Жаркент атты екі қала бар. Бірі Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесінде. Бұл көне қалалардың бірі болып саналады. Мұнда 1858 жылы белгілі құлжа сапарында Шоқан Уәлиханов болған. Бұрын да, қазір де Қытайдағы қазақ бауырларымыз тұрады.
Жаркент атты енді бір қала өз аумағымызда. Бұл 1891 жылы патша үкіметінің Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ережесі бойынша құрылған уез орталығы. 1910 жылғы дерек бойынша уезде 17 болысқа қараған 157 210 адам болған. 1918 жылы кеңес өкіметі орнағаннан кейін Жаркент уезі таратылып, Жетісу облысына қосылған.
Читать полностью »