АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ


Скачать/Жүктеу

Көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан жерін мекендеуші халықтардың арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған, есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған.

Аңыз бойынша, Арыстан баб өте ұзақ жасаған екен. Алты жүз жасаған шағында Хз. Мұхаммед ғ.с.‐мен кездеседі. Оған дейін бұл кездесудің таудың арасында болатыны туралы түсінде әулиелер аян береді. Пайғамбар сол кездесуде Арыстан бабқа «алты жүз жылдан кейін өмірге Қожа Ахмет атты бір данышпан келеді, соған мына құрманың дәнін сен апарып бересің», - деп дәнді аманаттайды. Арыстан баб құрманың дәнін тілінің астында сақтайды. Аманатты табыс еткенде, бала Қожа Ахмет ол дәнді жұтып қояды. Арыстан баб балаға «Алты жүз жыл сақтағанда маған дәм татырмадың», — деп ренжиді. Сонда «Алты жүз жыл дәмін сорып, маған құр сүйегін ғана қалдырдың ғой», — депті Қожа Ахмет. Халық Арыстан бабқа  әулие деп сыйынған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Сондай‐ақ «Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб, Түркістанда түмен баб, ең үлкені – Арыстан баб» делінеді.

Арыстан баб кесенесі дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған. Мазар ХІV ғасырда қайта жөнделген. Осыған орай ел арасына тараған мынадай аңыз бар: «Қожа Ахмет кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз келіп, дуалдарды мүйізімен соғып, құлатып кетеді. Ғимараттың қабырғасы қайта тұрғызылып, күмбездері қалана бастағанда осы оқиға тағы қайталанып, құрылыс үйілген төбеге айналады. Бұл жай Әмір Темірді көп ойландырады. Бір күні түсіне ақ киімді шал еніп, ол Қожа Ахметтің алғашқы ұстазы Арыстан бабтың қабірінің үстіне мазар сал деп кеңес береді. Осы кеңес орындалған соң ғана, Әмір Темір Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі құрылысын ойдағыдай аяқтапты». Арыстан баб пен Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің арасы алпыс шақырым екен. Бұл –Арыстан бабтың аттаған алты адымы екен дейді аңыз.

Арыстан баб кесенесі ХХ ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен (ауданы – 35 х 12 м, биіктігі – 12 м,) бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделеді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген. Кесене мемлекеттің қорғауына алынған.

Ж.Әскербекқызы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы