Өлім жазасы – заңға белгілі жазалардың ішіндегі ең қатал шарасы. Сонымен мұндай істер жөніндегі соттың қатесі үкім орындалып болғаннан кейін түзетілуі мүмкін емес. Сондықтан, адамның дұрыс сотталғандығының өте ұқыпты тексеру процедурасы көзделген және өлім жазасын басқа жазамен сот тәртібімен үкімді өзгерту жолымен, әлі де кешірім жасау арқылы ауыстыру мүмкіндіктері көзделген. Өлім жазасына сотталған, шығарылған үкімге шағым, арыз беруге құқығы бар. Тіпті арыз түспеген жағдайда да соттаудың дұрыстығын бақылау ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Бас Прокуратура тексереді. Олар өлім жазасының дұрыс қолданылғаны туралы өздерінің қорытындысын береді немесе үкімге қарсылық білдіреді. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталған Қазақстан Республикасның Президентіне кешірім жасау туралы өтініш жібереді.Егер ол кешірім сұраудан бас тартса, ол жөнінде тиісті акт жасалып, үкімнің көшірмесін, ұйғарымды және басқа керекті құжаттарды қосып, сотталғанның кешірім сұрау мәселесін қарау үшін Президент Апаратына жіберіледі.
Читать полностью »