына енген.

Читать полностью »

11 страниц« Басына...234567891011



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы