Скачать/Жүктеу
Лекция мақсаты: М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова поэзиясының мәнін ашу.
Сұрақтар:
- М.Мақатаев поэзиясындағы ұлттық болмыс.
- М.Мақатаев поэмалары.Аудармалары.
- Ф.Оңғарсынова поэзиясындағы азаматтық әуен.
- Ақын поэзиясындағы лирикалық қаһарман. Көркемдік сипаты.
- Поэмалары, аудармалары.
М. Мақатаев. Шығармашылық жолы. Ақын поэзиясында Отан ұлылығы, туған жер қаситеі т.б. тақырыптардың жырлануы. Адамгершілік мәселелердің қозғалуы. Ақын жырларындағы дәуір шындығы, өмір көріністері. М. Мақатаев – лирик. Ақын поэзиясындағы философиялық астар. Ақынның өлең және өнер туралы көзқарастары, өлеңдерінде көрініс табуы. М.Мақатаев – эпик. «Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда», «Қашқын», «Жер үстінен репортаж», «Қырандар, қош болыңдар», «Ару ана», «Ақ қайың әні», «Мұзбалақ» поэмалары. Тақырыбы мен идеясы. М. Мақатаев – прозаик. «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері және «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері, «Қош, махаббат» пьесасы. Көркемдігі, тілі. М. Мақатаев – аудармашы.
Ф. Оңғарсынова. Шығармашылық жолы. Ақын поэзиясында өмір қуаныштары мен реніштерінің, адамның алуан сезімдері мен ой толқыныстарының жырлануы. Ақынның өз тағдыры мен өзгелер тағдырын ұштастыра толғап,адамның адамгершілік болмысының әлеуметтік-тарихи жағдайларына қатысты мағыналы ойлар түйіндеуі. Ойшылдық сарын. Ақын поэзиясындағы лирикалық қаһарман. Поэзиясының көркемдік сипаты. Прозалық шығармалары. Тақырыбы, идеясы.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. М.Мақатаев поэзиясындағы ұлттық болмыс.
2. М.Мақатаев поэмалары.Аудармалары.
3. Ф.Оңғарсынова поэзиясындағы азаматтық әуен.
4.Ақын поэзиясындағы лирикалық қаһарман. Көркемдік сипаты.
5. Поэмалары, аудармалары
Әдебиет:
1. Қазақ әдебиетінің тарихы, 8-10 томдар.-Алматы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 2000-2005 жж.
2. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы.- А.: Қазақ университеті, 2003.- 284 б.
- Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы.- А.: Санат, 2000.- 238 б.
- Айымбетов М. Жыр – тағдыр, жыр – ғұмыр (Ф.Оңғарсынова туралы) // Сарыарқа.- 1999.- № 4-5, 40-41 б.
- Ақдәулетұлы М. Дауыл күнгі дарияның күшіндей бір (Ф.Оңғарсынованың «Қызғұмыр» кітабын оқығанда) // Қазақ әдебиеті.- 1997, 4 наурыз, № 9, 10-11 б.
- Амалбек Б. Елінің еңлік гүлі (Ф.Оңғарсынова жайында) // Егемен Қазақстан.- 2000, 8 ақпан
- Ару ақын (Ф.Оңғарсынова 60 жаста) // Сарыарқа.- 1999.- № 4-5, 37-39 б.
- Асқақтық пен рухты аялаған жыр (Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына арналған) // Егемен Қазақстан.- 2000, 19 сәуір
- Байоралова Н. Әйел әлемінің жан айқайы // ҚазМУ Хабаршысы, Филология сериясы.- 2000.- № 5, 146-152 б.
- Беркімбаева Ш. «Қыз ғұмырды» жырлай берші «Жыр ғұмыр» (Ф.Оңғарсынованың шығармашылығы жайында) // Қазақ әдебиеті.- 2000, 21 қаңтар
- Елеместегі Қ. Қазақтың Фаризасы (Ф.Оңғарсынова жайында) // Қазақ әдебиеті.- 2000, 18 ақпан
- Жұмабек С. Поэзия патшайымы (Ф.Оңғарсынова 60 жаста) // Алматы ақшамы.- 1999, 22 желтоқсан
- Қаған Қ Қазақ қыздарының Мұқағалиы (Ф.Оңғарсынованың шығармашылығы жайында) // Жас алаш.- 2000, 18 сәуір
- Құрманбаева Г. Фариза – менің мұңлы әуенім (Ақын Ф.Оңғарсынова туралы) // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 1997, № 2, 54-58 б.
- Мутиев З. Ф.Оңғарсынова лирикасындағы метафоралық тіркестер // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 1999, № 5, 26-28 б.
- Мүтитегі З. Жырларымды оқы да, ойларымды ал (Ф.Оңғарсынова лирикасының кейбір сырлары) // Ізденіс.-1997, № 2, 62-68 б.
- Нәрікбаев М. Фариза, Фаризажан, Фариза қыз // Егемен Қазақстан.- 2000, 12 мамыр
- Оңғарсынова Ф. Байлықтан да құндырақ әлем бар (Ақынмен сұхбаттасқан А.Кірқабақов) // Денсаулық.- 1997, № 3, 12-13 б.
- Ораз Н. Фаризаға (Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына арналған) // Сарыарқа.- 1999, № 4-5, 39 б.
- Өзім туралы (Ф.Оңғарсынованың күнделік беттерінен) // Жас Алаш.- 2000, 18 сәуір
- Өтеев Ж. Парасат поэзиясы (Ф.Оңғарсынова шығармашылығы жайында) // Егемен Қазақстан.- 2000, 13 қаңтар