Прозадағы мифологизм мәселесі. Аңыздық желі (О.Бөкей, Ә.Кекілбаев шығ.нег.)


Скачать/Жүктеу

Лекция мақсаты: Прозада мифтің, аңыздық желінің қолданылу сипатын айқындау.

Сұрақтар:

  1. Қазіргі прозадағы мифологизм мәселесі.
  2. Қазіргі прозадағы аңыздық желі.

Ә.Кекілбаев. «Аңыздың ақыры» романы, тақырыбы, идеясы. Кейіпкер образын ашудағы жазушы тәсілі, психологизм. Аңыз және көркемдік шешім. Романдағы образдар жүйесі.

           О.Бөкей. Шығармашылық жолы. Жазушы шығармаларындағы еңбек адамдарының бейнесі. Туындыларындағы кейіпкердің ой-толғанысы, кейіпкер болмысын  табиғат суретімен астасып берілуі. Отан соғысы кезіндегі қара жұмыста болған адамдар еңбегінің бейнеленуі, тылдағы өмір шындығы. Характер сомдауы. Жазушының эстетикалық мұраты. Шығармаларындағы Жақсылық пен Жамандықтың арақатынасы. «Өз отыңды өшірме» романы. Ондағы рухани тазалық, жан сұлулығы мәселесі. Адам және оның тағдыры. Өмір шындығы. «Сайтан көпір», «Атау кере», «Мынау аппақ дүние», «Бәрі де майдан», «Құм мінезі», «Жетім бота», «Қайдасың, қасқа құлыным» т.б. повестері. Тақырып, идеясы. Образдар жүйесі. Жазушы шығармаларындағы мифтік сюжеттер мен бейнелер, шартты түрдегі симвлодық – аллегориялық бейнелер – бура мен кербұғы. «Атау кере» повесі. Жазушының «кемелденген социализм» тұсындағы «өркениеттің» адамзат болмысына, рухани, адамгершілік дамуына тигізген әсерін суреттеуі. Аспан шал, жетім бота, сайтан көпір, қар қызы т.б. моральдық-этикалық символдар арқылы ұлттық мінез-құлық, ұлттық сезім, көңіл-күй, мүдде мен қажеттілік, ұлттық талғам компоненттерін қиыстыру арқылы жазушының көркем әдебиетке ерекше құбылыс әкелуі. Жазушы шығармаларындағы ұлт тағдыры, ген тазалығы, халық болашағы мәселелері. О.Бөкей – драматург. Драмалық шығармаларындағы заман тынысы, адамгершілік мәселелері. Драмалық туындыларындағы ой тереңдігі, қиял сергектігі, суреткерлік ерекше қолтаңбасы.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Қазіргі прозадағы мифологизм мәселесі.

2. Қазіргі прозадағы аңыздық желі.

Әдебиет:

1.     Қазақ әдебиетінің тарихы, 8-10 томдар.-Алматы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 2000-2005 жж.
2.     Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы.- А.: Қазақ университеті, 2003.- 284 б.
  1. Оралхан: Естеліктер, эсселер, мақалалар.- А.: Өнер, 2000.- 320 б.
  2. Бітібаева Қ. 1960-98 жылдар әдебиетін оқыту (Қазақ әдебиетінен О.Бөкеев, М.Шаханов, Ж.Жақыпбаев шығармашылығын тереңдетіп оқыту) // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 1999, № 9, 28-31 б.
  3. Аймұқамбетова Ж.Ә. Миф дүниесі және О.Бөкейдің рухани әлемі. Оқу құралы.- Өскемен: ШҚМУ, 2000.- 127 б.

Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы