ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ӘДЕБИЕТТІҢ ДАМУ СИПАТЫ


Скачать/Жүктеу

Лекция мақсаты: 18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуына сипаттама беру.

Жоспар:

1. XVIII ғ. қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері.

2. XVIII ғ. тарихи-әлеуметтік жағдай.

XVIIІ ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылғаны белгілі.

Әз Тәуке ханның өлімінен кейін (1718 ж.) елдің бірлігі бұзылды. «ХVІІІ ғасырдың бас кезі,-деп атап көрсетті академик Бартольд,- Азия мұсылмандары үшін саяси-экономикалық, мәдениет салаларында құлдырау жылдары болып табылады». ХVІІІ ғ. басында Ш.Уәлиханов айтқандай, «қазақ халқының басына күн туды». Әсіресе, жоңғарлардың қаһарлы жүзі қазақ елінің шымбайына батты. Абылай ханның айтуынша, «ХVІІІ ғ. басындағы 40 жыл ішінде халықтың үштен екідейі қырылды».

Осы кезеңді пайдаланып қалмақтар қазақ жеріне шапқыншылық жорықтарын жүргізе бастады. 1710-1711 жж., 1717 ж., 1723-1725 жж., 1740-1742 жж. қазақ жеріне жоңғарлар бірнеше дүркін шабуыл жасады. Қалмақтарға күйрете соққы берген қазақ батырлары Жоңғар мемлекетін құлатты. Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалуда Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру қабілеті, дипломатиялық шеберлігі зор болды.

Қазақ қоғамының экономикалық-саяси өркендеуі ұсақ рулық дәрежеден аса алмады. Қазақ елін түгел қамтыған үлкен бір тұтас хандық мемлекет құрылуына мүмкіндік болмады. Қазақтың үш жүзі бір-бірімен өзара байланыссыз оқшау өмір сүруге тырысып бақты. Көрші елдер осы хандықтардың наразылықтарын пайдаланып, оларды біртіндеп бағындыруды көздеді.

Сыртқы жаулардың ішінде Қазақстанның ең қауіпті дұшпаны жоңғарлықтар еді. Жоңғарлар шабуылы қазақ хандығының тарихында ауыр кезең болды. Бұл — ел есінде «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» немесе «қайың сауған, ақ тышқан» жылы деп сақталған жұт жылы еді.

Қазақ хандығы төрт жүз  жылға жуық өмір сүрді. Іргелі елдер қатарына қосылды. Алыс-жақын  елдермен әкімшілік-саяси жағынан да, тарихи-руханияттық тұрғыдан да тұрақтылық пен  байланыс  орнықты. Алайда, Абылай өлімінен соң-ақ (1731 ж.) Ресейдің отаршылдық  саясаты күшейе түсті. Ресейдің басқыншылық-үстемдік әрекеттерінен Қазақ Ордасы құлады. Қазақ хандығы бұл тұста саяси-рухани тәуелсіздігінен айырыла бастады. Азаттық, теңдік тақырыбы күн тәртібіне өткір қойылды.

Ақиқатында, азаттық жолы — ауыр, тәуелсіздік мұраты — қымбат та кәделі болып келген. Бүгінгі өмір шындығы, уақыт тынысы осыны айқын аңғартады.

Сондықтан, жоғарғы оқу орнында оқитын әрбір студент өз халқының тарихын, оның әрбір кезеңін, әдебиет тарихындағы орнын білуге міндетті.

Қазақ халқының тағдыр-талайы  мен төл әдебиетінің тарихын оқып-танудың, таразылаудың ерекше мәні бар. Осы реттен келгенде :

-  қазақ тарихына, сөз өнерінің бастау-арналарына ден қою;

- қазақ хандығы тұсындағы әлеуметтік-қоғамдық ахуалға, Керей, Жәнібек хандардың елдік мұраттар жолындағы іс-әрекеттеріне мән беру;

- қазақ даласының ежелгі тарихына, руханият мәселелеріне назар   аудару;

- қазақ атауына қатысты дерек көздерін жаңаша бажайлау;

- қазақ хандығының туы тігілген жер – Қозыбасы атауын айқындау;

- әз-Тәукенің «Жеті жарғысының» маңыз-мәніне үңілу;

- ел тарихы мен тағдырына қатысты ақын-жыраулар  шығармашылығындағы дерек-дәйектерді   жаңаша қарастыру;

- ақын-жыраулар дәстүрінің төркініне үңілу.

         «Әр  дәуірдің өз міндеттері бар» (Гейне). Тарихтан — тағылым, тағдырға — тағзым. Осы реттен келгенде, ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ әдебиетінің мұралары негізінен ауыз екі үлгіде тарады, яғни кешеден бүгінге жетті. Бұл — бір.

Екіншіден, осы кезең туындылары  көбіне өлең, жыр, толғау түрінде жеткен.

Үшіншіден, адам бейнесін жасаудың алуан түрлі үлгі-өрнектері бар.  Мысалы, Асан қайғы — Жәнібек ханның, Бұхар жырау — Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай батырлардың, Шалкиіз — Би Темірдің, Үмбетей — Бөгенбайдың әдебиеттегі образдарын сомдаған.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Әдебиеттің дамуына сипаттама бер.

2. Жыраулық дәстүрдің гүлдену дәуірі.

3. Жыраулар поэзиясының тақырыптық, көркемдік, жанрлық жағынан толығуы.

4. Философиялық, дидактикалық үлгідегі толғаулар.

Әдебиет:

  1. Абылқасымов Б. Жанр толгау в казахской устной поэзии. А.,1984
  2. Әбілқасымов Б. ХVІІ-ХVІІІ ғғ.қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. А., 1988
  3.  Абусеитова М. Казахское ханство во второй половине ХVІ века. А.,  1985.
  4.  Антология  казахской  поэзии. М., 1958.
  5.  Ахметов З. Өлең  сөздің теориясы. А., 1973.
  6.  Әуезов М. Әр  жылдар ойлары. А., 1959;   Әдебиет  тарихы.   А., 1991.
  7.  Әдеби  мұра  және  оны  зерттеу. А., 1961.
  8.  Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. А., 1993.
  9.  Басин В.Я.  Русско-казахские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках. А., 1974.
  10. Түріктер (жинақ).  А., 1999.
  11. Ысмайылов Е.  Ақындар.  А., 1959.
  12. Хасенов Қ.  Қазақ тарихының 5000 жылдық баяны.  А., 1996.

Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы