ТАРИХ-И РАШИДИ


Скачать/Жүктеу

Көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, ақын, ғұлама ғалым М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты әлемге әйгілі еңбегі – XIV ғасырдан XVI ғасырдың орта кезеңіне дейін, яғни бірнеше ғасырды қамтитын энциклопедиялық сипаттағы еңбек. Бұл кітаптың жазылу мәдениеті, ғылыми маңызы, тың әрі бізге беймәлім деректерінің молдығы, этнографиялық, этникалық, географиялық, археологиялық мәліметтерінің сонылығы, тарихи оқиғаларды нақты әрі айқын баяндауы оқырманды да, зерттеушілерді де тәнті етеді. Дулати өзіне дейін Тұраннан шыққан тарихи тұлғаларды толық дерлік қамтыған. «Тарих-и рашиди» ақындық қуат, жазушылық шеберлікпен, көркем де айшықты тілмен жазылған мемуарлық туынды. Оқырман Орталық Азия мәдениеті, әдет-ғұрпы туралы танымдық мәліметтермен таныса алады. Европа жұртшылығы Мырза Хайдар шығармасымен бұдан 100 жылдан бұрын-ақ танысқан. Оның парсы тіліндегі аталмыш еңбегін ағылшын отаршылары Үндістаннан тауып, аударып, 1895 және 1898 жылдары Лондонда екі рет бастырған. Осы аударма Мырза Хайдар шығармасының әлемге таралуына кең жол ашты.

Ғалым мұрасын зерделеуге деген талпыныс бұрынғы Совет Одағы республикалары ішінде біздің елімізде де болмай қалған жоқ. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан 1941 жылы «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұдыз») журналында даңқты тарланбоз жайлы «Қазақтың тұңғыш тарихшысы» атты арнайы мақала жазып, халқымыздың тарихының тым тереңде екеніне көңіл аударған.

Д.Мәсімхан


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы