Скачать/Жүктеу
Мазмұны
I. Кіріспе
II. Негізгі ой
1)Тұрар Рысқұловтың өмірі жайлы
2)Қайраткердің атқарған қызметтері
3)Еңсесі биік-ел есінде
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жалпы тарихта ерекше орын қалдырған қоғам қайраткері елдің рухани көзін ашқан Тұрар Рысқұлов туралы сөз айтылса еске бірден осыншама ұзаққа созылған ұлт-азаттық көтерілістер оралады.Тұрар Рысқұлов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 20-30 жылдардағы тарихында ерекше зор роль атқарған саяси қайраткер.Туған халқын азатттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі-Тұрар Рысқұлов болатын. «Рысқұловшылдық» деп аталатын құбылыстың негізінде жатқан ерекшелік-кеңес өкіметінің соңынан ілескен қазақ халқының ұлттық күштерінің өз тағдырына өзі шешу бағытындағы күрес болатын.Рысқұлов Тұрар (1894-1938) – қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезінің Шығыс Талғар бекетінде туған. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19-шы ғасырдың 80-ші жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Теориялық жағынан жетік бола тұраол өз қызметінде таптық белгілерден де гөрі ұлттық белгілердің әсеріне жиі ұрынады.Рысқұловтың саяси қызметі ұзақ жылдар бойы партиялық тұрғыдан ғана бағаланып келді.Бұл принцип кеңестік тарих ғылымының негізгі принципі болатын;ол бойынша Т.Рысқұлов партияның көрнекті өкілі болып шығатын.Нақты өмірдегі Т.Рысқұлов нң алдымен мемлекет қайраткері,саяси күрескер болды.Жиырма жылдан аса уақытқа созылған саяси қызметінде ол бірде- бір рет партия аппаратында отырған емес.Ол басқарған Мұсылман Бюросы партиялық ұйымнан гөрі мемлекеттік құрылымға жақын еді.Т.Рысқұловтың большевиктер партиясының жарғысына селсоқ қарауыда осы пікірдің дұрыстығын дәлелдей түседі.1923 жылы Т.Рысқұлов Түркістан Республикасының Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болатын,бірақ солай болса да,ол үкімет басшысы ретінде республикалық партия ұйымының мәжілістерінде қатынасуды міндет деп санай бермеген.1922 жылы РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында қызмет істеген кезінде де партия жиналыстарына еш қатынаспай дер кезінде жарна төлемей партия қатарынан талай рет шығып қалған екен.Бастауыш партия ұйымдары оның уақытының жоқтығын,жұмысбастылығын айиып жазған түсініктемелерінен соң ғана партия мүшелігін қайта қалпына келтіріп отырған.Т.Рысқұлов партия қатарына қайта қабылдану мақсатымен өзінің өмірбаянын жазып,И.В.Сталинге де хат жолдауға мәжбүр болған.Ол кезде партия мүшесі болмай мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкін емес еді,ал партия билеті Т.Рысқұловқа осы мақсат үшін ғана қажет болған сияқты.1924 жылы Т.Рысқұлов Түркістаннан біржолата кеткен соң ,оның төңірегіндегі саяси талас біршама саябырсығанымен,отызыншы жылдардың екінщі жартысында бұл мәселе жаңа екпінмен қайта жаңғырықты.Бұл авторлардың негізгі мақсаты –Т.Рысқұловты «ұлтшыл», «буржуазияшыл ұлтшыл» «араңдатушы», «фашизм тыңшысы» ,«басмашылар идеологы» т.б етіп көрсету болды.Т.Рысқұловтың 1937 жылы «халық жауы» ретінде тұтқындалып атылып кетуіне байланысты 40-60 жылдары оның есімі ұмытылғандай болды.Алайда,бұл жылдары ол туралы арнайы еңбек жазыла қоймағанымен де Түркістан Республикасының таихын жазушы авторлар оның қызметіне тоқталмай өте алмайтын.Көптеген еңбектерінде Т.Рысқұловтың саяси қызметі мен идеяларына сыңаржақ бағалар берілді.1938 жылғы ақпанда атылған. Ескендір деген ұлын бірге бір мезгілде тұтқындаған. Ол он жеті жаста ғана еді. Иркутскіде азаптап, Мәскеуде өлтірілген. Оның төрт қызы бар.София, Мая, Сәуле, Рита… Тұрарды 1937 жылғы көктемде тұтқындаған. Қамауға алынғанда ол Қазақстан тарихы жөніндегі үлкен, көлемді кітабын тәмамдауға таяу екен…” Одан бері ширек ғасыр уақыт өтті Тұрарлар аңсап, армандаған Тәуелсіздікке қол жетті.
Осы жиырма бес жылдан астам уақыттың ішінде Тұрар Рысқұлов туралы бірқатар туындылары жазылды. Одан бұрынырақта да бір-екі кісі жазып, “Социалистік Қазақстан” газетінде жариялап, таяқ жеген екен. 1984 жылы Алматыдағы “Қазақстан” баспасынан белгілі тарихшы ғалым, тұрартанушы, өзі мәскеулік Виктор Михайлович Устиновтың “Служение народу” деп аталатын кітабы жарық көрді. Сол 1984 жылы, сол “Қазақстан” баспасынан Тұрар Рысқұловтың “Избранные труды” атты кітабы шықты. Әрине, ол жылдардың, сол кезеңнің нені таңдап, нені іріктейтіні белгілі ғой. Дегенмен, осы дүниесінің өзінен Тұрардың тұлғасы мен тұрпаты, ұшан-теңіз атқарған тірліктерінің таң қаларлықтай ауқымы, қайраткерлік қарымы, азаматтық алымы, білім-білік тереңдігі, түркі халықтарының тағдыршешті талайына толайым берілген адалдығы, елі мен жерін, ұлтын жанындай жақсы көретіндігі, экономиканы, өнеркәсіптің күллі қырлары мен сырларын, тіпті тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, экспорт сынды салалардың өзгешеліктерін жілікше шағатыны аңғарылып тұрыпты. Ғұлама ғалымдығы, текті тарихшылығы, парасатты публицистігі өз алдына.Рысқұлов Тұрар (1894-1938) – қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезінің Шығыс Талғар бекетінде туған. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19-шы ғасырдың 80-ші жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол баласын қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып, Сахалинге жер аударылған соң «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркедегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-ші дәрежелі ауыл шаруашылық мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылық училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ» деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істейді. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Мерке ауылына аттанады. Ол келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркедегі көтерілістің өршіген кезінде оны патша әкімшілігі тұтқынға алды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таппаСексенінші жылдардың орта тұсына таманырақ Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова Түлкібас ауданына келген. Жұртшылықтың жанарлары жасаурап, жақсыдан қалған жәдігер ғой дегенді жүрекжарды ықылас-пейілдерімен білдіріп жатты. Шынымызды айтайық, сонда Сәуле әпкеміз бізге біртүрлі салқындау, селқостау сияқты сезілді. Сезімге берілмегендей, тым тебірене қоймағандай, толғанысқа түспегендей көрінген. Біз ғана емес, бірталай кісілер, ішінде Тұрар Рысқұловтың туыстары да баршылық, Сәуленің сәл-пәл суықтау қарайтындығына, анау-мынауға мізбақпастай мінез танытатын бірбеткейлігіне әжептәуір-ақ әбіржігендей болғантұғын. Бірте-бірте: “Титімдейінен тағдырдың талқысын көріп, теперішін тартты ғой, оңай ма?”, “Қаншама жылдар бойы “халық жауының қызы” атанды, қайтсін-ай”, “Бастан кешпеген азабы жоқ қой, басқашалау көрінетіні содан да” десті. Сөйтіп, үнсіз ұғынысқан, іштей түсініскен.Таңдамалы еңбектері делінген дүниесінен кейін он үш жылдай уақыт өткенде, Тұрар Рысқұлов туындыларының үш томдығы шығарылған. “Құрастырушылардан” деген кіріспе бөлімде Тұрар Рысқұловтың шығармашылық мұрасы кезінде жарық көрген жиырмашақты кітаптан тұратыны айтылған. Жарық көрмегені қаншама. Мына шығарылып отырған үш томдығының бірінші және екінші томына 1923-1929 жылдары жазылған негізгі туындылары кіргізілгенін келтіреді құрастырушыларыңыз. Еңбектердің маңыздылығы сонда, дейді олар, бұл дүниелер сол кезде салтанат құрған маркстік-лениндік тұжырымдамадан және тар өрісті таптық методологиядан азат көзқараспен жазылған. Бірінші том “Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халықтары”, ал екінші том “Қазақстандағы 1916 жылғы қазақ-қырғыз көтерілісі”, “Жетісу мәселелері” сияқты еңбектермен ерекшеленеді. Сондай-ақ екінші томдағы “Қазақстан” монографиясы 1927 жылы қазақ және орыс тілдерінде жарық көргені ескертіледі. Үшінші томның айрықшалығы, Түркістан-Сібір темір жолының тыныс-тіршілігін, тарихы мен тағдырын, келешек көкжиектерін кеңінен қозғайтындығында. Сонымен қатар бұл томға республиканың мемлекеттік мұрағаттарындағы мақалалары, сөйлеген сөздері, хаттары енгені ескертіледі. “Т.Рысқұловтың еңбектерін баспаға әзірлеуде о бастағы нұсқаларына нұқсан келтірмеуге тырыстық. Мәтіндердің барша стилистикалық және басқа ерекшеліктері толық сақталды”, дейді құрастырушылар.1994 жылы жүз жылдығы, 2004 жылы 110 жылдығы тойланды. Әрине, ғылыми еңбектердің бәрінде, ресми құжаттардың көпшілігінде Тұрардың туған жылы “1894” деп жазылған. Себебі, Сәуле әпкеміз айтатындай, оны Рысқұловтың өзі өзгерткен. 1994 жылғы 19 қыркүйекте жұртшылық жаппай жақсы көріп оқитын “Өркениет” және “Горизонт” газеттерінде Сәуле Тұрарқызының сұхбаты жарияланған. Басылымның бас редакторы Дархан Мыңбай: “Әкеңіздің биыл аталып өтіп жатқан мүшелтойының бұрынғы тойлардан қандай ерекшеліктері бар деп ойлайсыз?” деп сауалды төтесінен тастайды. Ә дегеннен-ақ. Бұл сұраққа биология ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова былай жауап беріпті: “Азаматын сыйлаған қалың елім – қазағым үшін мен осы жолы баспасөз арқылы бір құпияның бетін ашпақпын. Жас кезінде әкем… екі жасын асырып жазған екен. Ол туралы кезінде шешеме және жақын ағайын-туыстарымызға өзі де айтқан көрінеді. Оның үстіне, менің өз қолымда да әкемнің 1896 жылы өмірге келгендігін дәлелдейтін құжаттың (Бішкектегі ауыл шаруашылығы мектебін тәмамдағаны жөніндегі аттестат) көшірмесі бар… Мүшелтойдың ерекшелігі бүгінгі замана келбетінен де аңғарылса керек. Бұрынғы тойлары елім деп еңіреген талай дарынды тұлғалардың, ақжүрек асыл азаматтардың өмірін қыршынынан қиған ленинизм туының астында өтті. Енді, міне, бәрін ой елегінен өткізетін уақыт туды. Әртүрлі көзқарастардың, бағыт-бағдарлардың астарына үңілетін сәт жетті. Әйтсе де бұл мәселе қиын-қыстау жолдармен, баяу жылжуда… Бұл мәселенің күрмеулі түйінін шешу үшін әрбір тарихи тұлғаның өмірі мен қызметіне жете үңіліп, жеке-жеке зерттеп, терең талдау жасау қажет. Біздің публицистеріміз, тарихшыларымыз, саясатшыларымыз бұл мәселеге келгенде өте сақ, тым жайбасар, әлдеқалай заман туып қала ма дегендей үргедек…”
“Өркениет” пен “Горизонттың” бас редакторы бұдан әрі: “Т.Рысқұлов саяси қайраткер ретінде ғана емес, халық шаруашылығына өзгерістер енгізген реформатор ретінде де танымал. Бұл орайда сіз не айтар едіңіз?” деген сұрақ қояды. Бұл сауалға Сәуле Тұрарқызы әкесінің шаруашылық негіздерін құрып, жүргізудегі, түрлі зауыт-фабрикалар, алып құрылыстар, оның ішінде Түркісіб, тағысын-тағылары, коммуналдық шаруашылық, азық-түлік кооперациясы, басқа да салаларды ұйымдастырудағы, басқарудағы, жетекшілік жасаудағы ерен еңбегіне таңырқайтынын айтады. “Мысалы, сол жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ қалаларда тұрмысқа қолайлы, заманауи шағын аудандар салу жөнінде ұсыныс енгізген екен”, дейді. “Реті келгенде айтатын, әлі күнге дейін оның өмірі мен қызметін зерттеушілер халық шаруашылығы саласындағы орасан зор еңбегін толық қамтып көрсете алмай келеді. Меніңше, оның осы саладағы ой-мақсаттарын, араға қаншама уақыт өткеніне қарамастан, бүгінгі күннің тірлігіне де арнап, әрі қарай дамытып әкетуге болатын сияқты”, дейді Сәуле Рысқұлова.Тұрардың елі мен жеріне, ұлты мен халқына, қала берді күллі түркі дүниесіне, адамзатқа жасаған жақсылығы жұртшылыққа аян. Рысқұлов феномені жөнінде біршама айтылып та, жазылып та келеді. Тұрарды өткен ғасырдың 20-30 жылдарында дүние жүзінің әлем деңгейінен көрінген алып қайраткерлері түгел танып-білген, ерекше қадірлеп-құрметтеген. Шығыс халықтарының, оның ішінде түркі ұлттарының аса ірі өкілі, қайталанбас, қажырлы перзенті, адал ниетті адамзаттың парасат шыңындағы шынайы қайраткері ретінде бағалай білген. Түлкібас төрінде, Ақсу-Жабағылы баурайында өткен жүз жылдық тойында сол кездегі Қазақстан Ұлттық академиясының президенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев: “Тұрар Рысқұлов туралы жақсы айтып жатырмыз, алайда, әлі жеткізе алмай жүрміз. Үндістан үшін Джавахарлал Неру, Түркия үшін Ататүрік, Қытай үшін Сунятсен қандай алып тұлғалар болса, біз үшін Тұрар – тап сондай тұлға. Оның халық үшін, адамзат үшін сіңірген еңбегі де, қалдырған мұрасы да, ой-сана деңгейі де, келешекті кемел болжауы да жаңағы аталған алыптардан титтей де кем емес”, деді. Өкінішке қарай, қазекем мұндай-мұндайыңызды мойындамаққа мұқым-мүлде жоқ қой, жоқ. Обалы нешік, қазақ тарихшылары мен публицистері кейінгі жиырмашақты жылдың көлемінде Тұрар Рысқұлов хақында біршама ізденістерімен көрінді. Әлі де жеткіліксіз дегенімізбен, ілгерілеушілік жоқ емес. Осы орайда өзі де елеулі еңбек сіңіре білген көрнекті тарихшы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кеңес Нұрпейісов тұрартанушы Виктор Устиновтың, Мәмбет Қойгелдінің, Талас Омарбековтің, Ордалы Қоңыратбаевтың, Мұхтар Қазыбектің, Ғаппар Маймақовтың ізгі ізденістерін атап көрсетеді. Талантты тарихшы Мәмбет Қойгелдінің тынымсыздығы нәтижесінде Тұрар турасындағы талай деректер айқындалып, жұмбақ жатқан құпиялар ашылып, маңызды материалдар табылды. Ол кісінің жан-жақты талдап жазғанындай-ақ, Тұрар Рысқұловтың өмірбаянында оның тікелей ұйымдастыруымен және төрағалығымен 1926 жылы Мәскеуде өткен ұлт мәселелеріне арналған кеңестің жөні бөлек, жосығы ерек. Оған РСФСР құрамындағы автономиялық құрылымдардың басшы қайраткерлері, БОАК және КСРО ОАК мүшелері қатысқан. “Қатысқан кісілердің құрамы, сондай-ақ онда талқыланған мәселелердің маңызы жағынан бұл кеңес, уақыт көрсеткендей, шын мәнінде ұлт мәселесіне арналған бүкілодақтық бесінші кеңестің міндетін атқарған еді. Одан бұрынғы ұлттар мәселесіне арналған төртінші кеңес 1923 жылғы 9-12 маусым аралығында болған. “Өте құпия” деп мөр басылған төртінші кеңестің материалдарын жетпіс жыл өткен соң, 1992 жылы жеке кітап етіп мәскеулік “Инсан” баспасы шығарды.
Ал “Националдар кеңесі” немесе “Рысқұлов кеңесі” атанған 1926 жылғы кеңестің материалдары да “құпия” деген белгімен Мәскеу архивтерінде сақтаулы”, деп жазған болатын М.Қойгелді 1994 жылы. Ғалым бұдан әрі жаңа империялық принциптердің үстемдік алуына жанұшыра, батыл қарсы шыққан З.Валидов, М.Сұлтанғалиевтердің қызметтен аласталып, абақтыға жабылғанын, алайда алашшыл арыстардың бірегейі Тұрар Рысқұловтың орталықтың озбырлығына наразылық рухын титтей де бәсеңдетпей, қайта өзгеше өрістете түскенін дәйектейді. “Ал тезірек шешімін табуды күткен мәселелер күн өткен сайын көбейе түскен. Сөйтіп, большевиктердің ұлттық езгіде келген халықтарға теңдік жұмағын беру жөніндегі уәдесі қол жетпес мұнарға айнала бастайды. Бұл жағдай РСФСР құрамындағы автономиялық құрылым басшылары арасында орталықтың саясатына деген наразылықтың өсе түсуіне негіз болды. Т.Рысқұлов өткізген кеңес сол наразылықтың жиынтық көрінісі болатын. Кеңес қабылдаған ұсыныстарда орталық биліктің ұлт аймақтарымен қатынасын қатал сынға алған жолдар жеткілікті еді”, деп жазады Мәмбет мырза “Адасқан кім? Т.Рысқұлов па, жоқ әлде тоталитарлық жүйе ме?” деген мақаласында. Ал енді солкеңестегі Тұрар Рысқұловтың қорытынды сөзіне қараңызшы: “Орталық мемлекеттік аппарат өздеріңізге мәлім мүдделерді қорғап әбден қалыптасып қалған. Енді оны сол қалыптасып қалған бағыттан басқа жаққа бұру жеңілге түспес. Аппарат ұлттық аймақтардағы ерекшеліктерді есепке алуға бейімделмеген. Керек десеңіз, оның жетекшілері қандай ұлттардың қайда тұратынын да білмейді. Онда жұмыс істейтін шенеуніктер ұлтшылдық пиғылмен уланған, ұлыдержавалық шовинизм тура осы орталық мекемелерден тарап отыр. Қазіргі экономикалық саясатта елді индустрияландыру мәселесі – ең негізгі мәселе. Міне, осы мәселеде де ұлттық аймақтардың түпкілікті мүдделері мүлде есепке алынып отырған жоқ”. Тарихшы түйіндегендей-ақ, Иосиф Сталин өзінің басты бағытын өткір сынға алған мұндай кеңеспен келісе алмас. Сондықтан көсем көпке бармай-ақ кәззаптық күрес ашты да жіберді. РСФСР-дың барлық автономиялық құрылымдарында “Рысқұлов кеңесінің” бағытын айыптаған жиналыстар өте бастады. Әрине, Қазақстанның астанасы Қызылордада қызу қарқынмен қамдастырылды. 1926 жылғы 18 желтоқсанда өткен осындай жиында негізгі баяндаманы Ф.Голощекин жасайды. Қорытындысы да, қаулысы да белгілі. Кейін, он екі жылдан соң, репрессиялау кезінде “Рысқұлов кеңесіне” қатысқан қайраткерлердің бәрі қамалды. Айуандықпен азапталды. Атылды. “Тоталитарлық жүйе Т.Рысқұлов пен оның пікірлес серіктерін кешірген жоқ… Тұрар мен оның серіктері тура жол таңдаған еді. Бұл – уақыт дәлелдеген ақиқат”, дейді Мәмбет Қойгелді. 1999 жылы Алматыдағы “Санат” баспасынан Мұхтар Қазыбек пен Ғаппар Маймақовтың “Құпия кеңестер” атты кітабы шықты. Бұл жинақтың да елді елең еткізгені мәлім. Авторлар онда Ресей Федерациясы мұрағатынан Мәмбет Қойгелді алғаш тауып оқыған “Т.Рысқұловтың Жеке кеңесінің” материалдарын жан-жақты талдап, саралайды. Құпия кеңестердің әрқайсысының өзгешеліктері, төртінші кеңестің неліктен құпия өткізілгені, Тұрарға төнген қауіптің себептері, ұлттық теңсіздік пен шовинизмнің кесапатты көріністері, Тұрар Рысқұловтың тікелей өзі ұйымдастырған төтенше кеңес және онда көтерілген күретамырлы мәселелер, Тұрар өткізген Жеке кеңесті жоққа шығаруға тырысқан Голощекиннің қорқау-қарау әрекеттері, қазақтарды, әсіресе, ұлттық басшы кадрларды бір-біріне айдап салып, өз қолдарымен өздерін құртқызуды басты бағыт етіп ұстанғаны, Рысқұловқа қарсы қанқұйлы күресі – бәр-бәрі нақтылы фактілер, хаттамалар мен өзге де құжаттар арқылы дәлелденеді. Аталмыш кітаптың жартысынан сәл ғана астамы пайымды, байыпты талдауларға арналса, қалған бөлігінде “Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті Төралқасы жанындағы Ұлттар бөлімі және РСФСР Халық комиссарлары кеңесі Төрағасының орынбасары Рысқұлов жолдастың инициативасы бойынша шақырылған ұлт өкілдерінің БОАК пен КСР Одағы Орталық атқару комитеті мүшелері және ұлттық шет аймақтардың басқа да өкілдерінің Жеке кеңесінің стенограммасы” толық түрде берілген. Парасатты жандардың, адал ниетті, пейілі түзу адамдардың Рысқұлов феноменін түсініп, түйсінуіне арналған, оның ілімдерін, мұраттары мен мұраларын игеруіне көмектесетін кітаптар онша көп болмаса-дағы, біраз-біраз баршылық екенін айтып-ақ, келтіріп-ақ жатырмыз ғой. Солардың ішінде ізденімпаз ғалым, талантты тарихшы, тұрартанушы Ордалы Қоңыратбаевтың “Тұрар Рысқұлов. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. Түркістан кезеңі” атты кітабы ғылыми мәні, зерттеушілік зері, тарихи маңызы, танымдық мазмұны, құжаттық құндылықтары жағынан айрықшаланады. Ордалының орны бөлек осы еңбегінде талданғандай, тек 1920 жылғы мамыр айында ғана Тұрар тындырған тірліктерге назар аударыңызшы. 1920 жылғы 4 мамырда Өлкелік партия комитетінің кеңейтілген мәжілісінде Т.Рысқұлов “Түркістанның қазіргі кезеңдегі жағдайы туралы” өзі даярлаған тезистерді жариялап, баяндама жасады. Ұзаққа созылған пікірталастан соң, мәжіліс Ш.Элиаваның “бұл тезистердің ашық баспасөз бетінде жария болмауын қамтамасыз ету үшін оған “өте құпия” деген белгі қойып қабылдау керек” деген ұсынысыма құлданды. БарлықдаулымәселелердіМәскеуде, тікелей Лениннің алдында шешіп келу мақсатымен Түркістан республикасының өкілетті делегациясы тағайындалды. Түрікаткомның 5 мамырдағы мәжілісінде Мәскеуде жүрген Түркістан республикасының өкілдері осы делегацияға есеп беріп, тіркеуден өтетіні туралы бұйрық шығарылды. Т.Рысқұлов бастаған делегация келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге аттанып кеткеннен кейін, оның бар мақсатын қаралауға арналған арыздар, хаттар астанаға қарай ағылды. П.Н.Лепешинский дегеннің хатында жағдайдың мейлінше шиеленіскені, Рысқұловтың әрекеттері, Түріккомиссия жұмысының қиындағаны айтыла келе: “Алдымен мұсылмандардың бағытының сипаты туралы екі ауыз сөз. Олардың ішіндегі саяси көсемдердің арасынан ең ақылдысы, болашағынан мол үміт күттіретіні және өте өсіп келе жатқаны – Рысқұлов”, деп жазылған. Лепешинский Тұрарды жергілікті буржуазия мен ұлтшылдардың ықпалындағы адам ретінде сипаттайды. 1920 жылғы 17 мамырда Мәскеуге Түркістан республикасының өкілетті делегациясын басқарып барған Т.Рысқұлов РК(б)П Орталық комитетінің хатшысы Н.Н.Крестинскийге өздерінің келгенін хабарлайды. Түріккомиссия мүшелерін қатыстыра отырып, делегацияның баяндамасын тыңдау және ұсынылған мәселелерді шешу үшін РК(б)П Орталық комитетінің мәжілісін шұғыл түрде шақыруды талап етеді. 1920 жылғы 25 мамырда Т.Рысқұлов РК(б)П Орталық комитеті мен В.И.Ленинге “Түркістан республикасы жағдайының жоспары туралы” баяндамасын тапсырады. “Баяндамамен В.И.Ленин тікелей танысып шыққан, түпнұсқада қарындашпен салған белгілері бар”, дейді О.Қоңыратбаев. Тарихшы тоғыз беттен тұратын Тұрар баяндамасының барлық он тармағының таңғажайып мазмұнына талдау жасай отырып, мәтіндерін де толық келтірген. Рысқұловтың бүкіл болмыс-бітімі, мақсат-мұраты, түркішілдігі, ұлтжандылығы, көрегендігі, батырлығы – бар-баршасы осынау батыл баяндамасынан білініп тұр. “Т.Рысқұлов Түркістан республикасының шынайы саяси-мемлекеттік егемендігі жолындағы саясикүрескер болды. Республиканы түркі тілдес халықтардың “ұлттық мемлекеттігіне” айналдыру мақсатын қойып, осы бағытта социалистік революция жариялаған “ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын” өмірге демократиялық жолмен енгізу үшін қажырлы күрес жүргізді. Республика егемендігі – саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиіс дербестік құқықтарын қамтитын”, дейді Ордалы мырза. “Тұрар Рысқұловтың Түрік республикасын құру идеясының дұрыстығын кеңестік Қазақстанның және кеңестік түркілердің кейінгі тағдыр-тарихы дәлелдеп берді. “Түркі тілдес түгел бол!” Бұл – аяулы арысымыз, бүкіл түркі тектес халқымыздың ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтың ұраны, ұстанған бағыты. Мұраты, мияты. Сонымен бірге кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырған ұлы өсиеті”, деп жазады танымал тарихшы Талас Омарбеков. “Тұрар Рысқұлов ғұмыр бойы империялық идеологиямен, империялық әлімжеттілікпен, империялық қулық-сұмдықпен алысып өтті. Арыстанша арпалысты. Аз ғұмырының айқасқа шықпаған күні, тартысқа түспеген сәті жоқ десек те болғандай”, дейді әдебиет сыншысы, мәдениеттанушы, публицист Әмірхан Меңдеке. Сол Әмірхан бір мақаласында өзінің Ташкент мұрағатшысы Миразиз Мирсабировпен сөйлескенін жазады. “Білгенде қандай! – деген-ді Мирсабиров. – Әсіресе, мұндай қиянаттарды сіздердің Рысқұловтарыңыз жақсы білген. Тур ЦИК-ті басқарып тұрған кезінде Ресейдің отаршылдығын әшкере қылатын еңбектерді жариялаумен ден қоя айналысқан. Сол тұста біраз кітаптар да жарық көрген. Бұлардың ішіндегі ең құндысы, ең зоры – Григорий Сафаровтың Ташкенде 1922 жылы жарияланған “Түркістанның отарлануы” атты деректі кітабы. Отаршылдықтың жай-жапсарын ашып берген бұл еңбекті Г.Сафаровқа Рысқұлов жаздыртқан. Отаршылдық туралы өзімізден гөрі орыс зерттеушісінің сөйлегенін жөн көрген. Орыстың сөзі өтімді боларын білген. Кітапқа енген деректердің басым көпшілігін авторға Тұрар Рысқұлов берген”.
Бұл топтың сыны мазмұны жағынан кеңестік биліктегі Тұрар Рысқұлов пен Смағұл Садуақасов бастаған ұлттық элитаның, Еуропада эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқайдың пікірімен бір жерден шығып жатты”, дейді. Мұстафа Шоқай мен Тұрар Рысқұловтың мәңгілік мұраттары бір арнадан табылғанын, екеуінің екі түрлі жағдайда жүріп, ұлт қамы, түркі тағдыры жолындағы мақсаттары бір болғанын талай жыл Түркияда білім алған тарихшы, Мұстафадан мәністі докторлық диссертация қорғаған ғалым, жуырда ғана “Дарын” мемлекеттік сыйлығына ие болған Дархан Қыдырәли да өз еңбектерінде жан-жақты негіздеп, нақтылы дәлелдеп көрсетті. Қазақтың біртуар перзенті Нәзір Төреқұловты зерттеп жүрген зерделі ақын Сәрсенбек Сахабат та Тұрар мен Нәзір ой-пікірлерінің құнарлары қалайша қабысып, тілектерінің табысып жататынын жазып жүр. Тұрартанушы Молдияр Серікбаев сынды азаматқа баяғы Виктор Устиновтың өзі алғыс айтқан. Жүздеген журналистердің ұстазы, талапшыл тәлімгері Темірбек Қожакеев, тағы басқалар қалам тербеген. “Сарыбала деген атты таңдауымның да себебі бар. 1925 жылы Қызылордаға барғанымда Тұрар Рысқұловтың жақсылығын көп көрдім. Алғашқы жазған хабарларымды, болмашы өлең, фельетонымды осы кісі қарап, Бейімбетке жолдап отыратын. Тұрар мені Сарыбала деуші еді. Прототипіме ат іздегенде осы есім ойға түсті”, дейді тазалығынан танбаған сырбаз суреткеріңіз Ғабиден Мұстафин.
Тұрарды тарихи-деректілік тұрғыдан да, кәусар әлем – көркем әдебиетке тән келбеті жағынан да таныта білген, осы жолда ерлікпен еңбектенген, әрине, қазақтың қайраткер қаламгері, халқымыздың сүйікті жазушысы Шерхан Мұртаза екендігі аян. Шерағаңның “Қызыл жебе” роман-эпопеясының бірінші кітабы “Рысқұл” 1978 жылы, екінші кітабы “Тұрар” 1980 жылы, үшінші кітабы “Жұлдыз көпір” 1984 жылы, төртінші кітабы “Қыл көпір” 1991 жылы, бесінші кітабы “Тамұқ” 1994 жылы жарық көрді. Сыншы Сайлаубек Жұмабек өзінің “Жұлдызы нұрлы суреткер” атты монографиясында: “Қызыл жебе”, сөз жоқ, роман-эпопея! Суреткердің лирикалық-философиялық прозасы осы роман-эпопеяда барлық бітім-болмысымен мейлінше жарқырап көрінген демеске шараңыз жоқ. Қазақ халқының ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтың теңдессіз трагедияға толы өмір жолы әрқашан халық трагедиясымен бірлікте қарастырылады. Қырық жылға жуық уақыт ішінде қазақ халқының басынан кешкен зобалаңдары, аштық қырғыны, репрессия зардаптары талай-талай романдарға, роман-эпопеяларға жетіп-артылатыны белгілі… Сонымен, қырық жылға жуық шығармашылық бейнетінің нәтижесінде дүниеге “Қызыл жебе” роман-эпопеясы келді”, дейді. Кемеңгер суреткеріміз Мұхтар Әуезовтің “Қараш-Қараш оқиғасындағы” әуез-әуенді қайталамай, Рысқұлдың әуелгі қасіретін өзінше өрнектеген шебер прозашы Шерхан Мұртаза алғашқы екі кітапта әкелі-балалы қос мұңлықтың тағдырына оқырманды ортақтастыра тартып, баурап әкете барады. Үшінші кітап “Жұлдыз көпірде” автор тереңдігі мен Тұрар тереңдігі үйлесе, ұнаса, жараса кіріккен. Түрік республикасын құру идеясы да көрінісін тапқан. “Қыл көпірде” ұлттар мәселесіне байланысты мұраттары жан-жақты ашыла түседі. “Дегенмен, “Қыл көпір” романында ең басты назар Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған екі хатының әлеуметтік тарихына аударылады”, дейді сыншы С.Жұмабек. Бесінші кітап “Тамұқтың” тарауларына ой көзін жіберіп көріңізші. “Соңғы сәуле”, “Тұтқын”, “Тергеу”, “Ескендір”, “Өмірзая”, “Әзиза”, “Тұрар”, тағы да “Өмірзая”, тағы да “Тұрар”… “1937 жылдың мамыры мен 1938 жылдың ақпаны аралығында озбырлықтың, өктемдіктің қанды шеңгеліне түскен қазақ халқының ұлы перзенті, біртуар тарихи тұлғасы, аса көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың, яғни тоталитарлық режимнің ноқтасына сыймаған ғажайып қайсар, ғажайып өр, ғажайып адал, ғажайып көреген күрескердің ғаламат тұлғасына шексіз сүйсінеміз! Шексіз тағзым етеміз! Шексіз аяймыз!” депті сыншы Сайлаубек. Бәрібір, жоғарыдағы біз атаған, айтқан-жазғандарын аз-аздап қана келтірген, там-тұмдап қана тоқталған тарихшылардың, публицистердің, сұңғыла суреткерлеріміздің дүниелерін, Тұрар Рысқұловтың өз туындыларын байыптап байқап шыққанның өзінде Тұрартұғыр дейтұғын текті түсінік, ұлағатты ұғым пайда болады. Тұрартұғыр! Тұрартұғыр. Ол – Рысқұлов феноменінің тау тұлғалы тұрпаты. Өткен ғасырдың жиырмасыншы және отызыншы жылдарында Тәңіртаудың шоғыр-шоғыр шыңдарындай асқақтап шыққан Алаштың ардақтылары аз емес-ті. Солардың бірі һәм бірегейі – Тұрартұғыр дейтұғын дара ұғым тудыратын Тұрар Рысқұлов. Тұрартұғыр – түркі ұлттарының түгел тағдырын тым-тым тереңнен ойластыра алған, қазағының қамын қайраткерлікпен қарастыра білген, ұлтын аштықтың алапатынан алып қалған, тоталитарлық тәртіп билігінің биіктерінде жүріп-ақ, қаскөй қызметтестерінің аңдуында отырып-ақ Алаш арнасындағы азаматтық парызын адал атқарған ардақтымыздың бейнесі. Тұтас таудың қымбат құзары. Тұрартұғыр – басшы бола білмектің, басқара білмектің, ел мен жерге, халыққа қызмет етпектің, зиялылық пен зияттылықтың үлгі-өнегесі. Тұрартұғыр – Тәуелсіздікті баянды етпек бағыттағы таланттар мен дарындардың бағдар етер биік мұнарасы. Тұрартұғырыңызды ешкіміңіз де еңкейте алмақ емес. Тұрартұғыр төмендемейді. Тарих өз бағасын әлдеқашан беріп қойған.
Әрине, түрлі-түрлі тосқауылдар шыға берер. Пікірталастар бола берер. Бірқатар себептерін жаңа айттық қой. Тау тұрпатты тұлғаларымыздың ешқайсысына да оңай болмағаны белгілі. Солардың ішінде Рысқұловқа өте-мөте ауыр болды. Оның қайшылықтары мен қателіктері кездеспеуі беймүмкінтұғын. Тоталитарлық билікте жүрген соң кейде айтқысы келмегенін айтуға, жазғысы келмегенін жазуға мәжбүрленді. Бірен-саран реттерде сөйтіп, сайып келгенде, бәрібір, Алаш арнасынан табылды. Әнебір алмағайыпта қателескенін айтып, кешірім сұрауға тиісті еді. Аждаһа-апаттың аузына түсіп кетпеу үшін. Орағытып өтіп, қазақтайын ұлтына, түркідейін жұртына, айналып келгенде, адал ниетті адамзатқа қызмет қылмақ үшін. Ондай кешірімді Ахмет Байтұрсынұлынан бастап, Мұхтар Әуезовке дейінгі талай тарландарымыз, Алаштың айтулы ардақтылары сұраған. Түпкі мақсат үшін;түбегейлі тірлік үшін;т үптің-түбінде келетін Тәуелсіздік үшін. Әңгімемізді әу баста асылдың тұяғындай, алтынның сынығындай Сәуле Тұрарқызынан бастағанымызда гәп бар. Жақында республикалық басылымда сол кісінің “Проспект Рыскулова” деген мақаласы шыққан. Алматыдағы Рысқұлов даңғылынан сыр шертіп бастаған Сәуле әпкеміздің негізгі айтпағын, көңіл-күйіндегі күйзелісін түсінесіз. Сәуле Тұрарқызы өкпе-ренішін жасырмайды. Алайда, қаншама қанқұйлы, қанқасап заманның зарарын тартып, азабын арқаласа да ақ адал пейілінен айнымаған, парасаттылығынан танбаған. Зиялы-зияттылар қанынан жаратылғандықтан ғой, ішкі мәдениеті, этика-эстетикасы таңғажайып биік, қазақтың діліне берік бекзат қызы бірқатар елеулі ескертпелер жасапты. Рысқұловтың өмірі мен қызметіне, Тұрардың өз тұлғасына және отбасы мүшелеріне байланысты баспасөзде орын алып жүрген ағаттықтар мен көпе-көрнеу бұрмалаушылықтарды атап-атап көрсетіпті. Интернеттегі бірер бұра тартушылықтарға тоқтала келіп, онда әлі күнге дейін Т.Рысқұлов 1943 жылғы 19 сәуірде “жүрек талмасынан” қайтыс болды делініп тұрғанына таңырқайды. Шын мәнінде ондай мәлімет әдейі, тау тұрпатты тұлғаны төмендетпек үшін, қитұрқылықпен құрастырылғаны белгілі. Тұрардың 1938 жылғы 10 ақпанда атылғаны әлдеқашан дәлелденген. “Интернеттегі мәліметтерді түзету керек!” дейді Сәуле Рысқұлова. Әпкеміз, сондай-ақ “Мой город другим не заменить” атты кітаптың авторы да Т.Рысқұловтың өмірбаяны мен тағдырына байланысты бұрмалауға жол бергеніне, “Аргументы и факты-Казахстан” басылымындағы С.Оспанова айтты деген ағаттықтарға, тағы басқа да дәлсіздіктер мен дәйексіздіктерге реніш білдіріп, шынтуайтында қалай екенін, анасының, ағасының, әпкелерінің қалай тұтқындалғанын, тағдырлары қалай болғанын, әкесі мен шешесінің қайтіп, қандай жағдайда қосылғанын, қалай ғұмыр кешкенін, Тұрар Рысқұловтың халық шаруашылығы салаларын дамытудағы зор еңбегін, қайраткерлік қасиеттерін нақ-нақ баян етеді. Ештеңені де бұрмаламауды, ол үшін тарихи еңбектерді, қазір жол ашылған құжаттарды қарап, оқып-тоқуды, қателіктерді тездете түзетуді ұсынады.“Бозбала Тұрар жетімдіктің зардабын сезініп, өзгеше өткірлік, батылдық қасиеттерін ертерек шыңдады. Сондай шақтарында ол өзінің жасын екі жылға үлкейткен”, деп жазыпты. Ренжімеңіз, Сәуле Тұрарқызы, сіз қайта-қайта жазды екен деп, әлсін-әлсін айтты екен деп, тездете түзей қоймас түземекке тиістілер. Дегенмен, есіл ердің Түркістан республикасын 28 жасында емес, 26 жасында басқарғанын, 44 жасында емес, 42 жасында жазықсыз атылғанын жүрегіне жазып қойғандар баршылық.
…1938 жылғы 8 ақпанда құрамында – төрағалық етуші армиялық әскери заңгер Ульрих, мүшелері – бригадалық әскери заңгер Зарянов, бірінші дәрежелі әскери заңгер Кандыбин және хаттама жүргізуші Костюшко бар – КСРО Жоғарғы сотының алқасы Рысқұловты ату жазасына кеседі. “Құпия” деген белгі соғылған анықтамада: “Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлын ату туралы үкім Мәскеуде 1938 жылғы 10 ақпанда орындалды. Үкімнің орындалғаны туралы акті КСРО НКВД-сі Айрықша архивінің бірінші арнаулы бөлімінде сақтаулы. Томның нөмірі-3. Беттің нөмірі-61”, деп жазылған. Құжаттың соңына НКВД бірінші арнаулы бөлімі 12-бөлімінің бастығы, мемқауіпсіздік лейтенанты Шевелев шиырып тұрып қол қойған. Тұрартұғыр боп қалған Рысқұлов отыз сегіздің оныншы ақпанында атылғй, босатып жіберуге мәжбүр болды. Басқосуға жиналған ғалымдар мен саясаткерлер, қаржыгерлер “Қазақстан: бәсекелестік және жаңғыру” деген тақырыпта басталған конференция жұмысына белсене қатысты. Қазақстанның экономикалық және стратегиялық басымдықтары, жаһандану мен реформалар: саясат, құқық және қоғам, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ экономикалық білімнің жаңартылуы деген секциялар бойынша өз ойларын ортаға салды. Кезінде Т.Рысқұлов кеңестік Қазақстанның 15 жылдығы құрметіне бас қосқан қазақ жастарының жиынында “Сендер – болашақ экономистер, инженерлер, техниктер, агрономдар мен педагогтар – Қазақстанның бұдан әрі қарай дамуына тиянақ болатын кадрларсыңдар” деген болатын. Бұл сөздер өзінің мәні мен маңызын әлі де жойған жоқ. Терең ойлы қайраткердің республика жұртшылығын халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету үшін өңдеуші салаларды дамытуға зор көңіл бөліп, ел экономикасын индустрияландырудың мәнін жоғары қойғаны да белгілі. Қайраткердің экономикалық мұрасын әлі де терең зерттей түсу қажеттігі жас ұрпаққа аманат. Т.Рысқұловтың экономикалық пайымы терең екенін дәлелдейтін бірқатар деректерді алға тартты. Оның ХХ ғасырдың басында Монғолия елінің ұлттық ақшасын белгілеу жөніндегі қызметінің өзі бір төбе. Рысқұлов оқуларының біздің өмірімізден өз орнын табатын тұстары көп. Себебі, қазіргі заман интеграциялық байланыстардың мағынасын бұрынғыдан да күшейтіп келеді. Қаржы рыногында тиімділікке қол жеткізу, банк қызметін ұтымды ұйымдастыру жөнінде осы конференцияға қатысушылар өздерінің бағалы ұсыныстарын әзірлеуге мүмкіндік алатынына сенім білдірді. Кезінде Румыния елі де дағдарысты кезеңдерді бастан өткерген. Қазір экономикалық бағыт-бағдары даму жолын көздейтін біздің еліміз тікелей инвестиция тартуда табыстарға қол жеткізіп, отандық өндірісін ұлғайту үстінде. Қазақстан да нарық жағдайында бірқатар қиындықтарды артқа тастады. Сіздердің елдеріңіздің дүние жүзінде бәсекелестікке лайықты 50 мемлекеттің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсатты алға қоюы – қарқынды дамудың нәтижесі. Қазақ экономикалық университетінде басталған ғалымдардың ой жиынтығы қоғамға қызмет ететініне сенемін”, деді. Қазіргі заманғы экономикалық ғылымның ең маңызды мәселелерін талқылап, Қазақстанның ең маңызды экономикалық проблемалары мен әлемнің басқа да елдерінің экономикалық құрылымдарына байланысты нәрлі және қажетті ой қорытуға пайдасы мол конференция әрдайым өміршең болады, деді. Болашағы бар ел өзінің өткен тарихының жарқын беттерін асыл мұра ретінде оқытады. Тұрар Рысқұлов сияқты терең білімдар саясаткер әрі публицист-экономистің, бір ұлтқа ғана емес, бүкіл түркі жұртына тұтқа болған азаматтың еңбектерінен өзекті мәселелерді туындатып, бүгінгімен сабақтастыра қарау кездейсоқтық емес. “Тұрар Рысқұлов – Орталық Азия мен Ресейдің көрнекті мемлекет қайраткері: экономист, тарихшы, публицист” деген тақырыпта келелі сөз қозғап, тарихи тұлғаның сан қырын түйіндеп айтып берді. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Яхия Әубәкіров “Экономикалық теория – экономикалық білімнің өзегі” деген тақырыпта баяндама жасап, көп ойларды алға тартты. Біз экономика теориясы жөніндегі мамандарды көптеп тәрбиелеп шығаруымыз керек. Өкінішке қарай, соңғы жылдары бұл пән кейбір жоғары оқу орындарында тізімнен шығып қалған сияқты. Осының салдарынан енді біз қоғамның экономикалық байланыстары жөнінде терең білім алған мамандарға зәру болуымыз мүмкін. Қалай айтсаңыз да, ғылым теориясыз болмайды. Бұл мәселе орыс ғалымдары арасында да бірнеше мәрте талқыланды. Жаһандық әлеуметтік-экономикалық тақырып өткір күйінде сезілуде, ендеше біз осы саланың мамандарын даярлауға ерекше мән беруге тиіспіз, деді. Сонымен, “Бірінші Рысқұлов оқулары” Алматы қаласында әлемге аты әйгілі болған ғалымдардың басын біріктіріп отыр. Олар ең әуелі Қазақстанның бүгінгі өркениетті даму жолына түскенін сезінуі бір төбе, сонымен бірге Тұрар Рысқұлов сияқты қайраткерлердің ұрпақтан ұрпаққа тарайтын асыл мұраларының өшпес ізін жарқырата көрсететіні сөзсіз. Форумға қатысушылар Т.Рысқұлов туралы көрме экспонаттарымен, ғылыми еңбектерімен және жоғары оқу орындарының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып т Қазақстандағы экономикалық білімнің ту ұстаушысы, күні кеше жұртшылыққа “әйгілі Нархоз” дейтін атпен белгілі болған Қазақ экономикалық университетінің алдында халқымыздың біртуар ұлы Тұрар Рысқұловтың ескерткіші тұр. Оның жанынан өткен сайын қай-қайсымыздың да кеудемізді ерекше бір мақтаныш кернеп, осынау ұлы адамның шапағатына бөленгендей мерейленетініміз бар. Енді ше, Тұрар аңсаған еркін дүниеде өмір сүріп, Тұрар мирастаған тұлғалы міндеттерді жүзеге асыру жолында Тұрардың өз атындағы Қазақ экономикалық университетінде еңбек етіп, еліміздің ертеңгі үміті мен сенімін – жас өркен кадрларын жасақтап жүрсең қалай мерейленбессің, қалай марқаймассың. Сондай сәтте мына тас тұғырдағы әз ағамыз орнынан тұра келіп, дәл сондағысындай, бұдан аттай 70 жыл бұрын Кеңестік Қазақстанның 15 жылдығы құрметіне бас қосқан жерлес студенттер ұйымының – қазақ жастарының жиынындағыдай жалындап: “Сендер – болашақ экономистер, инженерлер, техниктер, агрономдар мен педагогтар – Қазақстанның бұдан әрі қарай дамуына тиянақ болатын кадрларсыңдар… Қазақстанға арнап кадрлар даярлауға айрықша мән берілуі керек”, – деп тұрғандай болады.
Жастарға деген қамқорлық, жас ұрпақ тәрбиесі, кешегі бұратана халықтардың жастарын оқу-білімге тартып, көкірек көзін ашу, жаңа өмірдің жарқын істеріне араластыру, өндіріспен біте қайнастыру Тұрардың жатса-тұрса есінен шықпайтын, бойтұмардай қастерлі, жанына жақын борышы болғаны сөзсіз. Бірақ тек жалғыз сол ғана ма екен?..Біз оны халқымыздың қаһарман ұлдарының бірі деп білеміз, жиырмасыншы ғасырдың басындағы ұлы дүрбелеңде, ел басына күн туған шақта, Махамбетше айтқанда, атына – тұрман, жұртына – құрбан болсам деп шағала жаны шарқ ұрған көш бастар көсемі ретінде танимыз. Соған қалтқысыз сеніп, ұйығанбыз. Ал енді соның сыры неде, мән-мағынасы қандай – ол жағын онша парықтап, ойланып жатпайтынымыз бар. Тіпті, оның аса көрнекті мемлекет қайраткері, елдің саяси басшыларының бірі болғанын білеміз де, дәл сондай дәрежедегі шаруашылық басшысы, ұтқыр ұйымдастырушы, зерделі ғалым-экономист, жалынды жаршы-насихатшы ретіндегі баға жеткісіз қызметінен көбіміз бейхабармыз. Шындап келгенде, сол тұстағы, одан әріректегі қоғам өмірінде болған әрі болып жатқан ұлылы-кішілі оқиғалардың бір де біреуі оның сергек көңілін селт еткізбей өткен емес, оның ұшқыр ойының, парасат-пайымының безбеніне түспей, сараланбай, салиқалы бағасын алмай қалған емес. Жақында, ғасырдың елең-алаңында болған айтулы оқиғалардың бірі – бұратана халықтардың патшалық Ресейге қарсы 1916 жылғы көтерілісіне 90 жыл толады. Көтерілістің себеп-салдары, қозғаушы күші, одан кейінгі тарихи дамуға тигізген ықпал-әсері жайындағы ғылыми топшылауларда кенделік жоқ, ол әлі де айтыла беретін болады. Ал бірақ соның ең алғашқы байыпты байламын, сындарлы ғылыми тұжырымын Тұрар Рысқұлов айтқанын екінің бірі біле бермеуі де мүмкін. Әрине, қазақ-қырғыз азаматтарын тыл жұмысына әскерге алу көтерілістің сылтауы болғаны сөзсіз, ал бірақ оның түбірлі себебі әлдеқайда тереңде, Ресейдің отарлау саясатында жатқанын алғаш ашып айтқандардың бірі Т.Рысқұлов еді. “Көтерілістің негізгі себептері, – деп жазды ол, – царизмнің Қазақстан мен Қырғызстанды жүгенсіз отарлап қанауының салдарынан қалыптасқан экономикалық және саяси сипаттағы терең қайшылықтардың нақ өзі болды”.
Т.Рысқұловтың бүкіл өмірі мен қызметі Қазақстанның саяси, қоғамдық және экономикалық өміріндегі терең өзгерістерді жүзеге асырудың күрделі де күрмеулі жағдайында өтті. Түркістан Халкомкеңесінің төрағасы бола жүріп, ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, ірі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға, жұмыстылықты қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөліп, сол жолда өзі де жатпай-тұрмай еңбек етті, күш-жігерін аямай жұмсады. Тұрғылықты халықтың жаңа экономикалық саясатты іске асыруға және тауар-ақша қатынастарын дамытуға белсене қатысуын қалап, соған үндеді. Ал бұл үшін экономиканы қатаң реттеуден бас тартып, өндірісшілерге экономикалық еркіндік беру керек деп пайымдады ол. Сондай-ақ оның өндіріс құрал-жабдықтарын шикізат көздеріне жақындату, ауыл шаруашылығын өнеркәсіп орталықтарына тіркеу мақсатында экономикалық аудандастыру шараларын жүргізу туралы ойлары, түптеп келгенде, ұлт мәселесін жаңа экономикалық саясатпен үйлестіре шешуді көздеген сындарлы ұсыныс еді. Тарихтың аса күрделі әрі жауапты кезеңінде дәл осындай елім деген ерлердің арқасында республиканың экономикалық әлеуетінің негізі қаланып, көмір өнеркәсібі, түсті металлургия сияқты салалар өркен жая бастады. Т.Рысқұлов ірі өнеркәсіпті қалыптастырудың маңызын талай мәрте айта жүріп, елді индустрияландыру кезеңінде алып кәсіпорындардың бой көтеруіне байланысты мәселелерді шешуге тікелей араласты. Оның бастамашылығы мен белсенді түрде қолдау көрсетуінің нәтижесінде Қарағанды көмір бассейнін, Қоңырат мұнай кен орнын игеру басталды, Балқаш мыс қорыту комбинатының, Шымкент қорғасын зауытының, Түркістан-Сібір темір жолының – атақты Түрксібтің құрылысы қолға алынды. 1926 жылғы қарашада КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті Төралқасының мәжілісінде сөйлеген сөзінде Түрксіб құрылысының экономикалық қисындылығы мен тиімділігін, Қазақстанның, Ресейдің, бүкіл Орталық Азияның экономикасын дамытуға оның қаншалықты маңызы барын жан-жақты негіздеп берген нақ осы Т.Рысқұлов болатын. Түрксіб елдің өндіргіш күштерін дамытудың зор мүмкіндіктерін ашып берді, сөйтіп Қазақстанды қарқынды түрде индустрияландырудың бастамасы болды. Сондықтан БОАК мен РКФСР ХКК-ның 1930 жылғы 1 мамырдағы “Түркістан-Сібір (Түрксіб) темір жолын ашу туралы” қаулысында “РКФСР Үкіметі жанындағы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов жолдас басқарған Түрксібке жәрдемдесу комитеті атқарған елеулі жұмысты” атап көрсетуі тегін емес.Т.Рысқұловтың қазақ ауылын жаңғырту жолдары туралы көзқарасы да аса мәнді әрі маңызды. Базбіреулер айтып жүргендей, Т.Рысқұлов партияның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жөніндегі бағытына қарсы шықты деу жаңсақтық болар еді. Ол ауылды көркейту қажеттігін бір кісідей-ақ түсінді, бірақ бұл үдеріс ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, қажетті алғышарттарды әзірлеу
арқылы өзіндік табиғи жолмен жүзеге асуы керек деп пайымдады. Патшалық Ресейдіңотаршылдық саясаты көшпелі елдің егіншілікке жарамды жерінің басым бөлігін тартып алып,оның өзін шөл және шөлейт түкпірлерге айдап салумен тәмамдалған болатын. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жерге орналастыру саясатын жүргізу әрекеті жасалды, оның мақсаты – байлардың есебінен, сондай-ақ орыс кулактарының жерлерінен кедейлерге жер үлесін беріп, халықтың бетін отырықшылыққа бұру еді. “Қазақ интеллигенциясына” дейтін мақаласында қазақтың көзі ашық азаматтарын өз халқын отырықшылыққа үндеуге енжар деп айыптаған Г.Аграновскийге жауап бере келіп, өмір жолына жаңа шыққан жас талап Тұрар былай деп жазды: “Егер сол ескі режим кедейді байдан қорғаса, жақсы жерлердің бәрін басып алған байдың жерін тартып алып кедейге берген болса және оны құрал-жабдықпен қамтамасыз етсе, онда біз қазақтың әлдеқашан-ақ отырықшы болғанын көрер едік”. Халқының басым бөлігі көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс кешкен елді республиканың партия басшылығы қысқа мерзімде ұжымдастырып, отырықшылыққа көшірмекші болды. 1930-1933 жылдарда бұл 3 миллион адамды қамтуы тиіс еді. Жергілікті өкімет органдарының осындай солақайлығын алдын ала сезген Т.Рысқұлов 1930 жылы республикалық “Советская степь” газетіне “Көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда мал өсіруге мән берілсін” дейтін мақала жазды. Ол табиғи жайылымдарды пайдаланатын және өнеркәсіп үшін ірі шикізат көзі болып саналатын мал шаруашылығы саласын сақтап қалу қажеттілігін алға тартты. Бұл үшін халықты Аргентинаның, АҚШ-тың далалық аудандарының тәжірибесін пайдалануға үндеді, мал өсіруді және мал азығының базасын жасауды оңтайландыру қажеттігін негіздеді.Демек, Т.Рысқұлов көшпелі қазақтардың отырықшылыққа ауысуы ұзаққа созылатын әрі оңайшылықпен жүре қоймайтын үдеріс екенін негізге алған. Көшпелілердің жаппай отырықшылыққа ауысуына әлі жеткілікті жағдай жоқ екенін ол жақсы түсінді.Бірақ жағдай басқаша қалыптасты. Елді жаппай отырықшылыққа көшіру, малды орталыққа алып, “асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” дейтін зымиян саясатты тықпалау халықты титықтатты. Елде адам айтқысыз аштық басталды. Жұрт дүрк көтеріліп, Сібірге, Орта Азияға, Қытайға бет алды…Халқының ардагер азаматы ретінде Т.Рысқұлов көпке әйгілі Сталинге хаттарын жазып, ашыққан жұртқа араша сұрайтыны, өзі де күн-түн демей, жар құлағы жастыққа тимей жүріп, қалың елі – қазағына пәруана болатыны сол шақта. Оны баршамыз тарихтан да, ауызекі әңгімелерден де, көркем әдебиеттен де біршама тәуір білеміз. Бұл – айта берсе таусылмайтын әңгіме. Тұрардың тұла бойына жараса біткен қажыр-қайраты мен ақыл-парасатының жемісі таңдандырмай қоймайды: жаңа өмір құрылысындағы өзі араласа жүріп, көбінесе орталықпен (Мәскеумен) жағаласа жүріп атқарған сан салалы шаруашылық, ұйымдастырушылық жұмысы тау төбе болса, қуатты ойынан бастау алып шыққан кең арналы, келісімді творчестволық еңбектері – ғылыми және публицистикалық туындылары да сондайлық мол. Оның қаламынан туған оннан аса кітаптар мен жүзден аса мақалаларда, мәселен: “Қазақстан”, “Қырғызстан”, “Революция және Түркістанның тұрғылықты халқы”, “Түрксіб – Қазақстанның, Орта Азияның, Сібірдің шаруашылық жағынан өркендеуінің жолы”, “Түрксіб”, “Қазақстан тарихын бұрмалаушылыққа қарсы”, “Коммуналдық шаруашылық жаңа кезеңде” дейтін еңбектерде тарихи және экономикалық тақырыптардың алуан қырлары мол қамтылып, терең талданды. Күні бүгінге дейін олардың мәні мен маңызы арта түспесе, ешбір кеміген жоқ. Олар әлі талай-талай зерделі зерттеулердің тақырыбына айналатынына, самайын қырау шалған ұстаз да, жас талап зерттеуші-студент те олардан бойына қуат, ойына нәр алатынына ешбір күмән болмаса керек. Ол мирас еткен кәсіби кадрларды қалыптастыру міндетін бүгінгі күннің талап-тілектері биігінде жүзеге асыруға күш саламыз. Осы орайда бір заңды жалғастықты, тарихи үйлестікті айтпай кетуге болмас. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауындағы: “Білім беру реформасы –
Қазақстанның бәсеке нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңыздықұралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет… Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай жасауымыз керек”, – дейтін тұжырымы мен Т.Рысқұловтың жоғарыда келтірілген, оқудағы қазақ жастарына арнап айтқан сөзінің іштей үндестігі қандай ғажап! Ол кезде оқу-білім республиканың тарихи кенжеліктен арылып, өзге елдердің қатарына тұруы, өркениет көшіне ілесуі үшін қажет болса, қазіргі білім мен ғылым Қазақстанды дүние жүзіндегі озық елдердің қатарына қосудың, оның абырой-беделін арттырудың ең маңызды факторларының бірі саналады. Бәсеке артықшылықтарының осы заманғы теориясы ғаламдық дүниеде экономикалық өркендеудің негізгі факторы – адам капиталының сапасы және мемлекеттің оны пайдалана білуі деп пайымдайды. Ал егер елдегі адам капиталының сапасы білім берудің ұлттық жүйесімен айқындалатын болса, мемлекеттің оны пайдалана білуін экономикалық білім берудің сапасы мен мазмұны айқындайды. Тұтастай алғанда, ел экономикасының тиімділігі де, жекелеген кәсіпорындардағы, фирмалардағы, мекемелердегі жұмыстың, яғни адам ресурстарын пайдаланудың пәрменділігі де экономистер мен менеджерлердің біліктілігіне байланысты. Ел Президентінің биылғы Жолдауында осы саладағы стратегиялық бағыттың басымдықтары мен оларды іске асырудың шаралары, атап айтқанда – қазақстандық білім беруді жаңғырту айқын мақсат ретінде алға тартылуы осыдан. Соған байланысты біздің алдымызда біліми бағдарламалардың көпсатылығы мен баламалылығын, серпінділігі мен икемділігін қамтамасыз етуге және олардың арасында өзара оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған, сондай-ақ оның әр сатысында кәсіби білім берудің тиянақталуын ескеретін пәрменді, үздіксіз, көп деңгейлі білім беру жүйесін түзу міндеті тұр. Бұл – біздегі білім беру ісінде, ең әуелі оның кәсібиленуіне байланысты, түбегейлі өзгерістер болғалы тұр деген сөз. Бұл үшін біз көп деңгейлі кәсіби және қосымша білім берудің ықпалды әрі икемді жүйесін жасауға, базалық білімнің бакалаврлық бағдарламаларымен ғана шектеліп қалмай, одан әлдеқайда ілгерінді бағдарламаларды, соның ішінде кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын белсенді түрде игеруге тиіспіз. Қазір біз дәл осы мақсатқа басым түрде көңіл бөле бастадық, сол үшін М.В.Ломоносов атындағы ММУ-мен бірлесіп, экономика мен басқару жөніндегі кәсіби қайта даярлау бағдарламасын енгіздік.Мұның сыртында Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың стратегиялық басымдықтары, Қазақстанның инвестициялық әлеуетін пайдалану бойынша талқылаулар, республиканың халықаралық бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету проблемалары, өндірісті ұйымдастырудың кластерлік формасын дамыту мен әлемдік тәжірибесін байыту перспективалары бойынша пікірталас ұйымдастырылады. Осының бәрі Рысқұлов оқулары ғылыми білімдерді, тәжірибені, идеяларды өзара тиімді және жемісті түрде алмасуға, сондай-ақ көпқырлы халықаралық ғылыми-біліми байланыстарды одан әрі жалғастыруға тамаша мүмкіндік беретінін көрсетеді.Ой көп, міндет зор. Соның бәрін ойдағыдай етіп іске асыра алсақ, ел алдында жүзіміз жарқын боларына сенімдіміз. Осы жолда халқымыздың ұлы перзенті Тұрар Рысқұловтың әруағы қолдап, желеп-жебей жүрсе екен дейміз.а үлгерді. Олар бүгін бірнеше “дөңгелек үстел” пікірталасына қатысады.Бүкіл өмірін жалшылық пен езгілікте ,құлдық еңбекпен өткізген бірақ намысын аяққа таптатпаған өр мінезді қазақ кедейінің баласы болған Тұрардың табиғи таланты мен қабілетінің арқасында жиырманың бел ортасында ғана ірі саясаткер ретінде танылуы-дүние жүзі мемлекет қайраткерлері өмірбаян тарихында тым сирек кездесетін ерекше құбылыс.21-22 жасында Оңтүстік Қазақстандағы ғлт азаттық көтеріліске басшылық жасады;1917-1918 жылдары Әулиеатада белсенді саяси қызметтерімен көріне білді.
25 жасында Түрікаткомның жергілікті халықтан шыққан тұңғыштөрағасы ретінде республиканың саяси және мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді;26-27 жасында РСФСР Ұлт Істері жөнінде халық коммссариатында қызмет атқарып,осы комиссариаттың төрағасының орынбасары дәрежесіне дейін көтерілді.Комиссаритта жүріп бүкіл елдегі жоғарғы оқу орындары жүйесіне басшылық жасады.27-28 ге қараған шағында Т.Рысқұлов Түркістан Республикасы Халық Комиссиарлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.Ал, Түркістаннан біржолата кетіп 1924 жылы күзде Коминтерннің өкілі етіп Моңғолияға жіберілген кезде ол әлі отызға да тола қоймаған болатын.Қазіргі өлшеммен алғанда бұл жас –жоғарғы оқу орынын бітіріп, қызметке енді ғана орналаса бастаған жас маманның жасы.Тұрар Рысқұлов осы жатста ғана саяси күрес пен мемлекеттік басқарудың сан қырлы баспалдағынан өтіп үлгерді.Сонау 20-шы жылдарда ғана оның есімі «Түркістан» ұғымының баламасы ретінде айтыла бастаған еді.Оның есімі-ұлт мәселесі бойынша жүргізілген ерлік күретің туы болды.Ол қай саланы басқармасын,қай жерде жүрмесін Рысқұлов –Рысқұлов күйінде қалды.Оның пікірі мен қайраты ешқашан да халыққа қарсы бағытталған жоқ,ол туған халқының арман-тілегімен бірге өмір сүріп,күрес жүргізді.Қорыта келсек,ол ұлт жанашыры болды,оның бүкіл саналы өмірі ұлт мүддесі жолындағы жалынды күреспен өтті.Ол кезде жиырмасыншы жылдары ұлт мүддесі үшін күресу оңай емес еді.Сталин оның әр қадамына аңду ұйымдастырды.Т.Рысқұловтың арман-тілегінің орындалғанына бүгінде тарих куә, ол бұл бақытты күнді көре алмаса да, оның туатынына сенген еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Егемен Қазақстан газеті»2008-2011 сандарынан
«Өркениет пен Горизонт газеті»
Ордалы Қоңыратбаев «Қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметі» 3-15бет аралығы
«Түркістан кезеңі» Ордалы Қоңыратбаев 350-380 бет аралығы
«Қазақстан тарихы» Тұрар Рысқұлов,М.Әбілтайұлы 70-80 бет аралығы