БЕКЕТ АТА ЕСКЕРТКІШ‐ҒИМАРАТТАРЫ


Скачать/Жүктеу

Бекет ата ескерткіш ғимараттары – Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған.

Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750-1813) – әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.

ХІХ ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э.Эверсман, А.Дюгамель сияқты ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған. Эверсман: «Үстірттегі таудан үңгіп жасалған мешіттер араб, парсы жазуларымен безендірілген. Мұндай ескерткішті Бекет Ата төрт жерден жасаған. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда» дейді. Бекет Ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата ескерткішінің бірі, Эверсманның дерегіне сәйкес, Жем өзені бойындағы Ақмешітте, Атырау облысы Құлсары кентінен 65 шақырым жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос кесене тұрғызылған. Екіншісі – Ескі Бейнеуде, ұлутасты шатқалға қашалған. Бөлмелері құлап, үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған. Баялыдағы ескерткіш-ғимараттың жай-күйі мәлім емес. Бекет Атаның Оғыландыдағы жер асты ғимараты жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Немересі Мұрынның мүрдесі де осы бөлмеге қойылған. Кіре беріс бөлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары бөлмеге баруға болады. Онда Бекет Атаның қызы жерленген. Жер асты ғимараты маңында кезінде Бекет Ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар. Қыр басынан ғимаратқа дейін қиялап түсетін жалғызаяқ тастақ жол сақталған. Жаз күндерінде төменгі жағындағы Түркіменстанға қарай созылып жатқан ойпат арқылы қатысқан. Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет Ата бала кезінде, Бейнеуде жігіт шағында, Баялыда елдің көші-қон уақыттарында болған. Өмірінің соңғы жылдарының көбін Оғыландыда өткізген. Хорезмдегі Бақыржан қажыдан білім алғаннан кейін-ақ Оғыландыға келген. Бірақ бұл мекенге қай жылдары орныққаны мәлім емес.

Бекет Ата ескерткіштері – оның дарынды сәулеткерлігінің, биік талғамының куәсі.

Ж.Әскербекқызы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы