Скачать/Жүктеу
Лекция мақсаты: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин шығармаларының мәнін таныту.
Сұрақтар:
- С.Сейфуллин шығармашылығы
- Б.Майлин шығармашылығы
- І.Жансүгіров шығармашылығы
С.Сейфуллин (1894-1938). Оның қазақ кеңес әдебиетінің іргетасын қаласқан көшбасшы екендігі. Өмірбаясынан қысқаша мәлімет. Ақынның «Өткен күндер» жинағы. Алғашқы өлеңдеріндегі ағартушылық сарын және оның Абай дәстүрімен жалғастығы. «Асау тұлпар» атты екінші жинағы. Өзіне тән ақындық стилінің қалыптаса бастауы. Ақын поэзиясының тақырып, жанр жағынан байи түсуі. Поэзиясында махаббат, көңіл-күй лирикасының айрықша орын алуы. Осы тақырыптың «Күз», «Жазғытұры», «Жазғы дала», «Тау ішінді», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталуы. «Қызыл ат» поэмасында Қазақстандағы «кіші октябрьдің» авторы Голощекиннің қазақ халқын ашаршылыққа, бостандыққа ұшыратқан қанқұйлы саясатын символдық образдар арқылы ишарамен білдіруі. «Көкшетау» поэмасы. Шығарма оқұиғасының ел аузындағы аңыз-әңгімелермен сабақтастығы. Автордың Абылай хан образын сомдауға тек таптық тұрғыдан келіп, оны қатыгез, жексұрын етіп суреттеуі. Тұтқындағы қалмақ қызының, Адақ батырдың образдары. Поэмадағы гуманистік идеялар. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пъесалары және олардың қазақ драматургиясының туып, қалыптасуына ықпал-әсері. Тартысты нанымды құрудағы кейбір олқылықтар. «Тар жол, тайғақ кешу» романы. Шығарманың шежірелік, өмірбаяндық, публицистикалық сипаттары. Романдағы автор тұлғасы мен орта, заман, уақыт құбылыстарының диалектикалық бірлігі. «Айша» повесі. Шығармада махаббат, ар-ұждан бостандығы мәселелерінің қозғалуы. Айша бейнесі. Оның басқа әйелдер образынан айырмашылығы. «Жер қазғандар» повесі. Идеялық, көркемдік маңызы. Хикаядағы Гүлия-Бұзаубақ-Әзімхан линиясы арқылы жазушының адамгершілік мәселесін көтеруі.
Б.Майлин (1894-1938). Қазақ әдебиетінен алатын орны. Бейімбет поэзиясындағы ауыл кедейінің бейнесі. Мырқымбай образы арқылы автордың кедейлердің басынан кешкен бүкіл өмір тарихын, олардың сана-сезіміндегі жаңа өзгерістерді сипаттауы. Осы жүйелі ойлардың «Мырқымбай» атты көлемді поэмаға ұласып, біржолата түйінделуі. Ақынның лирикалық поэмалары. «Шұғаның белгісі» повесінің Бейімбеттің проза жанрындағы алғашқы шығарма екендігі. «Раушан — коммунист» повесі, «Азамат Азаматыч» романы. Драматургия жанрында өнімді еңбек етуі.
І.Жансүгіров (1894-1938). Өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет. Қазақ поэзиясында Абай дәстүрін ілгері дамыта отырып, табиғат көріністерін айшықтайтын өлеңдер жазуы. Өлеңдерінің бір саласы өнер тақырыбына арналғаны («Ән», «Әншіге» т.б.). «Дала» поэмасында қазақ халқының өткендегі тарихына батыл шолу саяхатын жасай отырып, кешегі заман мен бүгінгі өмірді салыстыра суреттеуі. «Күй», «Күйші» поэмаларында күй құдіретін, өнердің эстетикалық мәнін, сыры мен сипатын шабытпен өрнектеуі. «Құлагер» поэмасында ақын, әнші, композитор Ақан сері образын айшықтауы. Тарихи шындық пен көркемдік шындықтың диалектикалық бірлікте сипатталуы. Проза жанрындағы шығармалары. «Құқ» атты фелъетон жинағы. «Жолдастар» романы. Аудармалары.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
1. С.Сейфуллин шығармашылығы туралы айтыңыз.
2. І.Жансүгіров шығармашылығы туралы айтыңыз.
3. Б.Майлин шығармашылығы туралы айтыңыз.
Әдебиет:
- Сейфуллин С. Шығармалары. Бес томдық.-Алматы, 1986-1988
- Қирабаев С. Сейфуллин С. .-Алматы, 1962,1974
- Кәкәшев Т. С.Сейфуллин. Ғұмырнама..-Алматы, 1976
- Атымов М. Идея және композиция.-Алматы, 1970
- Жансүгіров І. Шығармалары. Бес томдық.ү-Алматы, 1986-1988
- Дүйсенов М. Жансүгіров І. – Алматы, 1965
- Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар.-Алматы, 1958
- Қаратаев М. Эпостан эпопеялар.-Алматы, 1969
- Майлин Б. Шығармалары. Бес томдық.-Алматы, 1986-1988
- Жармағанбетов Қ. Б.Майлин творчествасы.-Алматы, 1966
- Рүстембекова Р. Б.Майлиннің драматургиясы.-Алматы, 1969
- Нұрғалиев Р. Күретамыр.-Алматы, 12973