Қазақ әдебиеті

ҮШ БӘЙТЕРЕК ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Лекция мақсаты: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин шығармаларының мәнін таныту.

Сұрақтар:

  1. С.Сейфуллин шығармашылығы
  2. Б.Майлин шығармашылығы
  3. І.Жансүгіров шығармашылығы

Читать полностью »

1920-30 жылдардағы қазақ әдебиеті, даму сипаты

Лекция мақсаты:

-  Осы кездегі қазақ елінің жағдайы, оның көркем әдебиетке тигізген ықпал-әсеріне ден қою;

- аталмыш кезеңдегі тарихи жағдай, оның қазақ әдебиетінде бейнеленуіне назар аудару.

Читать полностью »

ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ӘДЕБИЕТТІҢ ДАМУ СИПАТЫ

Лекция мақсаты: 18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуына сипаттама беру.

Жоспар:

1. XVIII ғ. қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері.

2. XVIII ғ. тарихи-әлеуметтік жағдай.

Читать полностью »

КҮЛТЕГІН

Күлтегін (684-731) – Қапаған және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы. Құтлұғ қағанның кенже баласы. Ол 7 жасында жетім қалып, 16 жасында қару-жарақ асынып, ел мүддесі үшін өмірінің соңына дейін күресті. Ағасы Білге қаған және Тоныкөкпен бірге Күлтегін 712-713 жылдары түріктердің әскерін Соғды мемлекетіне бастап келіп, оның билеушісі Гуректі жақтап, араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслиммен соғысқан. Одан жеңіліс тауып, кері шегінеді. 712 жылы Алтайды мекендеген қарлұқтар мен түркілердің бір бөлігі бұларға қарсы шығады. Шегіну кезінде Күлтегін үлкен жасақпен кейін қалып, негізгі күшті қорғап қалды. 714 жылы Білге қаған мен Күлтегін бірлесіп, қарлұқтар мен олардың одақтастарына соққы берді. 715 жылы Күлтегін азаларды Қаракөл өзені төңірегінде ойсырата жеңді. Қытай жазбаларына сүйенсек, 715-716 жылдары Шығыс Түрік қағандығы ішкі дағдарыс жағдайында болған. 716 жылы бүлікшілер хан ордасын басып алмақ болғанда, Күлтегін қорғанысты ұйымдастырып, оларға тойтарыс берген.

Читать полностью »

ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ КЕСЕНЕСІ

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Түркістан қаласында Қожа Ахмет Иасауи қабірінің басына тұрғызылған. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші-шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған.

Читать полностью »

АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ

Көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан жерін мекендеуші халықтардың арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған, есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған.

Читать полностью »

БЕКЕТ АТА ЕСКЕРТКІШ‐ҒИМАРАТТАРЫ

Бекет ата ескерткіш ғимараттары – Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған.

Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750-1813) – әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.

Читать полностью »

11 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы