Айыппұл түріндегі жазаны атқару жағдайлары мен тәртібі


Скачать/Жүктеу

Айыппұл ҚР ҚК – нің 40-бабында негізгі немесе қосымша жаза түрінде көрсетілген. Айыппұл деп заң белгіленген жағдайлары мен мөлшерінде соттың шешімімен салынып ақшалай өндіріліп алуын айтады. Айыппұл ҚР заңдарынан белгіленген жиырма бестен жиырма мың айлық есептік көрсеткіш есебімен немесе сотталғанның екі жетіден бір жылға дейін басқа кірісінен тағайындалады.

Айыппұл қосымша жаза ретінде заңда көрсетілген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін. Шартты соттау кезінде негізгі немесе қосымша жаза ретінде айыппұл түріндегі жазаны өтеуді тұрған жеріндегі немесе жұмыс істейтін орындағы немесе мүлігінің тұрған жеріндегі аудандық халық сотының жанындағы сот орындаушылары жүргізеді. Бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретіндегі айыппұл түріндегі жазаны өтеуді сотталғанның негізгі жазаны атқарып жүрген жеріндегі аудандық халық соттарының жанындағы сот орындаушылары жүргізеді.

Сот үкімін жариялағаннан кейін сотталғанға өз еркімен мемлекеттік жинақ банкісіне бір ай мерзімде айыппұл соммасын төлеуді міндеттейді, ал төлемеген жағдайда оған оны төлеуге мәжбүр етілетінін ескертеді.

Егер сотталғанның айыппұлды тез төлеуге жағдайы келмесе, ҚР заңдарына сәйкес айыппұлды төлеу ұзартылады немесе алты ай мерзімге дейін кейін қалдырылады.

Айыппұлды төлеуді ұзарту немесе кейінге қалдыру сотталғанның, оның қорғаушысының, сондай-ақ жақын туысқандарының сұрауы бойынша орын алуы мүмкін. Сот мұндай сұраудың себебін анықтауы тиіс: ауыр материалдық жағдайы, кішкентай балалар барлығы, сұрапыл апатқа ұшырауы т.б. сияқты. Сотталғанның дәлелдерін сот тексеруі тиіс. Сот орындаушысы өз бетімен үкімді орындауды ұзарта немесе кейінге қалдыра алмайды.

Егер айыппұл көрсетілген мерзімде өз бетімен төленбесе, онда айыппұл түріндегі жазаны орындау азаматтық сот жүргізу тәртібімен, сотталғанға берілген орындау парағы негізінде мәжбүр етіледі. Айыппұл сотталушының жеке мүлігінен немесе жалпы меншіктегі оның үлесінен өндіріліп алынады. Сот орындаушысы тиісті өндіріп алынатын айыппұл соммасының мөлшерінде мүліктің тізімін жасайды. Сотталғанның мүлігі жоқ болса, сондай-ақ мүлігі айыппұлына түгелдей өндіріп алуға жатпаса ғана оның еңбек ақысынан немесе басқа табысынан зейнетақысының немесе стипендиясынан ұстап қалынады.

Егер де төлеу мөлшері сотталғанның айлық еңбек ақысының немесе табысының, зейнетақы немесе стипендиясының 20% аспаса, онда мүлігінен ұстап қалынбайды. Айыппұл төлеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны үшін Заңмен жауапкершілік көрсетілген.

Негізгі жаза түрінде белгіленген айыппұлды төлеуден қасақана жалтарған жағдайда ол қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмысына немесе қамауға ауыстырылады. Түрлеріне байланысты ол мынандай есеппен – бір ай түзеу жұмысы, немесе 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту немесе айыппұл сомасының айлық-есептеу мөлшері көрсеткішінің 3 есесіне сәйкес 10 күнге қамау жүргізіледі, бірақ ҚР ҚК – нің 40-бабының 4-тармағында, 42, 43, 46-баптарда көрсетілген ережелер сақталуы тиіс.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы